Доклад на тему Критериальное оценивание

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...






Баяндама тақырыбы:

«Ағылшын тілі сабағында критерийалды бағалау түрін қолдану арқылы оқушылардың өз бетімен білім алу дағдыларын қалыптастыру»

















Орындаған: Бақыт Нурмуханбетқызы Саврамбаева


Жұмыс орны: «№4 орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» мемлекеттік мекемесі, Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, Алматы облысы,

Іле ауданы.





Мазмұны

Кіріспе 2-3

Негізгі бөлім 4-7

Қорытынды 8

Қолданылған әдебиеттер тізімі 9

Қосымша 10-13

































Президентіміздің жолдауында: «Бәсекелестікке қабілетті ел болу үшін жоғары білімді ұлт болу қатежеттілігі- негізгі шарттардың бірі ретінде аталған». Бұл шарт өз кезегінде білім беру ұйымдары мен мектептерден оқыту үдерісін жүргізу барысында оқушылардың қажеттіліктерін ескеруді талап етеді. Әлем үнемі өзгеруде. Заманауй қоғамда өз орнын иеленіп, керекті жағдайда қажетті білім-білік дағдыларын өз бетімен тауып, игере алатын бейімделгіш, мүмкіншіліктерін толық жүзеге асыра алатын, жеке тұлға ретінде қалыптасқан азаматты тәрбиелеп, өсіру ұстаз қауымының басты міндеті. Ұсынылып отырған баяндаманың актуалдығы дәл осыда деп санаймын.

Бүгінгі таңда білім беру үдерісінің жеке тұлғаға бағытталуы, оқуға деген уәж мәселесі, оқушының даралығы жайлы көп айтылуда. Оқыту мен оқушының дамуы да үнемі өзгеруде. Білім алу барысында оқушының тек дайын берілген біліммен шектелмей, өз бетімен білім алуы, оқудағы жауапкершілікті сезінуі, оның өзін-өзі бақылап - бағалауы өте маңызды.

Аталған факторлардың талабына, қоғам талабына сай, оқушының жеке басының қабілеттерін, жас ерекшеліктерін ескеріп білім беру тәсілдерінің арасындағы ең тиімдісі - формативті бағалау түрі. Айтылған ойдың дәлелі ретінде келесі факторларды атап өтуге болады.

Дәстүрлі бағалау процессінде мұғалім оқушыға жауап бергені үшін немесе сабақ оқымағаны үшін баға қояды. Сонда оқушы қаншалықты әділ баға алғанын білмей, күмәнмен қарайды. Бағалаудың жаңа әдісінде оқушы бағаны қандай критерийлер бойынша алғанын, келесі сабақтарда қандай критерийлерге көңіл бөлу керектігін ұғынады, сол бағытта жұмыс жасайды.

Мұғалім сыныпта отырған балалардың бәріне бірдей білім береді, бірақ бір сыныпта отырып, бір мұғалім оқытып, бірдей білім алған оқушылырдың білімі ешқашан бірдей болмайды. Себебі, мұғалімнің түсіндіргенін әр оқушы әртүрлі қабылдайды, әр оқушының оқуға деген көзқарасы әртүрлі болып келеді. Оқуға қабілеті төмен оқушының, сабақ сайын қызығушылығы жоғалып, ынтасының төмендеуі заңды құбылыс. Бұл проблеманы да, формативті бағалау енгізу арқылы шешуге болады деп санаймын.

Формативті бағалау дегеніміз күнделікті қадағалау барысында оқушының білім сатысының қай деңгейінде тұрғаны жайлы, әсіресе оның мықты және әлсіз жақтары туралы ақпарат жинау.

Формативті бағалау түрін енгізген реформаторлардың іздегені екі сұраққа жауап еді.

1.Біздің балалар қаншалықты жақсы оқиды?

2. Мұғалімдер қаншалықты тиімді жұмыс жасайды?

Формативті бағалау түрлері сан алуан болғанымен, аталған сұрақтарға нақты жауап беретін формативті бағалау стратегияларының бірі- критерийлер арқылы бағалау.

- Критерийалды бағалау арқылы не бағаланады?

- Ол қандай мақсаттары көздейді?

- Критерийалды бағалаудың ерекшеліктері неде?

- Оны күнделікті тәжірибеде әр мұғалім қалай қолдана алады?

Практик-мұғалім ретінде критерийалды бағалауды өз тәжірибемде қалай қолданып келемін?

