Пәні: қазақ тілі | Күні: | Сыныбы: 10 (орыс тілді мектеп үшін)
|
Сабақтың тақырыбы | Қаныш Сәтбаев |
Сілтеме | Қазақ тілі. Орыс тілінде білім беретін мектептің 10 - сыныбына арналған оқулық ; Авторлары: Т.М.Артықова ,М.Боранбай Алматы «Атамұра» баспасы, 2014 жыл |
Мақсаты
| Мақсаты: Білімділік:көрнекті ғалым Қ.Сәтбаев туралы мағлұматтар жинақтап өз білімдерін жаңа ақпаратпен толытыру.Тақырып бойынша өтетін сөздер мен сөз тіркестерін меңгерту. Дамытушылық:оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдысын дамыту, сөздік қорын молайту, ой - өрісін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, ойларын еркін жеткізе білуге қалыптастыру Тәрбиелік: 1. Сабақ үстінде оқушыларды ұжымдық шығармашылыққа тәрбиелеу. 2. Қазақ халқының белгілі ғалымдары туралы мәліметтер бере отырып, атақты тұлғаларды құрмет тұтуға баулу
|
Күтілетін нәтижелер
| Топтық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, нені қалай оқу керектігіне өзіндік тиімділігі артады, диалогтік қарым-қатынаста тыңдау және сөйлеу әдебіне көңіл аударады, дарынды оқушыны үлгі етеді . |
Сабақтың түрі | Жаңа сабақ |
Пәнаралық байланыс | Тарих, география |
Қолданылатын әдістер | Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолданамын: қызығушылығын ояту, мағынаны ашу, БЛУМ таксономиясы. |
Керекті жабдықтар
| Оқулық, суреттер, грамматикалық кестелер |
Сабақтың барысы: |
Сабақ кезең дері | Уақыт
| Мұғалімәрекеті | Оқушы әрекеті |
Кіріспе
| 1 мин
3 мин | Ұйымдастыру Психологиялық ахуал туғызу Мұғалім оқушыларға бір-біріне тілек айтқызады: Кәне, достар, тұрайық. Шеңберімізді құрайық. Жақсы-жақсы тілектер Бір-бірімізге сыйлайық | Оқушылар қол ұстасып, бір-біріне жақсы тілектер білдіреді: «Бүгін мен саған сәттілік тілеймін, бес ал, жақсы жауап бер».
|
Тұсау кесер
| 2 мин | «Сыни тұрғыдан ойлау» арқылы жұмыс жүргізеді.Қ.Сәтбаев кім болған ? Қ.Сәтбаевтың өмірі мен еңбек жолы туралы не білесіңдер?
| Өз ойларын ортаға салады |
Негізгі бөлім
| 5 минут | Сөздік жұмысын жүргізу: Жаңа сөздер мен сөз тіркестерімен сөйлем құрау
| Сөздерді оқиды, сөз тіркестері, сөйлемдер құрстырады |
Түсіну
| 5 мин
|
Мақсаты:Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін қадағалау.1-тапсырма, мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап беру арқылы мәтіннің мағынасын түсіну | Оқулықпен жұмыс Мәтінді мәнерлеп оқу. Сұрақтарға құраңдар |
Қолдану
|
5 мин
|
Сөйлемдерді толықтыру | Тыңдайды, сұрақтарға жауап береді. |
Сергіту сәті
| 2 мин | Кәне, кәне, тұрайық! Алға, артқа бұрылайық. Ағаштар секілді тербелейік, Самал желдей соғайық. | Оқушыларға тілдерін жаттықтыру мақсатында, жалығып кетпес үшін сергіту сәтін жасату.
|
Талдау
| 8 мин | Мақсаты:Оқушының қиялдау дағдыларын жетілдіру 2-тапсырманы орындау
| Синквейн құрастырады. 1.Зат есім 2.Сын есім 3.Етістік 4.Фраза 5.Зат есімге синоним |
Жинақтау
| 5 мин | Мақсаты: Оқушылардың салыстыру және ажырата алуын қадағалау.
| Оқулықта берілген мақал-мәтелді оқиды |
Қорытынды Рефлексия | 6 мин |
Бүгінгі сабақ несімен ерекшеленді? Не білдім? | Не ұнады? | Сабақтан алған әсерім |
|
|
|