Ағылшын тілі сабағында мультимедиялық технологияны қолданудың тиімділігі
Бүгінгі ХХІ ғасырда шет тілінің қолданылу аясын кеңейту кезек күттірмес мәселенің бірі. Осы орайда білім ордаларында ағылшын тілі пәнін оқытудың тиімді әдіс - тәсілдері, технологиялары бойынша зерттеу жұмыстары, оларды тәжірибеге енгізу шаралары қолға алынды.
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында еліміздің білім беру жүйесінің басты міндеттері атап көрсетілген. Соның бірі: «Білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа ақпараттық технологияларға, әлеуметтік, тұлғалық және жеке құзыреттіктерге ие болуы және де күнделікті әдістемелік жұмысты жүйелі түрде ұйымдастыруы тиіс
Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу керектігін атап көрсетті: Компьютерлік техниканы,интернет, телекоммуникациялық желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көрсету. Сонымен қатар тәуелсіз еліміздің болашағы -жарқын, білімді, парасатты, өз ана тілімен бірге шетел тілі «ағылшын тілінде» еркін сөйлеп,өз елін, халқын, мәдениетін шетелге таныстыра алатын үш тілде еркін сөйлейтін азамат болып шығуы керек деген еді.
Ағылшын тілін саналы меңгерту мәселесі және «ағылшын тілінде өз ойын ауызша және жазбаша еркін жеткізе алуға қалай үйрету керек? Оқушыны ынталандыру үшін қандай әдіс - тәсілдерді, технологияларды қолданған жөн?» деген сұрақтар ағылшын тілі оқытушыларының күн тәртібінен түспеу керек.
Білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілген, бірақ оқытушы міндеті олардың ішінен қажеттісін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қолдану , тұлғаны нәтижеге бағыттай білім беру. Біздің күнделікті сабағымызда көрнекілік пен техникалық құралдарды қолдану әдісін ақпараттық-коммуникативтік технологияның өзі атқара алады. Тілді ақпараттық - коммуникативтік технология арқылы оқыту – тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады.
Ақпараттық технология – ақпараттарды жинау, сақтау және өңдеу үшін бір технологиялық тізбекте біріктірілген әдістер мен өндірістік және бағдарламалық-технологиялық құралдардың жиынтығы.
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдары» – дегеніміз микропроцессорлық және жаңа ақпараттық технологиялар негізінде қызмет атқаратын, ақпаратты таратудың жаңа құралдары мен жүйелері, ақпаратты жинақтау мен олардың қорын жасау, сақтау мен өңдеу, оларды жан-жақты таратуды, одан қалды компьютерлік жүйелердің ақпараттар қорына енуді қамтамасыз ете алатын программалық, программалық-аппараттық және техникалық құралдар мен құрылымдарды айтамыз. Ақпараттық және коммуникациялық технологияларға жататындар: ЭЕМ, дербес компьютерлер, терминалдық құралдардың жинақтары, жергілікті есептеу жүйелері, мәтіндік және графикалық ақпараттардың құрылымдары, көлемі үлкен мұрағаттық ақпараттарды сақтау құралдары, аудиовизуалдық ақпараттарды бақылайтын құралдар мен құрылымдар, машиналық графика жүйелері, программалық кешендер, жергілікті желілер, әлемдік деңгейде ақпарат алмасуын қамтамасыз ететін қазіргі кездегі байланыс құралдары
Қазіргі заман мұғалімі тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи-танымдық, педагогикалық-психологиялық сауатты, саяси-экономикалық білімді және ақпараттық-коммуникациялық білімді және ақпараттық-коммуникациялық технологияны жан-жақты меңгерген ақпараттық құзырлы маман болу керек. Сонда ғана осындай жаңашыл мұғалім ағылшын тілі сабағында компьютер желісін, презентацияларды және мультимедиялық - электрондық құралдарды білім беру процесінде терең, әрі нәтижелі қолданады. Ең тиімді программалардың бірі -Microsoft Power Point.Ол мұғалімге қысқа мерзімде өзінің үлкен дидактикалық материалдармен қамтамасыз етіп, компьютерлік білімін даярлауға көмектеседі. Және ол оқушылардың түрлі қабілеттерін ашады.Олар: есте сақтау, көру, есту, ойлау, эмоционалды, автоматты және т.б.
Ағылшын тілді оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан-жақты қолдану, мұғалімнің көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады,мәтіндер мен ақпаратты білуге жол ашады. Сонымен қатар оқушылар интелектуалдық, шығармашылық және коммуникативтік істерін дамыта алады, оқушының оқу белсенділігі артады, сабақтың негізгі кезеңдерінің бәрінде оқушыларға шығармашылық жұмысты ұсынуға болады.
Ағылшын тілі сабағында компьютерді, мультимедиялық және электрондық оқулықтарды және интерактивті тақтаны пайдаланғанда: лексиканы оқып үйретеді; сөйлеу ырғағын;диалог, монолог және рөлдік ойындарды; хат жазуға үйретеді;грамматикалық құрылымдарды түсіндіріп, оқушылардың есінде сақтауға көмектеседі.
Күтілетін нәтижелері:
үлгерімі төмен оқушыларға көмектеседі; оқушыларың сабаққа деген қызығушылығын арттырады; сабақта пайдаланылатын көрнекіліктердің санын арттырады; оқушылардың шығармашылығын арттырады; оқушыларды жеке жұмыс істеуге үйретеді; грамматикалық құрылымдарды оңай түсінуге көмектеседі;оқушылардың есте сақтау, есту, көру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытады;пікірталас, талдау, анализ жасау мүмкіндіктерін арттырады.
Ағылшын тілін оқытуда Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың басты мақсаты - оқытушыларға шетел тілінде қарым-қатынас жасауды базалық деңгейде игерту. Осыған сәйкес оқыту мазмұнына қарапайым коммуникативтік біліктілікті, қажетті жағдайда ауызша және жазбаша (сөз, тыңдап түсіну, оқу, жазу) өзара мәдени қарым-қатынас процессінде қолдана алу қабілеттілігі мен дайындығын қалыптастыруды қамтамсыз ететін тілдік, сөздік, әлеуметтік-мәдени білім, білік дағдылар енеді.Осы мақсатқа сай оқыту міндеттері екі үлкен бағыт бойынша белгіленеді.
Танымдық бағыт бойынша:
Оқушының лингвистикалық дүниетанымын қалыптастыру; тілдің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсіндіру:(Қазіргі уақыт талабына сай шетел тілінің пән ретінде қажеттілігі күннен-күнге артып отыр.Ол қоғамның әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және жалпы мәдени алға басуында қозғаушы фактор болуда.) оқушының тілін дамыту, тілдік шығармашылық қабілеттерін жетілдіру;сөз мәдениетін таныту;пікірталас мәдениетін жетілдіру;сөйлеу түрін, сөйлеу тәсілін меңгерту;оқушылардың логикалық ойлауының бір ізді болуын қалыптастыру;
Коммуникативтік, практикалық бағыт бойынша:
Оқушыларға тіл нормаларын меңгерту;тілдік сауаттылығын арттыру; оқушылардың тілдік - эстетикалық талғамдарын қалыптастыру; этикет нормаларына сай тіл мәдениетін жетілдіру;сөйлеу әрекетіне қажетті заңдылықтар мен талаптарды меңгерту; шығармашылық қабілеттерін дамыту; қарым-қатынас талаптарына сай іскерліктерде қолдана білу; пікірталас түрлеріне сай сөз қолдану біліктілігін қалыптастыру;
Бұл міндеттердің жүзеге асырылуы тілдік білімнің (мұның қай - қайсысы да тіл арқылы баланың логикалық ойлауын дамытуға, қарым-қатынастық дағдыларын жетілдіруге, сөз әрекетінің түрлеріне) қатынасты машықтануына әсерін тигізеді.