- Қандай өзгерістерді байқап, қандай нәтижеге жеттім?

Осы және тағы да басқа сұрақтарға жауап бермес бұрын критериалды бағалау деген не екенін анықтап алған абзал.

«Критериалды бағалау» деген не?

Критериалды бағалау-білім-білік дағдылары компоненттерінің түрлі бағыттары бойынша оқушының жетістіктерін бейнелейтін бағалау түрі. Пәндік критерийлер сол пәннің мақсатына, нақты бір сабақтың мақсатына бағытталады.

Критериалды бағалаудың мақсаты:

Әр оқушы алынған ақпаратты қаншалықты меңгергенін анықтау

Оқушының ізденіп, өз бетімен білім алуына ықпал ету

Әр оқушының білім-білік дағдыларын дамыту арқылы сынып бойынша, жалпы мектеп бойынша білім сапасын арттыру.

Мектеп бітірген әр оқушының білім-білік дағдыларын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру.

Критериалды бағалау ерекшеліктері:

Оқушының қобалжуы төмендейді

Мұғалім оқушының досына, әдіскеріне айналады

Мұғалім әр оқушы күнделікті материалды қаншалықты меңгеріп келе жатқанын қадағалап отырады.

Мұғалім мен оқушы арасында кері байланыс пайда болады

Оқушылар бірін бірі бағалау мүмкіншілігін алады.

Оқушыға өзін өзі бағалау мүмкіншілігі беріледі

Бағалау барысында әр оқушы өз кемшіліктерін анықтап, сол бағыт бойынша өз бетімен ізденіп, білім алуға тырысады

Баға критериалды жүйе арқылы әділ және анық қойылады

Оқушының оқу үлгерімі жоғарлайды

Критериалды бағалаудың негізгі ерекшелігі ретінде

оқушының сапалы білім алуына жағдай жасаумен қоса мұғалімнің сапалы білім беруге тырысуын атап өткен маңызды. Себебі, әр мұғалім оқушының жетістігі бойынша өз жетістігі мен кемшіліктерін анық байқай алады.

Критерийлер нақты жұмыстың орындалуына қойылатын нақты талаптар болғандықтан олардың орындалу деңгейі бойынша пәннің мақсатына жету деңгейі де анықталады.

Өз тәжірибемнен мысал келтіретін болсам, сыныптағы білім сапасы бірден күрт жоғары көтерілді деп айту қиын, бірақ менің сабағым оқушылар үшін мектептегі ең қызықты және маңызды сабақтың бірі, деп толық сеніммен айта аламын.

Сонымен қатар дұрыс құрастырылған критерийлерді қолдану арқылы, оқушылардың жұмыстарын өздеріне бағалату арқылы, жоғары жетістіктерге жету ұмтылысының пайда болуына әсер етуге болатынына көзім жетті.

Ағылшын тілі пәні бойынша критериалды бағалау келесі бөліктерден тұрады:

Оқығанның мағынасын түсініп, түрлі тапсырмалар орындау «А» -Оқылым

Естігеннің мағынасын түсініп, сұрақтарға жауап беру «В» -Тыңдалым

Грамматикалық және лексикалық тіркестерді жазба жұмыстар барысында қолдану «С»- Жазылым

Грамматикалық тіркестер мен меңгерілген лексиканы әңгіме барысында қолдану «D» Айтылым

Ендігі кезекте нақты мысалдар келтіру арқылы критериалды бағалау жүйесін әр бөлік бойынша қалай қолданып келе жатқанымды ұсынамын.

«A» бөлігі бойынша берілетін тапсырмалар үлгісі.

Оқылым 10-сынып

«A-1»

From the history of Canada.

Indians and Eskimos were the first settlers in Canada who came from Asia. Perhaps they crossed the narrow Bering Strait in boats. Some scientists say that they came when there was a land bridge between Asia and North America.

The Vikings came to North America about a thousand years ago. There are ruins of a Viking settlement in the northern part of Newfoundland.

After Christopher Columbus’s first voyage, the news of his discoveries reached many European countries. Kings and navigators began to dream of the riches just across the sea. One of these dreamers was also a very practical man. He was also a very practical man. He was a sea captain named John Cabot. In 1497 he decided to cross the sea in a boat with his son and seventeen other men. When they land, about seven weeks later they thought they had reached Asia. They returned home without gold. But during their voyage they found something equally important. It was fish in the waters to the South of Newfoundland. Fishing become the important industry of Canada.

