[pic]
Сабақтың тақырыбы: Бұйрықты сөйлем
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Бұйрықты сөйлем туралы түсінік беру, олардың грамматикалық белгілерін меңгерту, меңгерілген теориялық материалдарды қайта жаңғырту.
Дамытушылық: Өз бетінше ізденуге, ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету, өз ойын еркін жеткізуге баулу, жылдам жауап беруге жаттықтыру.
Тәрбиелік: Оқушылардың рухани байлығын қалыптастыру, адамгершілікке тәрбиелеу. Өзін-өзі басқара білуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: танымдылық
Сабақтың әдісі:ізденушілік, талдау, пікірлесу, зерделеу
Көрнекілік: тірек-сызбалар
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Оқушыларды түгендеу, сынып тазалығын назарда ұстау
Үй тапсырмасын сұрау:тапсырманың атауы: «Жылдар сөйлейді» 1938,1803, 1894, 1991, 2011....
Мақсаты:
- Оқушылардың лепті, сұраулы, хабарлы сөйлем түрлері бойынша меңгерген білімдерін саралау;
- Оқушылардың көп тіл білетіндерін байқау;
- Пәнаралық байланысты нығайту;
Шарты:
Оқушылар берілген жылдарға қарап сөйлемдер құрастыру;
Сөйлемдердің айтылу мақсатына қарай бөлінуін табу;
Сөйлемдерді орыс, ағылшын тілдеріне аудару;
Құрастырылған сөйлемдер тарих, әдебиет, жаратылыстану ғылымдарымен байланысты болуы қажет.
Жаңа сабақ:
Ерекшелігі:
Берілген сөйлемдердің мағыналарын ашу арқылы оқушылар бұйрықты сөйлемнің мәнін ашып айтады.
Тиімділігі:
Жүр, тез аяғыңды бас!
Бұны оған айтпа!
Тыныш отыр!
Бізбен бірге жүрсеңші!
Дұшпанға тастай қатты бол, досыңа балдай тәтті бол! (мақал)
Түндікті жауып, есікті түріп қойшы!
Жырлай-жырлай өлгенде арттағыға сөз қалсын!
Оқушылар түйіні: Бұйрықты сөйлемдер 2-жаққа не 3-жаққа бұйыруды, іске қосуды, кеңес беруді, жалынуды, тілек-өтінішті білдіреді.
Мұғалімнің қорытуы Тірек сызбалар арқылы оқушылар білімін нақтылап,ғылымиландыру керек.
[pic]
[pic]
3.Тыныс белгісі
Бұйрықты сөйлем бірде хабарлы сөйлемге жуық интонациямен,бірде лептік интонациямен айтылады.
-Соған байланысты леп белгісі не нүкте қойылады
Жаңа сабақты бекіту.
Мына суреттерге қараймыз. Бұл суреттерге қарап, қандай тыйым сөздер айтуға болады? (Оқушылар суреттерге байланысты тыйым сөздерді атайды, мағынасын түсіндіріп тұрамын) Тыйым сөздердің бұйрықты сөйлемдерге жататынын түсіндіру. Ауызша.
[pic]
[pic] [pic]
Тізеңді құшақтама. Нанды жерге тастама Жағыңды таянба
[pic] [pic]
[pic]
Есікті керме Беліңді таянба Бетіңді баспа
Тыйым дегенді “мынау жаман”, “ескіліктің қалдығы” деп түсінбеген жөн. Біздің ата-бабаларымыз ғасырлар бойы осы тыйым сөзбен балаларын тәрбиелеп отырған. Ол әшейін жай ғана “сөйтпе-бүйтпе” емес, оның әрқайсысының астарлы мағынасы бар.
Неге есікті керме дейді?
Есікті керсе, үйден береке кетеді.(берекесі кету – ұрыс, жанжал)
Неге сүтті төгуге болмайды?
Сүт төксең, ырысың төгіледі.(ырысы төгілу - жоқшылық)
Неге өтірік жылама дейді?
Өтірік жыласа, жаман болады.(жаман болады - қайғы)
Ойланайық: ұрыс, жанжал, жоқшылық, қайғы
- Бұның барлығы жақсылық па, жамандық па?
- Жамандық.
- Дұрыс. Сондықтан да оларды жасауға болмайтындықтан, бұл сөздер тыйым сөздер деп аталады.
Оқулықпен жұмыс 28-жаттығу
Жырды мәнерлеп оқу .Көшіріп жазу.
Не істеуге бұйырып тұрғанын барыс септіктегі бірыңғай сөздермен жеткізу
. Тыныс белгілерге назар аудару,қойылу себебін түсіндіру.
Ситуациялық жағдай: «Тығырыққа тірелгенде».Жауап бұйрықты сөйлем арқылы берілу керек.
Сынып жетекшіңіз тез келсін деп шақырды. Жүгіріп келсеңіз ашуланып тұрған сынып жетекшіңіз сіз мүлде ұқпайтын бір оқиға туралы сізге ұрса жөнелді. Сіз не істейсіз?
Қоңыраудан соң сыныпқа кірсең сөмкеңдегі ұялы телефоның жоғалған. Өз сыныбыңыз 10-сынып. Қоңырауда тастап кеткен өзіңіз. Сіз сыныпқа кіргенде ешкім жоқ. Не істейсіз?
3.Сіз жайбарақат сабақ жазып отырсыз. Сабаққа сирек келетін оқушының бірі әй-шәй жоқ ентелеп келіп, үшінші партада отыған сізге келіп жағаңыздан алып жанжалдаса бастады. Сіздің реакцияңыз.....
Семантикалық карта:
Оқушыларды бағалау:
- Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды дәстүрлі бағалау жүйесімен бағалау.
Үйге тапсырма беру:
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған жырларды жинастыру.
Жыр құрамында бұйрықты сөйлемдер болуы керек.