|
Урок английского языка на тему 1001 proverbs, 101 riddles (6-7 сынып)
Автор публикации: Болашакова А.Б.
Дата публикации: 2016-04-09
Краткое описание: ...
Тақырыбы: “Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ” (“1001 proverbs, 101 riddles”) Мақсаты: Оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыра отырып, өз халқының ауыз әдебиетімен қоса, шетел әдебиетін орынды түрде қолдана білуге, шаршы топ алдында сөз жүйесін таба білуге үйрету; Тілді құрметтеп, оны дамытуға, тіл мәдениетіне, достық қарым – қатынасқа, өз ұлтын сүюге, халық мәдениетін жалғастыруға тәрбиелеу; Оқушылардың пәнге деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын, шешендік өнерін дамыту. Елбасымыздың “Үш тұғырлы тіл” саясатын насихаттау.
Көрнекілігі: қима қағаздар, слайд Сабақтың түрі: тіл танымдық сайыс Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, орыс тілі, математика Жүру барысы: Жүргізуші: Құрметті тіл жанашырлары, көпшілік қауым! Жарық дүниеге жар сала келген сәбидің ана сүтінен ауызданып нәр алынатынын білеміз. Тіл – кез – келген халықтың бай мұрасын әлемге паш ететін табиғи құбылыс. Ендеше, тілге қандай құрмет көрсетсек те лайық. Олай болса, “Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ” атты тіл танымдық сайысын бастауға рұқсат етіңіздер. Ортаға сайыскерлерімізді шақырайық. Сайыстың кезеңдері: Мықты болсаң, тауып көр Ғажайып сөздер алаңы. Ойлы болсаң, озып көр. Сөз мерген.
Мақал сөздің мәйегі деген қазақ, Жалғасын тап елімнің ұрпағы азат. Қазақ, орыс, ағылшынды терең біліп, Атаныңдар барлығың үлгілі, озат, - дей келе, І кезеңді бастайық. Ойынның шарты бойынша ойыншылар қазақ тілінде берілген мақал – мәтілдердің жалғасын тауып, ерекшеленген сөздің орысша, ағылшынша аудармасын табу керек. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі. Тіл тас жарады, тас жармаса ... (бас жарады) Дәлелсіз сөз... (желмен тең) Піл көтермегенді... (тіл көтереді) Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты ...(сөз бұзар) Жақсы байқап сөйлер, ... (жаман шайқап сөйлер) Ана сүті бой өсірер, ... (ана тілі ой өсірер) Көре – көре көсем боларсың, ... (сөйлей – сөйлей шешен боларсың) Тілмен байланған ... (қолмен шешілмес) Тіліңменен жүгірме ... (біліммен жүгір) Тілден асқан байлық жоқ, тілден терең ... (теңіз жоқ) Ерлік білекте емес, ... (жүректе) Білімдіге дүние жарық ... (білімсіздің күні қаріп) Білім арзан, білу ... (қымбат) Кітап - ... қазына (алтын) Наданмен дос болғанша. ... (кітаппен дос бол)
І кезеңді қорытындылап, ұпай сандарын білейік. Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз, Шәкірттерге әділ шешеім беріңіз. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар, Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз, - дей келе “Ғажайып сөздер алаңы” атты ІІ кезеңге көшейік. Бұл кезеңнің шарты бойынша әр қатысушы ұяшық таңдап, жасырулы тұрған сөзге қатысты мақал – мәтел айтуы керек. Мұнда ескеретін жайт – сөздер ағылшын тілінде беріледі, сол сөзді қазақшаға аударып, мақалды қазақ тілінде айтулары керек. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай еншіленеді. Ойын шарты бойынша бұл кезеңнің соңында ұпай саны аз 3 қатысушымен қош айтысамыз. Ойын шарты түсінікті болса, сайысымызды бастайық.
-
Friend 2. Language 3. Rich 4. Health 5. Motherland 6. Food 7. Nature 8. Book 9. Knowledge 10. Parents 11. Tradition 12. Home
ІІ кезеңімізді қорытындылап, ұпай саны аз 3 қатысушымызбен қоштасайық. ІІІ кезеңіміз “Ойлы болсаң, озып көр” деп аталады. Бұл кезеңде қатысушыларымызға қазақ тілінде жұмбақтар жасырылады. Жауабын тапқан ойыншы сол сөздің ағылшынша аудармасын айтуы қажет. Дұрыс жауапқа 10 ұпай. Бұл кезеңнен кейін ұпай саны аз 1 қатысушымен қош айтысамыз. Сайыскерлерге сәттілік тілей отырып, ойынымызды бастайық: Бір ағашта он екі ұя,
Әр ұяда отыз жұмыртқа (ай – moon, күн – sun) Бес ін, бес іннің аузы бір ін (қолғап – glove ) Бір тайға үш ағасы мінгесіп жүр, екі інісі ілесіп жүр (қалам мен бес саусақ\ pen and fingers) Ішінде толып жатқан қазынасы бар, қорек қып пайдаланар тамам халық (кітап - book) Күзетем деп үйді, жұдырығын түйді (кілт - key) Бір нәрсе күні бойы санап тұрады, оған жұрт керек кезде қарап тұрады (сағат - clock) Мұрнында байлауы бар, адамның айдауы бар (ине - needle) Екі ағайынды, екеуі де бір үйде бірін – бірі көрмейді (көз - eye)
Бұл кезеңді қорытындылай келе, ұпайы аз қатысушымызбен қош айтысайық. Мықты болсаң – алдағыны басып оз, Мықты болсаң – арттыңыны жеткізбе! Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда, Мықты болсааң – бөгеттерді бқзып өт, - дей келе бүгінгі ойынымыздың шешуші Сөз мерген кезеңіне де келіп жеттік. Бұл кезеңнің шарты бойынша екі қатысушымыз бір – біріне сан есімді қатыстырып, мақал – мәтелдер айтып жарысады. Мақалда кездескен санды қарсыласы ағылшын тілінде шапшаң айтуы қажет. Жауап берілген бойда сол қатысушы өзінің мақалын жалғастырып кетеді. Сайыс соңында жеңімпаз қатысушымыз анықталады.
|
|