Статья на казахском языке

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Ағылшын тілін қазақ тілімен салыстыра оқытудың тиімді жолдары

Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі, яғни қазақ баласына  ананың сүтімен сіңген тіл.Сондықтан қазақ тілін білу әрбір қазақ болып туылған азаматтың борышы, міндеті. Ал ағылшын тілін білу-заман талабы. Ағылшын тілі интернет тілі, компьютер тілі. Сондықтан әрбір білімді ұрпақ қазақ тілімен қатар ағылшын тілін білуі, үйренуі керек. Ал шет тілін меңгеру үшін өз ана тіліне сүйенген жөн.

Көптілділік үкімет, елбасы қойып отырған талаптың бірі. Бұл мемлекеттік тіл саясатының негізгі басымдықтарының бірі. Білім берудегі мақсат тек білімді кәсіби мамандандырылған адам дайындау ғана емес, рухани дүниесі бай және адамгершілігі зор, қоғамдық өмірдің барлық аясында ұлттық құндылықтарды бағалауға және дамытуға қабілетті тұлғаны қалыптастыру керек екенін баса айтқан жөн. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 29 қаңтар 2011 жыл Қазақстан халқына жолдауында «Мен қазіргі заманғы қазақстандықтар үшін үш тілді білу әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты екендігін айтып келемін. Сондықтан 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін тұрғындар саны кемінде 20 пайызды құрауы тиіс деп есептеймін»- деді.
Осы көптілділікті дамыту барысында біршама жұмыстар білім саласында атқарылып жатыр. Болашақ жастарды оқыту, тәрбие беру, қазіргі өмір ағысына бейімдеу ұстаз алдында тұрған басты міндет. Шет тілін үйрету қиындығы мол, күрделі, маңызды міндет. Шәкірттерге үйретіп қана қоймай, үйренгендерін тиімді пайдалануға бағыттау. Тілді меңгерудегі ең маңыздысы – лексика. Лексиканы біліп, қолдана білген сөйлеуші, грамматикалық қате жіберсе де қатынас жасай алады. Сол лексиканы меңгерту барысында үйретуші қазақ тілінің лексикасымен салыстыра отырып үйретсе, үйренушінің есінде жақсы сақталады деп ойлаймын. Грамматиканы үйрету барысында екі тілдің ұқсас жерлерінен мысал келтіріп, айырмашылықтарына тоқталу қажет. Немесе сабақ уақытындағы болып жатқан ауа-райының өзгерісіне, оқушылардың өз өмірінде болып жатқан жағдайларына мысал келтірген жөн.

Фразеологизмдерден мысал келтіре отырып, олардың аудармасын қазақ тіліндегі фразеологизмдермен салыстыра оқытудың өз тиімділігі бар. Мысалы “Fish, begins to stink at the head” –«балық басынан шіриді», “Nothing is stolen without hands” – «Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды». Немесе мақал-мәтелдер арқылы есте сақтауға болады: “All that glitters is not gold” – «Жылтырағанның бәрі алтын емес».

Айырмашылық туралы айтатын болсақ ол қазақ тілі мен ағылшын тіліндег сөз тәртібі. Қазақ тілінде сөз тәртібіне үлкен мән берілген, мысалға жай хабарлы сөйлемдерді алар болсақ сөйлемде бастауыш көп жағдайларда бірінше орында тұрған болса, етістік соңғы орында. Ағылшын тілінің сөйлемдеріне келер болсақ көп жағдайларда бастауыш бірінше орында, етістік екінші орында тұруы тиіс, алайда ол сөз тәртібі де кей жағдайларда өзгеріп отырады.

Қазақ тілді ортада шетел тілін оқытудың заманына сай көрнекі құралдары, мультимедиялық құралдары өз дәрежесінде пайдалануға үлкен мән берген дұрыс. Қазіргі таңда тіл үйрету саласында жаңа ақпараттық – танымдық технологияларды қолдану қажеттігі бүкіл әлемнің білім беру жүйесінде өзекті мәселелердің біріне айналды. Ақпараттық құралдарды пайдалана отырып, қазақ тілімен қатар шетел тілін үйретуді бірнеше әдіс-тәсілдермен жүзеге асыруға болады.




