Ақпараттық қарым-қатынастар құралдарын қолданудың тиімді бағыттарының бірі – мультимедиа.
«Мультимедиа технологиясы» дегеніміз – компакт-диск негізінде аудиовизуалды ақпараттарды қабылдаудың әдістерінің, тарату тәсілдерінің, өңдеудің, сақтаудың және т.б. жиынтығы болып табылады. Компакт-диск технологиясын пайдалануға негізделген мультимедиалық-операциялық орта интерактивті сұхбаттың мүмкіншіліктерін пайдалана отырып, компьютер экранында кез-келген аудиовизуалдық ақпаратты түрлі формаларда (видеофильм, мәтін, графика, анимация, слайдтар, музыка) бере алады. Мультимедиа технологиясының негізінде орындалатын білім беру жүйесінің көмегі арқылы компьютер экранында кез-келген қажетті ақпаратпен жете таныса аламыз. Мұндай кезде бұл жүйе пайдаланушы адамның белгілі бір сюжеттің немесе жағдайдың өзіне керекті бөлігін таңдап алып көрінуіне де мүмкіншілітер тудырады. Мультимедиа технологиясын қолданудың педагогикалық мақсаты ақпаратты эмоционалдық тұрғыдан қабылдаумен байланысты болып келген білім берудің мотивациясының артуымен және ақпаратты өңдеуге байланысты атқарылатын өзіндік жұмыстардың түрлі формаларын қолдана білу қабілетін қалыптастырумен айқындалады.
Мультимедиа технологиясының идеялық алғышарты ретінде 1945 жылы американ ғалымы Ваннивер Бушпен ұсынылған “MEMEX” жадысын ұйымдастыру концепциясы саналады. Ол ақпаратты оның формальды белгілері (нөмір, адрес реті немесе алфавит бойынша т.с.с) бойынша емес мағыналық мазмұнына қарай іздеуді қарастыратын. Бұл идея гипермәтін (мәтіндік құжаттар жиынтығының жұмыс жүйесі) түрінде компьютерлік жүзеге асырылады, одан кейін гипермедиа (графика, дыбыс, видео және анимациялар жиынтығымен жұмыс жүйесі) және осы жүйелерді байланыстырған мультимедиа. Яғни, мультимедиа - мәтін, графика, дыбыс және видеобейнелерді біріктіретін диалогтік ақпараттық технология болып табылады. Мультимедиалық құжаттардың қарапайымдардан айырмашылығы, дәстүрлі мәтіндік және графикалық деректерден басқа дыбыстық және музыкалық объектілерді, анимацияланған графиканы, видеоүзінділерді қамтиды.
Оқыту процесінде мультимедианы пайдаланып білім берудің əртүрлі аспектілерін дамытуға болады. Олар: ақпаратты өндеудің когнитивті аспектілері, оқытудың мотивациялық аспектілері, оқытудың коммуникациялық аспектілері, оқытудың танымдық аспектілері.
Мультимедиалық технологияларды пайдаланып оқыту, атап айтқанда, мынадай нэтижелерге қол жеткізеді: оқу материалын терең түсінуге; оқу мотивациясының артуына;
алынған білімнің ұзақ уақыт есте сақталуына; білім беруге жүмсалатын шығынның азаюына т.б.
Білім беруде мультимедиялық технологияларды қолдану ерекшеліктері
Қазіргі заманғы оқытушы үшін құралдар тек қызықты сабақ беру емес, сонымен қатар осындай сабақтарды құрастыру, білім алушыларды бақылау құралын құрастыру, үлгерімді және оқытудың мәселелік облыстарын қарау және зерттеу үшін қажет. Ақпараттық және коммуникативті технологияны қолдану оқу материалымен жұмыс істеуді жеңілдетеді және оқытудың жаңа әдістеріне көшуге мүмкіншілік тудырады.
