Баяндама
«Қазіргі заман талабына сай, жан- жақты жетілген,
бойында ұлттық сана мен ұлттық психология
қалыптасқан, имандылық әдебі,
парасаты бар ұрпақ тәрбиелеу, өсіру,
білім беру бүгінгі таңда отбасылық,
балабақшаның, барша елдің, халықтың міндеті».
Н.Ә.Назарбаев
Бүгінгі күні біз әлем халқы бір кісідей Жаңа дәуір- Жаңа ғасыр- Жаңа мыңжылдықта өмір сүріп отырмыз.
Үшінші мыңжылдықтың жастары қандай болмақ? Бұл бүкіл адамзатты ойландыратыны анық жағдай.
Шәкәрім «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапалар адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді» деп есептейді. Адамның адам болып қалыптасуына ата-аналармен қатар тәрбиеші мен мұғалімнің орны зор. Яғни, білім жүйесіне жүктелер жүк те жеңіл емес. Қандай істі болсын бастау, оны өмірге ендіру оңай шаруа емес. Ұрпақ тәрбиесі- бұл болашақ тірегі, мемлекеттік маңызды іс.
Қазақстанның экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын, әлемдік цивилизацияға көтерілетін білімді де мәдениетті, парасатты, денсаулығы мықты азамат тәрбиелеп шығару- бүгінгі мектеп, ұстаздар қауымының міндеті. Оқу мен тәрбие сапасындағы мұғалімдердің алдында тұрған аса маңызды міндет- талабы таудай дарынды- тұлғаны іздеп тауып оны жетілдіріп шығару.
Қазіргі кезде қоғамда болып жатқан түрлі өзгерістер білім беру саласында жаңа параметрлердің қалыптасуына ықпал етеді. Оқушылардың білім алуына және сабақты өзгеше өткізуге әсер ететін инновациялық факторлардың бірі- ақпараттық технологиялар болып табылады. Бұл технологиялар ұстаздарға сабақ барысында білім берудің көптеген мүмкіндіктерін ашып қана қоймай, оқушылардың да педагогикалық үдеріске қарқынды әрі белсенді тартылуына жағдай жасайды. Ақпараттық технологиялар оқушыларды әлеуметтендіру құралына да айналып келе жатыр.
Еліміздің мектептерінде ағылшын тілін оқыту соңғы кездері жоғары қарқынға ие болды. Мектептердегі шетел тілін оытудың мақсаты мәдениетаралық қарым-қатынасты қалыптастыру болса, сол мақсаттан туындап отырған басты қажеттілік ақпараттық технологияларды қолдану болып отыр. Оның басты себебі мынада: ағылшын тілі бүгінде халықаралық қатынастардың, ғылым мен техниканың, бизнес пен журналистиканың барлық саласында қолданылуда. Ағылшын тілін оқыту барысында жас жеткіншектердің басқа тілде емін-еркін қарым-қатынас жасап, сол елдің тарихымен, мәдениетімен, ғылым мен техникадағы жетістіктерімен және даму ерекшеліктерімен танысуына мүмкіндік беріледі.
Үш тұғырлы тіл саясатын ұстанып отырған еліміздің мектептерінде ағылшын тілін оқыту бірінші сыныптан басталады. Бұл дегеніңіз, «Шетел тілін үйрену,әсіресе, ағылшын тілі – қазіргі заманның қажеттілігі» деп елбасымыз айтқандай, қажеттіліктен туған шешім екенінің айғағы.
Бұл тұрғыда ұстаз жауапкершілігі мен міндеті зор.
2013/2014 оқу жылында 8, 9 сыныптарға ағылшын тілінен сабақ бердім. Биылғы жылы 9, 10 сыныптарға сабақ беріп келемін. Былтырғы оқу жылында 9 сыныпқа «Save the nature» деген тақырыпта ашық сабақ өткіздім. Мектептің ұсынуымен аудандық тамыз мәслихатында қорғадым. Былтырғы жылы да бірлестік жоспарына сай тапсырмалар белгіленген болатын, сол жоспарға сай жұмыс жасадым. Менің сағатым 10 сағат сол сабақтарымда оқушыларыммен бірге мектепте боламын. Сабаққа үнемі оқушыларды қызықтыру мақсатын жаңаша өткізуге тырысамын. Биылғы оқу жылында ашық сабақтар өткіздім, баяндама оқыдым.Өзіме тапсырылған жұмыстарды дер кезінде өткізуге жауапкершілікпен қараймын.
Сабақта оқушыларым өздерінің көп білетіндіктерін көрсете білді. Сабақтарымда үнемі ақпаратты технологиялардыпайдаланамын. Осы технологияларды пайдалану барысында байқағаным оқушылардың кішкене де болса пәнге деген қызығушылықтары артады. Сабақта «дамыту технологиясын» пайдаланамын. Сабақты түсіндіруге өте жеңіл. Елімізбен салыстыра отырып Венн диаграммасын құрып ойларын топшылады. Бірлестік отырысында бекітілген жоспарға сай қыркүйек айында тілдер мерекесіне орай «Ана тілің- арың бұл» тақырыбында үш тілде кеш өткіздік. Кешке 5-10 сынып оқушылары қатыстырылды. Оқушыларға әртүрлі тапсырмаларды орындады. Өлеңдер оқылды, би билеп, қойылымдар қойды.Дегенмен ойлары ұшқыр екендіктерін көрсете білді. Білімдерін де жан- жақты көрсетті, кеш соңында өздерінің ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын өз сөздерімен айтып өтті. Менің сабақ беретін сыныптарымда ағылшын тілі пәні жүйелі жүргізіледі.Оқушыларым аудандық, мектепішілік, халықаралық олимпиадаларға қатысып өз білімдерін сынап келеді. Білім сыналғаннан кейін өздерінің бағаларын алып жүлделі орындарға ие болып жүр.
«Бала жүрегі- кішкентай күй сандық. Ол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кез сол кілт тұру керек». М.Шаханов.