Ағылшын тілін қазақ тілімен салыстыра оқыту

Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту мен тәрбиелеудегі ең озық, тиімді әдістерін тәжірибелерін жалғастырып тың жаңалықтар іздеу, классикалық педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту қашанда жалғаса бермек. Қазіргі таңда жеке тұлғаны қалыптастыру оқушының өзі арқылы, оның іс - әрекетін ұйымдастыру арқылы ойлау дағдыларын дамыта отырып жүзеге асырылады. Білім - жолы қиында қастерлі жол. Болашақ жастарды оқыту, тәрбие беру, қазіргі өмір ағысына бейімдеу ұстаз алдында тұрған ең басты міндет. Қазіргі заманғы білім беру жүйесі оқытудың инновациялық нысандары мен әдістерін енгізу педагог қызметкерлердің тұлғасына кәсіби құзыреттілігіне жоғары талаптар қоюда. «Кәсіби құзыреттілік - жеке тұлғаның кәсіби іс - әрекетті атқаруға теориялық және практикалық әзірлігімен қабілеттілігінің бірлігі».

Білім берудегі мақсат тек білімді кәсіби мамандандырылған адам дайындау ғана емес, рухани дүниесі бай және адамгершілігі зор, қоғамдық өмірдің барлық аясында ұлттық құндылықтарды бағалауға және дамытуға қабілетті тұлғаны қалыптастыру керек екенін баса айтқан жөн. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 29 қаңтар 2011 жыл Қазақстан халқына жолдауында «Мен қазіргі заманғы қазақстандықтар үшін үш тілді білу әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты еккендігін айтып келемін. Сондықтан 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін тұрғындар саны кемінде 20 пайызды құрауы тиіс деп есептеймін»- деді.

Олай болса, оқушыны ағылшын пәніне қызығушылығын тудырып дамытуды және жемістің нәтижесін көруді мақсат тұтқан әрбір мұғалім жолдауға жедел үн қосу керек деп білемін. Шетел тілін үйрету қиын да, қызықты жұмыс. Қазіргі кезде ұстаздарға қойылып отырған талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып сапалы терең білім беру,

жұмыс. Қазіргі кезде ұстаздарға қойылып отырған талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып сапалы терең білім беру, оқушылардың ойлау, есте сақтау көру қабілеттерін жетілдіру. Мектептерде жаңа технологиялар арқылы оқыту шет тілін үйренудің сапасы мен маңызын арттырады. Шет тілін оқыту процесінде тілді дұрыс үйрету ауызша сөйлеу, сауатты жазу, мәнерлеп оқыту өте маңызды. Қазіргі кезеңде мектептерде ағылшын тілін оқыту дұрыс жолға қойылған. Оқушылардың ағылшын тілін біліп ғана қоймай, оның тарихын, ұлттық мәдениетін білуге көп көңіл бөлінеді. Шетел тілін оқытудағы білімділік мақсаты - шетел тілінде сөйлеуді үйрету, байланыста бола алу мен ортақ тіл табысып, қарым - қатынасты нығайтуға ұмтылу болса, тәрбиелік мақсаты - өзге адамдарды тыңдау мәдениетін қалыптастыру негізінде өз пікірін айта алу және қорғауға үйрету.

