Сабақтың тақырыбы: «Фонетика» модулінің 6-сабағы
«Бақытты сәт» оқыта үйрету ойыны
(оқытудың модульдік технологиясының сөйлесу бөлімі)
Сабақтың білімділік мақсаты: «Бақытты сәт» оқыта үйрету
ойыны арқылы фонетикадан алған
теориялық білімдерін тиянақтау.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: ақыл-ойларын, іскерлік
белсенділіктерін дамыту.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: ұжымшылдыққа, тиянақтылыққа
тәрбиелеу.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: тапсырмалар, секундомер,
ортақ бағалау парағы, фишкалар
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
Сынып екі топқа бөлінеді. Әр топтың басшысы және атауы болады.
Топ басшылары өздерін таныстырады.
«Ыбырай» тобы
-«Үміт еткен достарым,
Сіздерге бердім батамды,»-
Деген ата сөздерін,
Есімізде сақтаймыз.
Білімді боп ер жетіп,
Үмітін біз ақтаймыз.
«Абай» тобы
- Біз бақытты ұланбыз,
Самғап ұшар қыранбыз.
Бес нәрседен қашық болсақ,
Азаматпыз, балаңбыз.
Бес нәрсеге асық болсақ,
Сан биікке шығармыз.
І гейм «Бой сергіту» Топтарға 10 сұрақ беріліп, оларды талдауға 5 минут уақыт бөлінеді. Топтың бір өкілі жауап береді, ал бәсекелес топ жауаптың дұрыстығын үлгі бойынша қадағалап отырады.
«Ыбырай» тобына берілген сұрақтар
1. «Фонетика» нені зерттейді?
2. Тіл дыбыстары қалай жасалады?
3. Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар?
4. Дауысты дыбыс дегеніміз не?
5. Жуан дауыстыларды ата.
6. Ашық дауыстыларды ата.
7. Еріндік дауыстыларды ата.
8. Қатаң дауыссыздарды ата.
9. Үнді дауыссыздарды ата.
10. Тұйық буынды ата.
«Абай» тобына берілген сұрақтар
1. Сөйлеу мүшелерін ата.
2. Қазақ тіліне тән төл дыбыстарды ата.
3. Әріп дегеніміз не?
4. Дауыссыз дыбыс дегеніміз не?
5. Жіңішке дауыстыларды ата.
6. Қысаң дауыстыларды ата.
7. Езулік дауыстыларды ата.
8. Ұяң дауыссыздарды ата.
9. Ашық буынды ата.
10. Бітеу буынды ата.
ІІ гейм «Қапшықтан шыққан бас қатырғылар»
Топ мүшелері қапшықтан нөмірлері бар шарлар алып шығады.
Жаңылдырғыш сұрақтар
1. Қолда буын көп пе, аяқта буын көп пе?
2. Сөз құрамында дыбыс көп бола ма, буын көп бола ма?
3. Шалға қарағанда балада не көп?
4. Қай буында дыбыс көп болады?
Ашықта ма, тұйықта ма, бітеуде ме?
5. Бота мен қозы ұқсас екен дейді.
Олар қалай ұқсас бола алады?
6. Ерінде еріндік бар ма?
Езуде езулік нешеу?
ІІІ гейм «Жұмбақтас»
Мұнда жылдамырақ жауап берген топ ұтады. Егер жауап дайын болса қолын көтереді.
1. Ұмытпағай, ұлым,
Жылқы баласы – құ...
2. Құлақтары шұнақ,
Ешкі баласы – л...
3. Момақан-ақ өзі
Қой баласы – қо...
4. Біліп жүр, ұл мен қыз-ау,
Сиыр баласы – бұ...
5. Қашпа қорқып-пысып,
Ит баласы – кү...
6. Еске сақтау оңай
Шошқа баласы – то...
7. Болма оңайға, бала, таң,
Құс баласы – бала...
8. Өзі епсіз, қоржық,
Аю баласы – қон...
(М. Әлімбаев)
ІҮ гейм «Сен – маған, мен – саған»
«Баспалдақ» ойыны ойналады.
«Ыбырай» тобы тек жіңішке дауысты сөздерді, «Абай» тобы тек жуан дауысты сөздерді жазады.
Кім баспалдақтың жоғары сатысына дейін қатесіз, бірінші болып жазып бітсе, сол топ жеңімпаз саналады.
жуан д. д. жіңішке д. д.
[pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic]
[pic] [pic] [pic] [pic]
Ү гейм. «Көсемдікке ұмтылу»
Әр топтан екі оқушыдан шығып, тақтада орындайды.
1 буынды
2 буынды
3 буынды
4 буынды
5 буынды сөздер тауып жазады. Бірінші және қатесіз жазған топ жеңімпаз саналады.
кү-
міс
ө-
нер-
паз
та-
бал-
ды-
рық
то-
заң-
дан-
дыр-
ғыш
Бағалау парағы
І гейм
ІІ гейм
ІІІ гейм
ІҮ гейм
Ү гейм
қоры-тынды
«Ыбырай» тобы
оқу-шы-лар
ұпайы
ұпайы
4
3
5
ұпайы
5
4
4
3
ұпайы
4
5
4
3
3
4
5
5
ұпайы
4
4
5
4
4
4
5
5
ұпайы
бағасы
1
2
3
4
5
6
7
8
5
5
5
5
5
5
5
5
22
18
17
16
17
13
18
15
5
5
4
4
4
3
5
4
І гейм
ІІ гейм
ІІІ гейм
ІҮ гейм
Ү гейм
қоры-тынды
«Абай» тобы
оқу-шы-лар
ұпайы
ұпайы
ұпайы
5
5
4
5
ұпайы
5
5
4
4
4
5
5
5
ұпайы
5
5
5
4
4
5
5
5
ұпайы
бағасы
1
2
3
4
5
6
7
8
5
5
5
5
5
5
5
5
5
4
5
20
20
23
17
23
15
15
15
5
5
5
4
5
4
4
4
ҮІ. Сабақты қорытындылау, оқушылардың білімін бағалау.
ҮІІ. Үйге тапсырма:
Өткенді қайталау.