Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4 тоқсан 7-бөлім: Тамақ және сусын , 4 сабақ
Мектеп:
Мұғалімнің аты-жөні: Кабылканова Е.А.
Күні:
Сынып: 1
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы
Жемістер мен көкөністер
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
1.1.1.1 Сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну жəне оған сəйкес дұрыс əрекет ету.
Сабақтың мақсаттары
Барлық оқушы орындайтын: Сөздерді зейін қойып тыңдайды, мағынасын түсінеді.
Оқушылардың көбі орындайтын: Сөздерді зейін қойып тыңдайды, мағынасын түсінеді, ажырата алады.
Кейбір оқушылар орындайтын: Сөздерді зейін қойып тыңдайды, мағынасын түсінеді, соған қарай әрекеттенеді (ауызша сөйлем құрай біледі, сұрақтарға жауап бере алады)
Тілдік мақсаттар
Пәнге тән лексика мен терминология:
Жеміс, көкөніс, қарбыз, қауын, жүзім, қияр, орамжапырақ, алма, шабдалы, қызылша, картоп, бұрыш, пияз, шие, тәтті, қышқыл, сары, қызыл, домалақ, сопақ, жинаймыз, тереміз, бақ, бақша.
Меңгерілген сөздерді пайдалана отырып, оларды ажырат, сөздерді дұрыс сәйкестендір.
Талқылау: -жемістер мен көкөністерге нелер жатады?
-жемістер мен көкөністер қайда өседі?
Алдыңғы оқу
Жемістер мен көкөністердің суреттерін көрсетіп, мыналар не? олардың қайсы жеміс, қайсы көкөніс?олар қайда өседі? деп сұрақ қою
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
Ортасы
Соңы
«Шаттық шеңберін» құру. Оқушылар бір-бірлеріне тілектер айтып, ең дәмді көкөністер мен жемістерді сыйлайды.
[pic]
Үстелде жатқан жемістер мен көкөністердің суреттерін таңдау арқылы, «Жемістер» мен «Көкөністер» болып екі топқа бөлінеміз.
Сабақтың тақырыбын, мақсатын төмен дегідей өлең жолдары арқылы білдіру:
Кел балалар, ойнайық!
Тектен текке тұрмайық.
Көкөніс , жеміс, жидекті
Біз бақтардан жинайық...
Балалар, бүгінгі тақырып қандай деп ойлайсыңдар?
«Тыңда, қайтала» әдісі. Интербелсенді тақтада сурет көрсетіледі, сол суреттегі жемістер мен көкөністердің атауларын тыңдап, қайталайды, мағынасын түсінеді, естеріне сақтайды.
[pic]
1)«Сәйкестендір». Интербелсенді тақтада көрсетіліп тұрған слайдта сөздер аудармасымен шашыраңқы берілген, соларды дұрыс сәйкестендіреді.
2) Екі топқа екі себеттен ұсынылады. Бір себетке жемістерді, екіншісіне көкөністерді жинап, оларды сипаттап беріңдер.
Яғни бұл тапсырмаларды орындай отырып, балалар тақырыпты қалай меңгергендіктерін көрсетеді.
Сергіту сәті:
Қазір біз сендермен бүгінгі сабағымызға қатысты «Ұйқас сөздігі» ойынын ойнаймыз. Ойын шарты мынандай: Мен сөздердің орысша қазақшасын айтамын, сендер сол сөздерге ұйқастырып, аудармасын айтасыңдар. Әрбір дұрыс айтылған жауапқа жемістер не көкөністердің суреттерін беріп отырамын. Ал бастайық!