Мултимедиа технологиясын қолдану әдістемесі сабақтың әр кезеңдерінде білім беру жүйесін басқаруды жетілдіреді;оқу тәсілдерін күшейтеді; студенттердің ақпараттық мәдениетін жоғарылатуға мүмкіншілік береді, тәрбиелейді және оқыту санасын жақсартады;студенттердің қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар облысында білім алушыларды дайындау деңгейін жоғарылатады;компьютердің ойын құрылғысынан басқа мүмкіншіліктерін (демонстрациялау) көрсетеді;
Мултимедиалық сабақтар келесі дидактиқалық міндеттерді шешуге көмектеседі: пән бойынша базалық білімін бекіту; алынған білімді жүйелеу;өзіндік бақылау дағдыларын қалыптастыру; жалпы білім алуда, сонымен қатар арнайы пәндерді оқуда дәлелдерін қалыптастыру;оқу материалымен жұмыс істеуде студенттердің өзіндік жұмыс жасауына оқу-әдістемелік көмек көрсетуге.
Бұл технология оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс. Оқушылардың көпшілігі естігенін 5%, көргенін 20 % есте сақтайтыны белгілі. Ал біруақытта аудио және видеоақпаратты қолдану еске сақтауды 40-50% дейін арттырады. Мультимедиа бағдарламалар ақпараттарды әр түрлі формада беруді, сонымен қатар оқыту үрдісін әсерлі етеді.
Мультимедиа технологиясын қолдану сабақ құрылымын түпкілікті өзгертпейді. Онда бұрыңғыдай барлық негізгі кезеңдер сақталады.
Гипермәтіндік сілтемелерді қолданатын мультимедиалық презетацияның құрылымды тұтастығы жүйелік, аналитикалық ойлауды дамытады. Одан басқа, презентация көмегімен танымдық әрекетті ұйымдастыруда әртүрлі формаларды қолдануға болады: фронтальді, топпен, жеке.
Сабақта қолданылған мультимедиалық құрал сабақтың дидактикалық мақсатының біртұтастығына тиімді және әсерлі сәйкес келетіндігін көрсетеді:
Білімділік аспект: студенттің материалды қабылдауы; оқу кезінде байланыс пен қатынас объектісін түсіну.
Дамытушылық аспект: студенттің танымдық қызығушылығын, жалпылау, талдау, салыстыру шеберлігін дамыту, студенттің шығармашылық әрекетін белсенді ету.
Тәрбиелілік аспект: ғылыми көзқарасын тәрбиелеу, топтық және өзіндік жұмыс істеуді нақты ұйымдастыруды білу, адамгершілікке, өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу.
Оқу үрдісінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін:
Монотондылықтан қашу керек, студенттердің әрекетінің деңгейлер бойынша: білу, қабылдау, қолдану ауысымын ескерген жөн;
Баланың ойлау қабілетінің мүмкіншілікеріне бағытталу;
Сабақта мықты, орташа, нашар оқитын студенттердің барлығына мултимедиалық құралмен жұмыс істеуге мүмкіншілік беру.
Сондықтан Қазақстанның болашағы үшін сауатты шешім қабылдай және орындай алатын қазіргі заманғы білім деңгейі бар мамандар даярлауда жаңа мультимедиалық құралдарды сабақта қолдану студенттердің түсіну қабілетін дамыту. Білім беруді ақпараттандыру жағдайында біліктілігін арттыру. Былайша айтқанда, арнайы сабақтарда заман талабына қарай ақпараттық мультимедиалық технологияларды қолдану студенттің де, оқытушының да белсенді дамуына бағытталған.
Және де мультимедиялық технологияны қолданғанда интерактивті құралдардың төмендегідей ерекшеліктері назар аудартты:
Бормен тақтаға қолмен жазғанға қарағанда интерактивті тақтадағы түрлі-түсті, анық, талғаммен жасалған презентациялар студенттерге басқаша әсер береді.