Сұрақтарға жауап

  • How did Indians and Eskimos reach North America?

  • Where are the ruins of a Viking settlement?

  • Who decided to cross the sea in a boat to get gold and other riches?

  • Why did fishing become the first important industry in Canada?


«A-2» Мәтінді оқып, берілген сөздермен толықтыру

Teenagers, has not been used, effective, rubbish, bottles, members, a lot of children, rubbish, summer holidays.

Cleaning up Canal

Unemployed --------- from an English town have been cleaning up part of the local canal which ------------------- for a long time. The group has certainly been ----------. They have collected five tons of ---------- mostly old bicycle, car tires and ------- from the canal. One or the --------- of the group said. “We want the canal cleaned up because ---------- use it for swimming and it is dangerous with all ------- in it.” The group expect to finish the canal project by the end of June – in time for the -----------.

Оқылым бойынша бағалау критерийлері

Жетістік көрсеткіштері

Дескрипторлар

9-10

Оқушы 81-100% тапсырманы жылдам орындап, оқылған мәтінді толық түсінгенің көрсетті.

8-6

Оқушы 60-80% тапсырманы орындады, мәтіннің жалпы мағынасын түсінгенмен кейбір сәттерді дұрыс түсінбей қалған

5-4

Оқушы 40-60% тапсырманы орындады, маңызды ақпаратты тек жартылай түсінген.

1-3

Оқушы 20-30% тапсырманы орындады,мәтінді толық дұрыс түсінбеген.

0

Тапсырма орындалмаған


«B» бөлігі бойынша берілетін тапсырмалар үлгісі

Тыңдалым 9-сынып

Run That Body Down”

I went to my doctor\teacher yesterday,

She said I seem to be OK.

She said 'Paul, you'd better drive around\look around.

How long do you think that you can

Run that body down?

How many nights do you think

That you can do what you've been doing?

Now, who are you seeing\fooling?

I came back home and I went to bed

I was resting my feet\head

My wife came in and she said:

'What is wrong, sweet dreams\boy,

what is wrong?'

I told her what's wrong.

I said: 'Peg, you'd better look around.

How long do you think that you can

Run that body down?

How many nights do you think

That you can do what you've been doing?

Now, who are you seeing\fooling?

Kid, you'd better look around.

How long do you think that you can

Run that body down?

How many nights do you think that you can

Do what you've been doing?

Now, who are you seeing | fooling?


Тыңдалым бойынша бағалау критерийлері.

Бағалау критерийлері көп жағдайда алдын-ала құрастырылып, дауысталады. Критерийлерді оқушылар өздері құрастыруы мүмкін. Кейіннен іріктелген критерийлер бойынша топтар бірін-бірі, оқушылар бірін-бірі әр оқушы өзін-өзі бағалауына болады. Назар аударатыны оқушылар критерийлер құрастырмас бұрын оларды қалай құрастыру керек екенін үйренуі керек.

(тақырыптан ауытқымайтын, пәннің, нақты сабақтың мақсатына сәйкес, қол жетімді, ойды анық жеткізетін қысқа сөйлемдерден тұратын, критерийлер саны тым көп болмағаны дұрыс) Мұғалім оқушыларға критерийлерге қойылатын талаптар жайлы айтып, құрастыруға көмектеседі.

«С» бөлігі бойынша берілетін тапсырмалар үлгісі

Жазылым грамматикалық материал бойынша 7-сынып

Complete the sentences. Use was-were or was-wasn’t

  1. My aunt …... very depressed last Sunday.

  2. The weather…… terrible.

  3. It……cold and rainy.

  4. Her husband …..not at home.

  5. He…. at hospital, because he…..sick.

  6. Her children were not at home.

Complete the sentences with the form of Past Simple

7. Mr. Smith ……..(to fix) his car yesterday.

8. His wife …(to water) flowers in the garden.

9. Their children….(to clean) the yard.

10.Then they…..(to play) backetball.

11. She ( to bake) a delicious apple pie yesterday.

Complete the sentences with the form of Present Perfect Tense

12.She just ( to go) out.

13.She ( to leave) the room a moment ago.

14.We (not yet to solve) the problem.

15.Show me the dress which you ( to make)

16.The sun ( not to rise) yet.



