Сынып:6 «б»
Күні:30.11.2013
Жинақтық сан есім
Сабақтың мақсаты:
білімділік: оқушыларға жинақтық сан есім туралы мағлұмат бере отырып,жаттығу жұмыстарын орындату.Басқа сан есімнің мағыналық түрлерінен ажырата білу.
дамытушылық:оқушылардың мәнерлеп оқуын,сауатты жазуын қамтамасыз ету.Өз ойларын нақты да дұрыс,жүйелі түрде жеткізуін дамыту.
тәрбиелік: ұйымшылдыққа,бірлікке,татулыққа,салт-дәстүрді дәріптеуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі:жаңа сабақ
Сабақтың түрі:аралас сабақ
Көрнекілігі:оқу құралдары,карточкалар
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
-сәлемдесу
-оқушыларды түгендеу
-құрал-жабдықтарына назар аудару
II.Үй тапсырмасын тексеру
143,145-жаттығу
III.Жаңа сабақ
Балалар,біз бүгін сабақта жинақтық сан есімді өтеміз.Жинақтық сан есім заттың жинақталған санын білдіріп,нешеу? деген сұраққа жауап береді.Қазақ тілінде жинақтық сан есімдер жетеу.Оларға бірден жетіге дейінгі сандарға –ау,-еу жұрнағы жалғануы арқылы жасалады.Мысалы,бір-еу,екі-еу,үш-еу тб.
Жинақтық сан есімдер кейде зат есіммен тіркеспей жеке қолданылып,заттанып тұрады,яғни әрі сандық,әрі заттық мағынаны беріп тұрады. Мысалы: Алтау ала болса,ауыздағы кетеді, Төртеу түгел болса,төбедегі келеді. Атадан алтау,анадан төртеу,Жалғыздық көрер жерім жоқ.
Карточкалармен жұмыс
Тақырып бойынша 3 оқушыға 3 карточка беріледі.Оқушылар карточкада берілген жұмбақтың жауабын тауып,сөйлем ішінде кездескен сан есімге морфологиялық талдау жасап,оны жинақтық сан есімге айналдыруы қажет.
Жеті атаңды ата.....( ата,әке,бала,немере,шөбере,шөпшек,немене)
Халқымыздың кие тұтқан санын ата...( жеті,тоғыз)
Үш арсызды ата (ұйқы,күлкі,тамақ)
IV.Жаңа сабақты бекіту
146-жаттығу.Берілген шешндік сөздерді оқып,сан есімдерді тауып,оларға ауызша формада морфологиялық талдау жасау.
Жиырма бесте-құрамына қарай күрделі,тұлғасына қарай туынды,мағынасына қарай есептік сан есім.
Он бесінде- құрамына қарай күрделі,тұлғасына қарай туынды,мағынасына қарай есептік сан есім.
Екеу,төртеу-құрамына қарай дара,тұлғасына қарай туынды,мағынасына қарай жинақтық сан есім
149-жаттығу.Жинақтық сан есімдердің астын бір,белгісіздік есімдігінің астын екі рет сыз.
Біреудің ат көтермес бөзі бар,біреудің ат көтермес сөзі бар.Біреу тойып секіреді,біреу тоңып секіреді.Ерегісте ер өлер,екі батыр егессе,екеуінің бірі өлер.
V.Қорытынды
Сабақты қорытындылауды сұрақ-жауап түрінде алу.Сұрақты оқушы оқушыға қойып,білгендерімен бір-бірімен алмасуы арқылы,қай оқушы қаншалықты тақырыпты меңгергенін байқау.
VI.Бағалау
Бүгінгі сабақты ...................................................... бағаладым.
VII.Үйге тапсырма
147-жаттығу.Жинақтық сан есімдерге көркем әдебиеттен мысал теріп жазып келу.
148-жаттығу.Жинақтық сан есімдерді қатыстыра отырып,өлең құрау.
Ережені жаттау.