9 сынып қазақ әдебиеті.
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының «Ескендр» поэмасы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: А. Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін толықтыру. Ақын шығармаларының тақырыбы туралы мәлімет беру, поэмаларының идеялық мазмұнымен таныстыру.
Дамытушылық: тапсырмалар, ойындар арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін, тіл байлықтарын дамыту.
Тәрбиелік. Ұлы ақынға деген құрмет ,мақтаныш сезімдерін тәрбиелеуге ықпал ету.Ақын шығармалары арқылы балалар бойында адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеуге үлес қосу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Қолданатын әдіс-тәсілдер: мәнерлеп оқу, баяндау, сұрақ-жауап,көрнекілік.
Сабақтың көрнекілігі:тірек сызба, суреттер, ақынның шығармалары
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі ,тарих.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
II.Сабақтың мақсаты мен міндеттерін түсіндіру:
«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемді танытамыз, қазақ халқын танытамыз.Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс»,- деген Н.Назарбаевтың сөзін сабақтың эпиграфы етіп алып, Абайға арналған сабақты ақынның:
..Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!-
деген сөздермен бастап, оқушыларды Абай әлемін тануға шақырамыз.
III.Оқулықпен жұмыс:
Абай туралы мәтінді түсініп оқып, сұрақтарға жауап беру
IV.Сөздік жұмысын ұйымдастыру. «сөз сыры», «ауызекі сөйлеу» айдарымен жұмыс.
Cөздердің мәтінде қолдану аясын көрсетуі.
V.Жұппен жұмыс:
Берілген мәтін бойынша тірек сызба құрастыру.Сызба бойынша бір –біріне «Абай туралы мен не білдім?» тақырыбына сұхбаттасу.
VI. «Ескендір» поэмасымен жұмыс:
1.Поэманы мәнерлеп оқу.
2.Поэма мазмұны бойынша оқулық тапсырмаларын орындау
3.Поэма мәтіні бойынша грамматикалық тапсырма орындау: зат есімдерді теріп жазу, мағынасын түсіндіру.
4.Сөздік жұмысы:
VII.Сабақты бекіту:
Поэмадағы Ескендір бейнесін салыстырмалы сипаттау:
VIII.Сабақты қорытындылау: Деңгейлік тапсырмаларды орындау:
I деңгей
Абай туралы екеуара сөйлесудің үлгісін беру
II деңгей
Абай шығармашылығы туралы айтып беру
III деңгей
Ескендір поэмасында қандай ғибрат айтылған? Пікірлерін айту.
IX.Оқушылар білімін бағалау
X.Үй тапсырмасы: