Сабақтың тақырыбы: | Fruits and vegetables (жемістер мен көкөністер) |
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: |
Жеміс және көкөніс туралы ұғымдарды анықтау, жемісжәне көкөніс атауларын, сөздік қорларын молайту, тілдерін байыту, ойын жинақтап жүйелі сөйлеуге үйрету, балалардың өз ойларын ашық айта білуге, суреттеп жеткізуге дағдыландыру. |
2. Дамытушылық: | Іскерліктерін және ауызша сөйлеу дағдыларын дамыту |
3. Тәрбиелік: | Ұжымда жұмыс істей білуге тәрбиелеу. |
Сабақтың түрі: | Пысықтау сабағы. |
Қолданылатын сөздік әдіс: | Сұрақ –жауап, слайд арқылы түсіндіру, көрсету. |
Көрнекіліктер: | Слайд, пломастерлер, мультимедия, карточкілер. Жеміс және көкөністер бейнеленген суреттер, компьютер, проектор, презентация |
Меңгерілетін сөздер: | Жемістер мен көкөністер |
Сабақ барысы
Мұғалім: Good morning, friends! Sit down.
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын. Жұмбақты шешу арқылы біз бүгінгі өткізілетін ашық сабағымыздың тақырыбын тауып аламыз.
Дайынсыңдар ма?
Іші толған шәрбат
Дәмі қандай айбат
Үзесің бірден жүзін
Оның аты…… /жүзім/
Әрі қызыл, әрі тәтті,
Татқан жанды таңырқатты. /алма/
Көкпеңбек еді көктемде
Қызарды күз жеткенде. /қызанақ/
Қалың киім ұнатады
Шешіндірсең жылатады. /пияз немесе жуа/
Көкөніс бұл қалаулы, жасамас онсыз палауды (сәбіз)
Әр желінің асты толған көк қоян,
7.Жаз болғанда көк қоянды жеп қоям. /қияр/
8. Аласа ғана бойы бар, қабат-қабат тоны бар (капуста)
9.Сырты жасыл қатты, Іші қызыл тәтті. (қарбыз)
Сонымен, балалар бүгінгі ашық сабағымыздың тақырыбы жемістер және көкөністер деп аталады. Жемістер бақта яғни ағашта, ал көкөністер бақшада өседі. Енді балалар мен сендерге бір ертегі айтып берейін.
Ерте, ерте , ертеде картоп ағашта өседі екен. Бір күні қатты жел болып, алыстан қара қоңыздар келіп, картопты талап жепті. Сөйтіп картоптың сырты тесіліп, қатты ауырыпты. Мұны күн төбеде көріп тұрып, картопты қатты аяпты. Содан ол картопқа жақын келіп, картоп саған не болды, мына түрің не деп сұрапты. Сонда картоп жылап қоя беріпті. Барлық жағдайын айтыпты. Содан күн егіншіні шақырып алып келер көктемнен бастап картопты жерге егуге пәрмен беріпті. Содан бастап, картоп жерде өсетін болыпты.
Жалпы жемістер мен көкөністер біріншіден дәрумен берсе, екіншіден тағам ретінде, ал үшіншіден дастарханға сән ретінде қоя аламыз. Жемістер мен көкөністердің құрамында көптеген дәрумендер бар. Сондықтан жемістер жеу керек.
Жаңа сөздермен таныстыру.
Ал, енді қазір жаңа сөздермен танысамыз, барлығымыз экранға қараймыз. Жаңа сөздерді қайталаймыз. Potato- картоп, carrot-сәбіз, tomato-қызанақ, , cucumber-қияр, onion –жуа, apple-алма, pear-алмұрт, oranqe-апельсин, banana –банан, qrapes-жүзім.
«Тиісті орынға сал» ойыны.
Балалар, бүгін бізге Маша қонаққа келді. Ол бізден көмек сұрап тұр. Ендеше біз Машаға көмектесейік. Олай болса Машаны тыңдайық.
Балалар экранда ағаш және жер бейнеленген. Сендерге тапсырма мына суреттерден жемістер мен көкөністерді ажыратып, тиісті орнына қоюымыз керек және аттарын атаймыз.
Балаларды бір-бірлеп шақырып, тапсырманы орындату.
Сергіту сәті. Экраннан балалар әнімен гимнастика жасайды.
«Тауып көр» ойыны. Балалар, мына қорап ішіне әртүрлі жеміс-жидектер бар, соларды көздеріңді жұмып тұрып, көкөністі бөлек себетке, жемісті бөлек себетке саламыз, ағылшынша атын атаймыз.
Қорытынды. Енді сабағымызды қорыта келе, қазір сендерге тапсырма берем, себеттерге жемістер мен көкөністерді бөліп, желіммен жабыстырамыз. Балалар тапсырманы орындайды. Тапсырманы тексеріп, бағалап, смайликтер арқылы баға қою және дәруменге бай алмаларды тарату.
Үйге тапсырма. Жемістер мен көкөністердің аттарын жаттау.
Балалар, осымен сабақ аяқталды.
The iesson is over
Good bye ch!
Good bye Th!
Қалалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы
АШЫҚ САБАҚ
Тақырыбы:
Fruits and vegetables
(жемістер мен көкөністер)
Орындаған: Мектепалды даярлық тобы
«Ағылшын тілі» пәнінің мұғалімі
Омаров Назбек
Қызылорда қаласы, 2016 жыл.