Жай тақтада грамматикалық тақырытарды әр түрлі мысалдармен түсіндіру қиын;
интерактивті тақтадағы слайдтарда, флипчарттағы қателерді түзете салуға болады;
Сабақтағы көрнекілік сапасы мен қолданылу деңгейі жоғары болады;
Сабақ нәтижелі өтіп, студенттердің білім деңгейі жоғарылайды
Уақыт үнемдейді:
Аctivote тестілеу жүйесі арқылы тест жұмыстарын, жазбаша жаттығуларды түрлендіріп өткізізе аласың.
Қорытынды
Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту мен тәрбиелеудегі ең озық, тиімді әдістерін тәжірибелерін жалғастырып тың жаңалықтар іздеу, классикалық педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту қашанда жалғаса бермек. Қазіргі таңда жеке тұлғаны қалыптастыру оқушының өзі арқылы, оның іс - әрекетін ұйымдастыру арқылы ойлау дағдыларын дамыта отырып жүзеге асырылады. Білім - жолы қиында қастерлі жол. Болашақ жастарды оқыту, тәрбие беру, қазіргі өмір ағысына бейімдеу ұстаз алдында тұрған ең басты міндет. Қазіргі заманғы білім беру жүйесі оқытудың инновациялық нысандары мен әдістерін енгізу педагог қызметкерлердің тұлғасына кәсіби құзыреттілігіне жоғары талаптар қоюда. «Кәсіби құзыреттілік - жеке тұлғаның кәсіби іс - әрекетті атқаруға теориялық және практикалық әзірлігімен қабілеттілігінің бірлігі».
Білім берудегі мақсат тек білімді кәсіби мамандандырылған адам дайындау ғана емес, рухани дүниесі бай және адамгершілігі зор, қоғамдық өмірдің барлық аясында ұлттық құндылықтарды бағалауға және дамытуға қабілетті тұлғаны қалыптастыру керек екенін баса айтқан жөн. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 29 қаңтар 2011 жыл Қазақстан халқына жолдауында «Мен қазіргі заманғы қазақстандықтар үшін үш тілді білу әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты еккендігін айтып келемін. Сондықтан 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін тұрғындар саны кемінде 20 пайызды құрауы тиіс деп есептеймін»- деді.
Олай болса, оқушыны ағылшын пәніне қызығушылығын тудырып дамытуды және жемістің нәтижесін көруді мақсат тұтқан әрбір мұғалім жолдауға жедел үн қосу керек деп білемін.
Қолданылған әдебиеттер:
А. Иманбаева, Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі. Қазақстан мектебі, №2, 2000
Полат Е.С. Интернет на уроках иностранного языка//М., ИЯШ, 2001, №2, с. 24-28
2008-2013 topreferat.com - Қазақша рефераттар, курстық, дипломдық жұмыстар. Ағылшын тілі сабақтарында ақпараттық технологияларды қолдану Т.Р. Қалыбаева
К.К. Жаксымбетова «Информационно-коммуникационные технологии в обучении иностранному языку»// Шетел тілін оқыту әдістемесі.2007ж. №28-15б.
Сулейменова О. Я., Толебаев Т.П., Кайбалдиева Б.М. С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті. Ғылыми жұмыс. – Шет тілін оқыту үрдісінде жаңа технологияларды қолданудың маңызы
Сатыбаева Т.Ж. Оқыту процесінде мультимедиялық технологиялардың мүмкіндіктері
Ғылым және бiлiм, 2010- 2(19)
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, 2010 ж
2008-2013 topreferat.com - Қазақша рефераттар, курстық, дипломдық жұмыстар
Ермекова С. А. «Қаржы академиясы» АҚ. Білім беруде мультимедиялық технологияларды қолдану ерекшеліктері
Мухамедова У. К. Түсіну дағдысын дамытуда мультимедиалық құралдарды пайдаланудың маңызы. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік универститетінің роман-герман тілдер кафедрасы
Интернет мәліметтері