Бағалау критерийлері

Жетістік көрсеткіштері

Дескрипторлар

0-5

Грамматикалық материал толық меңгерілмеген, дұрыс қолданылмаған. Келесі грамматикалық тіркестерді қайта қарап шығу қажет:

To be in the Past, Past Simple, Regular and Irregular Verbs, Present Perfect болымды және болымсыз түрлерінің жасалуы.

6-10

Грамматикалық тіркестерді қолдануда қателер жіберілген.

Келесі грамматикалық тіркестерді қайта қарап шығу ұсынылады: Present Perfect Tense болымды, болымсыз түрлерінің жасалу жолдары.

11-15

Лексикалық және грамматикалық материал түгелдей орынды қолданылған. Өткен материал бойынша білім жақсы.

Жазылым лексикалық материал бойынша 11-сынып.

Why is health above wealth?” тақырыбына шағын эссе жазу.

Жазылым бойынша бағалау критерийлері

Жетістік көрсеткіштері

Дескрипторлар

10 балл

Бөлім бойынша берілген лексикалық материал жақсы қолданылған. Сөйлемдер дұрыс құралған. Мәтіндегі сөйлемдер өзара логикалық байланысты. Мақалдың мағынасы ашылған, дәлелдеме ретінде нақты факторлар келтірілген. Автордың тәжірибесінен үзінді бар. Грамматикалық, лексикалық қателер аз.

6 балл

Мәтіндегі сөйлемдер дұрыс құрастырылған, өзара логикалық байланысты. Бөлім бойынша берілген лексикалық және грамматикалық материал жартылай қолданылған.Бірнеше грамматикалық, лексикалық қателер бар. Мақалдың мағынасы ашылған. Автордың тәжірибесінен мысал кетірілген.

4 балл

Мәтіндегі сөйлемдерді құрастыру барысында грамматикалық қателер жіберілген. Кейбір жерлерде логикалық байланыс жоқ. Бөлім бойынша берілген лексикалық материал тым аз қолданылған.

0 балл

Тапсырма орындалмаған.


Көрсетілген дескрипторлар бойынша тек мұғалім емес әр оқушылар да бірінің жұмысын екіншісі бағалай алады.

Критерий бойынша бағалау түрін қолдану барысында оқушылар арасындағы салыстыру жойылып, әр оқушы жеке дара тұлға ретінде қарастырылады.

Мысалы бірінші оқушы бір критерий бойынша жақсы көрсеткішке жетсе, екіншісі басқа критерий бойынша алға шығуы мүмкін.(3),(4), (5) оқитын оқушы деген өзімен жойылады.

Оқушыға белгілі бір критерий бойынша өзінің әлсіз жақтарын жоғары деңгейге жеткізу мүмкіншілігі беріледі.

«D» бөлігі бойынша берілетін тапсырмалар үлгісі

Айтылым 10- сынып

Жұпта диалог құрастыру

Nature of Almaty”

Are you superstitious?”

Айтылым бойынша бағалау критерийлері.

Жетістік көрсеткіштері

Дескрипторлар

5

Бөлім бойынша берілген лексикалық материал диалог барысында қолданылған. Сөйлемдер дұрыс құрастырылған. Жұпта әңгіме үйлесімді. Грамматикалық қателер жоқ.

4-3

Диалогтағы сөйлемдер дұрыс құрастырылған, өзара логикалық байланысты. Бөлім бойынша берілген лексикалық материал жартылай қолданылған. Бірнеше грамматикалық қателер бар.

2-1

Грамматикалық, лексикалы қателер көп. Бөлім бойынша берілген лексикалық материал қолданылмаған. Әңгіме аса қызық емес. Соңы аяқталмаған.

0

Тапсырма орындалмаған.

Критерий бойынша бағалау тек көрсетілген үлгіде емес жалпы қанадай да сабақтың мақсатына байланысты жасалуы мүмкін.

Осындай бір сабақтың үлгісі.

Қосымша №-1 Run That Body Down

Қосымша №-2 Сабақ үлгісі

Қосымша №-3 Listening to the text “ Medicine in the Past”

Қосымша №-4 Listening about health problems of MR Porker………

Қосымша №-5 Бағалау критерийлерінің үлгісі

Оқыту үдерісінің сәттілігі 5 шартқа тәуелді.

- Мұғалім мен оқушының арасындағы кері байланыстың орнатылуы.

- Оқушының өз бетімен білім алуға құштарлығы.