Гранат - Анар
Огурцы – ... (қияр),
По русский – орысша
Свекла - ...(қызылша)
Жираф – керік,
Абрикос - ... (өрік)
Один – жалғыз,
Арбуз - ... (қарбыз)
Ешкі - лақ
Сад – ... (бақ),
Зеркало – айна,
Яблоко - ... (алма)
Усы – мұрт,
Груша - ... (алмұрт)
Земля – топырақ,
Капуста - ... (орамжапырақ)
Фрукт – жеміс,
Овощ - ... (көкөніс)
«Кубик» әдісі. Текшенің алты қырында сандар жазылған, сол сандарда бір затқа қатысты сұрақтар берілген, яғни текшені лақтыра отырып, түскен санға қатысты сұраққа жауап береді, сол жеміс не көкөніс жайлы айтып береді. Дұрыс айтылған жауапқа сол жеміс не көкөністің суреті беріледі.
Мысалы, сұрақтары: - Алма жеміс пе?
-Алма қандай?
- Алма қайда (неде) өседі?
- Алманың қандай түрлері бар?
- Алма пайдалы ма?
- Алма несімен пайдалы?
Жемістер мен көкөністердің суреттері
Слайд
Интербелсенді тақта
[pic]
[pic]
Кері байланыс
Оқушыларға үш түрлі сурет беріледі. Тақтада сол суреттерге қатысты ойлар жазылған. Үш суреттің біреуін таңдап алып, көрсетеді. Сол бойынша балалардың ойын білу.
[pic] - толық түсіндім;
[pic] - сұрақтарым бар.
[pic] [pic] - түсінбедім;
Орнымыздан тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау-саламат болайық!-
деп сабақты аяқтау.
Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспар-лайсыз? Қабі-летті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтар-мен байланыс (тәрбие)
Сабақ барысында қолдау, қолпаштау сөздері айтылып отырды, сонымен қатар кейбір тапсырмалардың дұрыс жауаптарына қарай жеміс не көкөністердің суреттері беріліп отырды.
Қабілеті жоғары оқушыларға ойлануды, талқылауды, баға беруді қажет ететін тапсырмаларды беруді жоспарладым.
Сабақты жоспарлауда таңдап алынған тапсырмалардың әрқайсысы бала білімін тексерумен тығыз байланысты. Яғни, тапсырманы орындай алса, тақырыпты меңгергендігін байқатады.Сабақ барысында өзін –өзі бағалау іске асырылды.
Орыс тілі, дүниетану пәндерімен байланысты. Сабақ барысында бастан аяқ АКТ қолданылып отырды.
Жемістер мен көкөністердің пайдасы, жуып жемесең, денсаулыққа зияны туралы айтылды. Гигиенаны сақтау сөз етілді.
Рефлексия: Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сəйкес болды ма?)
Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім жəне неге?
Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттерін орындадым.
Оқушылар сөзді зейін қойып тыңдай отырып, түсініп, жəне оған сəйкес дұрыс əрекет жасады.
Оқушылар жаңа сөздерді меңгерді, оларды ажырата алды, сұрақтарға жауап бере отырып, сабақты қалай меңгергендіктерін кқрсетті. Жоспарда берілген мақсатыма берілген тапсырмалар түрі сәйкес келді.
Уақытты тиімді пайдалана алдым.
Әр тапсырма соңында уәждерін арттыру, белсендендіру мақсатында ынталандыру, қолдау сөздерін айтып отырдым, сонымен қатар жемістер мен көкөністер бейнеленген жетондар беріліп отырды.
Ең жақсы өткен екі нәрсе /оқыту мен оқуға қатысты/.
«Кубик» әдісі.
«Ұйқас сөздігі» сергіту сәті.
Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді?
Түрлі лексика- грамматикалық ойындар. Психологиялық тренинг оқушылардың көңіл-күйін көтереді, топтарда ынтымақтастық ахуалды орнатуға көмектеседі.
Оқушылардың белсенділігі.
Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?
Топтық жұмыстың,әсіресе, үлгерімі төмен оқушылар үшін өте қолайлы екендігін білдім. Олардың белсенділігі, қызығушылықтары артты. Соларға қатысты тапсырмаларды түрлендіру қажет екендігін түсіндім.
Көкөніс, жеміс атауларын дұрыс айтуға, сөз тіркестерін еркін құрастыра отырып, оларды сипаттай алатындарына дағдыланып келе жатқандықтарына көзім жетті.