Орал қ.
№34 А.Тайманов ат. мектеп-гимназиясы
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
А.Ж.Утегалиева
Сыныбы:5
Сабақтың тақырыбы: Зәмзәм
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушыларға Зәмзәм туралы мәлімет беру,
2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа, ұлтжандылыққа баулу.
3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пікірлесу, мәнерлеп оқу дағдыларын арттыру.
Сабақтың типі: аралас сабағы.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:1.Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Смайыл туралы түсінік. Сызба бойынша топтық жұмыс «а» деңгейі
«в» деңгейі
Әңгімеге жоспар құру,
РАФТ Кейіпкерлерге хат«с» деңгейі: Кейіпкерлер арқылы шығармадан қандай ой түйдік?
Жаңа тақырыпты түсіндіру:Зәмзәм
I Ой қозғау:
1 Басқа түскен қиындықтарды өтпелі деп қарауға бола ма?
2 «Зәмзәм» сөзінің беретін мағынасы қандай?
(Оқушылардың ықтимал жауаптары)
II Мағынаны таныту:
Оқулықпен жұмыс: «Тізбектен шығып қалма» мәтінді мәнерлеп оқу
1 Ажар ананың зары- Оқиғаның шиеленісуі
2 Баланың өкшесінің астынан шыққан су-Оқиғаның шарықтау шегі
3 Алланың шексіз мейірімі -Ойтүйін: Жазықсыз ана мен пәк сәби жаратушы назарында
III Ой қорыту:
1 Ана туралы мақал-мәтел жазу«а» деңгейі
2. Мәтіннен тұрақты тіркестерді теріп жазу«в» деңгейі
«Дүниеда ана махаббатына шек жоқ» ойтолғау жазу«с» деңгейі
Үйге: «Зәмзәм» түсінгенін айту, мәтін мазмұны бойынша сурет салып келу