Краткосрочное планирование открытого урока по казахскому языку на тему Телевидение в 9 классе

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сыныбы, пәні: 9-с., қазақ тілі

Күні:14.03.14 ж.


Сабақтың тақырыбы

Телевидение.


Мақсаты

Оқушыларға «телевидение» туралы мағлұмат беру, салалас құмалас сөйлемнің түрлерін қайталау.


Күтілетін нәтижелер



Қазақ телевидение туралы біледі, білгенін өзалдына еркін әңгімелей алады, белсенді сөздік қорларын ауызекі, жазба тілде қолданады, Оқушылар өз ойын жүйелі айта біледі.


Керекті жабдықтар

Интерактивті тақта, слайдтар, тест,кеспе суреттер,тірек-сызба


Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Үй тапсырмасын жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар арқылы тексеру, жұптық жұмыс: жаңа білімді меңгерту;: ой бөлісу, бағалау әдістері, сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары, бағалау стратегиялары.


Сабақ барысы:


Сабақ

кезеңдері

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті


Кіріспе





















1.Оқушылармен амандасу, түгендеу.

- Сәлеметсіздер ме, оқушылар?

«Қазақ тілі – ана тілі шешемнің,

Дана тілі Бөлтіріктей шешеннің.

Бай мұрасы Абай, Ахмет, Мұхтардың,

Алдаспаны Әлихандай көсемнің», - деп жырлаған ақын айтпақшы, міне, балалар, кемеңгер ғұлама ақын-жазушылардың тілі, туған тіліміз – қазақ тілі сабағын бастаймыз.

2. Психологиялық сәт.

Армысың, асыл күн!

Армысың, көк аспан!

Армысың, жан досым!

Міне, менің қолым,

Жылуыма жылу қос,

Көтерілді көңіл хош!

3. Жұптарға бөлу. Кеспе арқылы топқа бөліну. Қыз Жібек пен Төлеген. Тайбұрыл мен Қобыланды. Мақта қыз бен мысық. Алдар Көсе мен бай. Еңлік пен Кебек. Абай мен Тоғжан. Ләйлі мен Мәжнүн.

Амандасу. Бүгінгі сабағымызда өздеріміз бұрын алған білімімізді іс жүзінде қалай қолдана алатынымызды көрсетейік. Ол үшін жинақы, менің сұрағыма, жолдастарыңыздың жауабына мұқият болып, ойларыңызды еркін, жүйелі айту керектігін естеріңізге саламын. Ендеше, іске сәт, сіздерге табыс тілеймін! Сабағымызды бастайық.

Сабақтың мақсатын хабарлау.

Мұғалім: — сабақтың мақсаты: «телевидение"лексикалық тақырыбын меңгеру, салас құмалас сөйлемнің түрлерін ажырата білуге үйрену, тіл байлығымызды дамыту.

Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылардың баяндамалары.



Мұғаліммен амандасады.

Кезекші сыныптың сабаққа дайындығын баяндап, сабаққа қатыспай отырған оқушыларды атап шығады.





Оқушылар интербелсенді тақта арқылы көрсетілген өлең шумақтарын қосылып бірге оқиды.
































Тұсаукесер




Миға шабуыл

    1. Мерзімдік басылымға не жатады?

    2. Өздерің тұратын өңірде қандай жергілікті газет басылып шығады?

    3. Оқып тұрасыңдар ма?

    4. Сенің сүйікті газетің қандай?

    5. Газет бетіндегі сүйікті айдарың қандай?

    6. Газетті қай тілде оқисыңдар?

    7. Республикамызда ең танымал қандай газет деп ойлайсыңдар?

    8. Отбасың қандай мерзімдік басылымға жазылды?

    9. Салалас құрмалас сөйлем оның түрлері




Оқушылар сұрақтарға жауап береді




















Негізгі бөлім




1. Жаңа сабақты меңгеру. Сөздікпен жұмыс.

Сөздік:

өтпелі – переходный

бастан кешіру – проходить

өзгерістер – изменения

кезең – этап

орнына – вместо

саты – уровень

сандық – цифровой

үрдіс - процесс

Мәтінмен жұмыс.