Перейти на сайт

На правах рекламы


Ұстаз шеберлігінің өзегі – тіл байлығымызды дәлірек айтсақ, ойды жүйелеуге қажет сөздік қорының деңгейімен және сөйлеу мәдениетіміз бен сабақтас екендігін байқар едік. Ол үшін ұстаз біріншіден, өзі еркін білетін тілде дәріс беру шарт. Екінші шарт - шәкірт түсінікті тілде сабақ алуы қажет. Демек түсінікті тілде білім беру кәсіби біліктілікті қалыптастырудың қағидалық аксиомасы екендігін әр кез басшылыққа алуға тиістіміз. Шетел тілдері сөздерінің мағынасын түсіндіру мәселесі туралы ғалымдар пікірі 2 топқа бөлінеді.
Бірі ана тілін мүлде қолданбау керек(И. Е. Аничков), олар шетел тілін оқытуды ана тіліне сүйеніп, шетел тілінде сөйлеу дағдыларына нұқсан келтіреді десе, енді біреулері (Л. В. Щерба, Т. Ф. Лапангова) керісінше ана тілінің интерференциясын азайтуға болатынын дәлелдеген. Шетел тілін меңгеру дағдысын қалыптастыруда ана тілін мүлде аластау арқылы емес, ана тілінің интервенциялық ықпалы арнайы әдіс - тәсілдердің көмегі мен жеңген дұрыс, деген пікір айтады. Ағылшын тілін үйрету мынадай тіл дамыту жұмыстары бойынша жүзеге асады. 1. Лексикалық жұмыс.
2. Граматикалық жұмыс.
3. Фонеткалық жұмыс.
Тілді меңгеруде ең маңыздысы – лексика. Басқа білім салаларының ішінде лексиканың бірінші орын алу себебі мынада кейбір сөйлеушінің сөзінде граматикалық қателер кездескенімен адамдар арасында қатынас болуы мүмкін. Айтушының не айтқысы келгенін тыңдаушы түсінеді. Лексиканы меңгеру үшін түрлі әдіс - тәсілдер пайдаланылады. Нақты мағыналы сөздерді суреттер, зат, макет арқылы түсіндірген жөн. Абстрактілі мағыналы сөзді түсіндіру үшін аударманы қолдану және тіл көрнекілігі арқылы түсіндіру қажет. Ал тіл көрнекілігі дегеніміз – сөздің мағынасын контекст арқылы, синонимдер мен антонимдер, сөздің құрамдас бөліктерін талдау арқылы түсіндіру. Контексттерде грамматикалық құрылым, ондағы жаңа сөзбен басқа сөздердің барлығы оқушыларға бұрыннан таныс болуы қажет. Сонда оқушының назары жаңа сөздерге аударылады.
Яғни граматикалық материалды түсіндіруде қазақша мысал келтіріп, берілген мысалды ағылшынға аударып, екі тілдегі ұқсастық пен айырмашылықтарға тоқталамын. Содан кейін ағылшын тілінде жасалу жолын(ерекшелігін түсіндіріп өтетін граматикалық материалды бекіту үшін, практикалық жаттығулар көп жасалу керек, мүмкін болса, көбіне оқушылардың өз өміріне байланысты мысалдар келтірген жөн. Оқушыларды міндетті түрде сұрақ қоюға, сұраққа жауап беруге үйрету керек, бірақ ол жаттанды түрде болмауы тиіс. Әсіресе, төменгі сынып оқушыларына сұрақ қою кезінде өзімнің қолданатын әдісіме тоқтала кетейін:
Who? What do(ing)? Where? When?
Мысал: The children are playing in the yard now. – деген сөйлемді алатын болсақ, сөйлемдегі әр сөзге қойылатын арнаулы сұрақтарын анықтап алған жөн. Сонда оқушылар сөйлемдегі артикльдің, жалғаудың көмекші етістіктің орнын ауыстырып алмайды. Қысқасы, грамматикалық материалды өткенде, негізінен, ана тілімен салыстыра түсіндірген тиімді, оның ана тіліндегі біліміне сүйенген жөн. Оқушы бұл тілдердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын жете білгенде ғана, ол тілді дұрыс та, тез игере алады. Демек шетел тілін оқыту барысында оқушыларды тілдік материалмен таныстырып қана қою жеткіліксіз, оларға оның қалай қолданылатынын көрсетіп, дұрыс айтуға, жазуға, оқуға дағдыландырып төселдіру керек. Ол үшін мен оқушыларға фонетикалық жаттығулар жасатамын. Фонетикалық материалды меңгерту үшін, фонетикалық дағдыларды қалыптастыру және жетілдіру үшін жаңылтпаштар, тақпақтар, өлеңдер жаттатамын. Алғашқы кезде кейбір ұқсастау дыбыстардың айтылуына мән беремін Мысалы, know - білу. now - қазір mouth - ауыз. mouse - тышқан. Т. б