-Бағалау барысында алынған мәліметтерді интерпретациялау.

-Бағалаудың нәтижесі оқуға деген ынта мен оқушының өзін өзі бағалауына әсер ететінін түсіну. Оқушының өз білімін әділ бағалай білуі.

Бағалау ерекше сәтті шығады егер әр оқушы өз бағасына түсініктеме беріп, сабақта қалай жұмыс жасағаны, неге қол жеткізгені, неге жете алмағанын мойындап отырса. Көп оқушының бағалауы объективті болғанымен кейбір жағдайларда оқушы өзіне тым сыншыл көзқараспен қарайтын не болмаса бағаны көтермелеген жағдайлар да кезесіп жатады.Бұндай жағдайларда мұғалім ретінде оқушының бағасына түсініктеме беруді жөн санаймын.


Формативті бағалау нәтижесінде

Оқушылар тек жауап берумен шектелмей, сұрақтарды жиі қоя бастайды.

Оқушы мен мұғалімнің арасында міндетті кері байланыс орнатылады.

Оқушылар оқыту үдерісіне қатысады

Оқушының сапалы білім алуына тек мұғалім емес оқушының өзі де жауапты екенін көреді.

Алынған білімнің өмірде қалай қолданылатыны жайлы ойлану барысында баланың функционалды сауаттылығы артады.

Жалпы мектепішілік нәтиже жақсарады.

Оқыту үдерісі, оқу нәтижесі жақсарады, яғни формативті бағалау әсерінен суммативті бағалау өзгереді.

Формативті бағалау мен суммативті бағалау айырмашылығы.

Егер біз оқушыларымызды бақшадағы өсімдіктер ретінде елестетсек онда...

Формативті бағалау өсімдіктердің қажеттілігіне сәйкес суарып, керекті тыңайтқыштармен нәрлендіру, оның өсіп, өнуіне ықпал ету нәтижесінде алынған бағалау.

Өз кезегінде суммативті бағалау дегеніміз еш әсерсіз, тек оқушының бойындағы өзгерістерді бағалау.

Қорытындылай келе критериалды бағалауды күнделікті тәжірибесіне енгізу арқылы әр ұстаз оқушыға сапалы білім беруі мен қатар, өзінің де тәжірибелік шеберлігін арттырып отыратынын байқауға болады. Себебі, ол үнемі ізденісте.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Herbert Puchta and Jeff Stranks. English in Mind – England: «Кембридж», 2013.

  2. «English» 10- сынып оқулығы -«Мектеп» 2006.

  3. «English» 11- сынып оқулығы-«Мектеп» 2011.

  4. «Ағылшын тілі мектепте» Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал №11, 2013ж.

  5. «Методика преподавания в школе, колледже и ВУЗ-е» Республиканский научно-методический журнал №6, 2013.

  6. Ағылшын тілі оқыту әдістемесі 10-сынып. Алматы «Атамұра» 2006ж. Авторлары: Т.Аяпова., З.Садуакасова.


Қосымша №-1 Run That Body Down


Run That Body Down

(Paul Simon)

I went to my doctor\teacher yesterday,

She said I seem to be OK.

She said 'Paul, you'd better drive around\look around.

How long do you think that you can

Run that body down?

How many nights do you think

That you can do what you've been doing?

Now, who are you seeing\fooling?

I came back home and I went to bed

I was resting my feet\head

My wife came in and she said:

'What is wrong, sweet dreams\boy, what is wrong?'

I told her what's wrong.

I said: 'Peg, you'd better look around.

How long do you think that you can

Run that body down?

How many nights do you think

That you can do what you've been doing?

Now, who are you seeing\fooling?

Kid, you'd better look around.

How long do you think that you can

Run that body down?

How many nights do you think that you can

Do what you've been doing?

Now, who are you seeing | fooling?

Қосымша №-2 Сабақ үлгісі

Form-9

The theme: Medicine

The aims: 1.To enrich pupils’ knowledge with new words.

2. The formation of pupils’ grammatical and lexical knowledge and

habits in oral speech.

3. To cause the wish to lead healthy life and speak English

The type of the lesson: New lesson

The kind of the lesson: Traditional lesson

Visual aids: Interactive blackboard, grammatical and vocabulary cards.

Procedure of the lesson.

I. Organization moment.

The words of greeting.

II. Comprehensive checking of the knowledge

Comprehension of the last lesson’s theme.