Бүгінде телевидение бүкіл әлемде өтпелі кезеңді бастан кешіп отыр. Ақ-қара түсті теледидардың орнына қазір түрлі түсті теледидарларды пайдалану көбейді. Ал мұның өзі телехабарларды беруді жаңа бір сатыға көтеріп отыр. Түрлі түсті телевидениені айтқанда, қазір бүкіл әлемде радио мен телевидение жүйесінде үлкен өзгерістер болып жатқанын айту керек. Телехабарды түсіру мен беруде сандық техника мен технологияны қолдану үрдісі пайда боды. Сонымен бірге жаңадан жер серігі және кабельдік телевидение жүсеге асуда. Бұл да үлкен жетістік. Қоғамдық телевидение көбіне халықты жаңалық хабарлармен және білімдік, сөздік-танымдық бағдарламалармен қамтуға тырысады.

Деңгейлік тапсырмаларды орындау.

А деңгейі Дұрыс-бұрыстығын анықтау.

В деңгейі Жуан жіңішке сұрақтарын құрастыру

С деңгейі мазмұнын айту.

Әр топқа сөйлемдерді беріп синтаксистік талдау жасатқызамын.

Хронологиялық кесте жасау.

Сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса.

1. Кинескопты теледидарлардың орнын кристалды, плазмалы теледидарлар басты.

2. Сұйық кристалды теледидарлар – теледидарлардың ең озық түрі болып саналады.

3. Мен дүкенге теледидар сатып алуға бардым.

4. Қазіргі теледидарлар әдемі, үлкен, жіңішке болып келеді.

5. Телевидениенің әр түрлі бағдарламалары бар.

Берілген салалас құрмалас сөйлемдердің жалғаулықтарын дұрыс қой.

1. Теледидардың пайдасы ... бар, зияны ... бар (және, да, өйткені).

2. Теледидарды 2-3 метр қашықтықта қарау керек, ... көзге зиянды (те, немесе, өйткені)

3. Алма теледидар сатып алды, ... оған көңілі толмады (бірақ, де, және).

4. Мен телевидениеде жұмыс істедім, ... радиода істедім (алайда, біресе).

5. Сендер теледидар көріңдер, ... далаға шығыңдар (немесе, сонда да) .

6. Қазіргі балалар бос уақытында теледидар көреді, ... компьютерде ойнайды (бірақ, болмаса).

7. Телевидениеде балаларға арналған бағдарламалар бар, ... кейбіреулері қызықсыз болады (сондықтан, те, бірақ).

8. Қоғамдық телевидениеде жаңалық хабарлар беріледі ... білімдік , сөздік –танымдық бағдарламаларда болады (Және, яғни).

9. Мен кинотеатрға бардым ... , үйге келдім (я, немесе, да).

10. Теледидарлар сұйық кристалды болады, ... плазмалы болады (Бірақ, немесе).


Алғашқы жылдардағы қазақ теледидарының даму кезеңдері.

Жаңа сөздермен сөйлем құру.














Деңгей бойынша тапсырмаларды орындайды.






















Оқушылар талдауды орындайды.












Оқушылар тапсырманы орындайды.






























Оқушылардың дайындаған материалдарын тыңдау.


Қорытынды




Үй тапсырмасы Қазақстанның телевизиясы туралы мәлімет жинау.

Рефлексия.

мен сабаққа… белсенді қатыстым,

аз қатыстым.

-өз жұмысыма… көңілім толды,

көңілім толған жоқ.

-меніңше сабақ … ұзақ болды,

тез бітті.

-мен сабақта… шаршадым,

шаршаған жоқпын.

 



























Телевидение (τήλε - грек тілінен аударғанда "алыс", ал video — латын тілінен аударғанда "көремін" дегенді білдіреді; жаңа латын тілінде televisio — алыстан көру дегенді білдіреді), телекөрініс – қозғалмалы бейнелерді [link] ақпан - Қазақ теледидарының бағдарламаларын кабельдік линия арқылы Семей және Шығыс Қазақстан облыстары көре бастады.


[pic] [pic]



[pic] [pic]





[pic] [pic]



[pic] [pic] [pic]





[pic] [pic]





[pic]





[pic] [pic]