Қазақстан Республикасының «Білім туралы»заңында еліміздің білім беру жүйесінің басты міндеттемелері атап көрсетілген. Соның бірі - білім беру жүйесіне оқытудың жаңа технологиясын енгізу. Осы бағытта оқушылардың ой - өрісі мен дүние танымын кеңейтіп, білім аясының мейлінше өсуіне оқушылардың қабілетіне қарай саралап оқытудың ықпалы зор. Мен өз тәжірибем арқылы сыныптағы оқушылардың білім дәрежесіне қарай топтап оқытудың нәтижелі болатындығына, балалардың сабаққа деген ынтасы, белсенділігі арта түсетініне анық көзім жетіп келеді. Ол үшін сыныптағы оқушыларды білім дәрежесіне қарай 3 топқа бөлемін. Яғни білім толық беске оқитындар – үздік топ, екінші топ - төрттіктер, үшінші топ - үштіктер.

Топқа бөлмес бұрын оқушылардың білім дәрежесі қалай бағалануы керек екендігін түсіндіремін. Яғни «5»бағасын алатын оқушылар өз бетінше ізденіп, оқулық пен қатар қосымша әдебиеттер мен жұмыс істеуі керек, ал төрттіктер газет, журнал материалдары мен өз білімін ұштастыра отырып оқулықпен сабақтастыруы шарт, ал оқулық материалын толық меңгеріп, ойын толық жеткізуге шамасы келмесе, қосымша материалдармен ұштастыра алмаса, онда ол оқушы «үштіктер» тобына кіреді.

Мұндай саралап оқытудың көп пайдасы бар. Әр бала қысқа да нұсқа сөйлеуге үйренеді. Әрбір топтағы бала білуге құмарта түседі, төменгі топтар жоғары топқа өтуге, жоғарғы топ төменгі топқа түсіп қалмауға талпынады. Топқа бөлу кезінде менің оқушыларым алғашқыда өз еркімен бөлінді. Сонан соң оларға білім дәрежесін тексертетін сайыс ұйымдастырдым. Ең жоғары балл алғандар - І, онан төмен жинағандар ІІ және ІІІ топқа кіргізілді. Әр топтың өз басшысы болады, олардың қолында баға қойылатын өз журналы да болады. Ол әр топтағы оқушының білім дәрежесін, әр сабаққа дайындығын көрсететін айна іспетті. Нәтижесінде оқушылардың табиғи қабілеттеріне қызметтеріне сәйкес жоғары деңгейге көтерілуіне дарындылық қасиеттерінің ашылуына толық жағдай жасалады. Әр оқушы ұстаздың басқаруы мен дұрыс тапсырмаларды + белгісімен өзі белгілеп отырады. Оқушы өз қызметін ең төменгі деңгейдегі тапсырмаларды орындаудан бастайды. Оларды толық орындап болғаннан кейін ғана келесі деңгейге көшеді. Бұл оқушылар арасында белсенділік туғызады және оқушының мемлекеттік стандарт деңгейінде білім алуына кепілдік береді.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының Президентінің 2011жыл 29 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауы.
2. Қазақстан мектебі 2002жыл №3 және№10
3. Ағылшын тілі мектепте 2010жыл №1 және 2009жыл №1
4. Хабаршы 2009 жыл №1