III. Introduction of the theme and aim of the lesson.

Our today lesson’s theme is “Medicine”

The aim of the lesson

-As usually we shall get acquainted with a lot of new words and expressions, with grammar material.

-We shall speak English, listen to English speech, read in English. In one word we shall develop our English abilities.

-More over the lesson will help you to understand the meaning of the proverb “Good health is above wealth”

IV Explanation of the new material

V Checking of the understanding

VI Consolidation of the new material

Bloom taxonomy

  1. Knowledge - Білу

Introduction of the new words and grammatical material

A visit to the doctor- дәрігердің қабылдауында

Toothache- тіс ауыру

backache- бел ауыру

baldness- шаш түсу

scrofula- бөріткен

ambulance- жедел жәрдем

patient- ем қабылдаушы

epidemic- қатерлі індеттің жайылуы

vaccination- ауыруға қарсы егу

surgeon- хирург

injection- укол салу

antiseptic- дезинфекциялаушы дәрі

needle- ине

liquid- сұйық зат

operate- операция жасау

decease- ауыру, сырқат

Defending Relative Clauses-Анықтауыш бағыныңқы сөйлемдер

Who- Который - адамдарға

That- Который адамдарға және заттарға

Which- Который -заттарға

Where- Где

When- Когда

Whose- Чей

Who= That

I know the man, who lives in King Street

=

I know the man, that lives in King Street

Я знаю человека, который живет на King Street

Мен King Street көшесінде тұратын адамды білемін

Eгер орыс тіліне аударсақ сөзбе сөз аудармасы шығып тұр, қазақ тіліне аударғанда тек мағынасы бойынша аудара аламыз. Сол себепті сіздерге екі тілді аудармасы бірден берілген.

Which=That

It is a ladder, which was made by my uncle

=

It is a ladder, that was made by my uncle

Эта лестница была сделана моим дядей

Бұл менің ағам жасаған баспалдақ

Where-

Abigail sold the house where she lived 3 years ago

Abigail продала дом, где она жила 3 года назад

Abigail 3 жыл бұрын тұрған үйін сатып жіберді.

When-

You will understand English Speech better, if you begin to listen to the disks taken from the library.

Ты будешь понимать английскую речь лучше, когда начнешь слушать диски, взятые из библиотеки.

Сен ағылшын тілін жақсырақ түсіне бастайсың, егер кітапханадан алынған дискілерді тыңдасаң.

2. Comprehension – Understanding -Түсіну

Reading

Read the text with given new words and match each picture with a paragraph.

Қосымша №-3

Listening

Now we shall listen to the text and write True -False- Not enough information for the given sentences

  1. Application- Қолдану

Grammar material. Circle the correct words.

Lexical material. Match the parts of the sentences to complete the definitions.

4. Analysis

Different illnesses have different simptoms. For example if we have the flu we cough, sneeze, have a temperature and so on.

Now look at the pictures and match the pictures with the sentences

1-2-3-4 5-6-7-8

Қосымша №-4

Listening

Now listen to the record and try to understand what problem has

Mr Parker ---------Mrs Jones-------- Mr Jonson-------Mrs Smith

5. Synthesis

There is an English proverb “Good heath is above wealth” How do you understand this proverb? How can it be translated? Do you know any proverbs in Russian or in Kazakh about health and healthy life?

Pupils' proverbs

6. Appreciation

VII. Explanation of the home task

To write a short essay “ Why health is above wealth”

It is time to give you marks. That is why I ask you to help me, giving marks to yourself.

Take the papers before, read them an give some information that will help me to give you your real marks

Қосымша №-5

Бағалау критерийлері

Тақырып: Медицина

Өту мерзімі: 05.03.2014.

Сынып: 9-Е

Оқушының аты: Жанна

Жалпы жинаған баллдар саны: 31

Мазмұны

1

2

3

4

5

1

Ауыру түрлерін оқығанда түсінемін





+

2

Ауыру түрлерін естігенде түсінемін




+


3

Мәтінді оқимын




+


4

Берілген мәтінді аудара аламын





+

5

Берілген мәтінді естігенде түсінемін



+



6

Грамматикалық материалды түсіндім





+

7

Грамматикалық материалмен мысалдар келтіре аламын



+



8

Тақырып бойынша диалогкке түсе аламын



+



9

Тақырып бойынша өз бетіммен сөйлем құрастыра аламын




+






































13