Наубайшы урок казахского языка в 4классе

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



Сабақтың тақырыбы: Наубайшы.
Сабақтың мақсатты:
1.
Білімділік: Оқушыларға нан туралы мәлімет беру. Жаңа сөздермен таныстырып, мәтінмен жұмыс жасау, әр тапсырмалар арқылы бекіту.
2.
Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты, қоршаған ортаны қадірлеуге, еңбек адамдарын құрметтеуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
3.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту. Ауызша және жазбаша тілдерін дамыту. Көру және есту қабілеттерін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: бейнетаспа макеті, сөздік жұмысы, доп, суреттер интерактивті тақта, үнтаспа, сөз - жұмбақ, т. б.
Сабақтың әдіс-тәсілі: көрнекілік, топпен жұмыс, сұрақ - жауап, тіл дамыту, ойын ойнату, т. б.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Үй жұмысы тексеру.
Мұғ.: - Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?
Оқу - р: - Аспаз тақырыбына байланысты сөздерді қайталап келу.
Мұғ.: - Жақсы. (Есікті біреу қағады).
Мұғ.:- Балалар, бүгін бізге сендердің білімдеріңді тексеруге «Рика ТВ» телекомпаниясының журналистері келіп қалды. Олардың сендерге үй жұмысына байланысты бірнеше қоятын сұрақтары бар. Сұрақтарына жауап береміз бе?
Оқу - р: - Иә, сұрақтарына жауап береміз. (Журналистердің сұрақтарына жауап береді).

ІІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Мұғ.:- Ребята, какие ассоциации возникают у вас при слове продукты. Подумайте. В каждой группе есть листы. Напишите их. (Оқушылар жазады).
Мұғ.:- Дұрыс, балалар. Дастарқанға бірінші қойылатын тағам – ол нан. Нан адамға қажетті азық - түліктің бірі. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – нан, наубайхана туралы.
Мұғ.:- Бүгінгі сабақта сіздер шығармашылық қабілеттеріңізді көрсетесіздер. Жаңа сөздермен танысып, мәтінмен жұмыс жасаймыз. Жаңа тақырыпты сөйлесу, сөзжұмбақ, әр түрлі тапсырмалар арқылы бекітеміз.

IV. Сабақтың тақырыбың түсіндіру.
А) Сөздік жұмысы:
Мұғ.:- Балалар, енді жаңа сөздермен танысайық. Тақтаға назар аударыңыз.
Оқу - р: Наубайхана – пекарня.
Наубайшы – пекарь.
Тұрғындар – жители.
Пісіреді – пекут.
Қадірлеу – ценить.
Керек – нужно.

Мұғ.:- Мен оқимын, сіздер қайталаңыздар.
Мұғ.:- Наубайхана – пекарня.
Оқу - р:- Наубайхана.
Ә) Ойын «Дұрыс айт»:
Мұғ.:- Балалар, енді жаңа сөздерді «Дұрыс айт» ойыны арқылы бекітеміз. (Мұғалім жаңа сөздерді араластыра отырып, оқушыларға сөздерді орыс тілінде айтады. Ал оқушылар допты қағып алып сөздерді қазақ тілінде айтады).
Б) Мәтінмен жұмыс.
Мұғ.:- Енді «Наубайхана» мәтінімен жұмыс істейік. Оқулықты ашамыз. 47 бет.
Оқу - р:- (Оқушылар оқулықты ашады, мәтінге назар аударады).
Мұғ.:- Мен оқимын, ал сендер тексеріп отырыңдар. (Мұғалім оқиды).
Наубайхана.
Бұл – наубайхана менің шешем наубайханада жұмыс істейді. Наубайхана қаланың ішінде. Онда көп адамдар жұмыс істейді. Олар барлық қала тұрғындарына нан пісіреді. Нанның түрлері өте көп. «Нан – ас атасы» деген мақал бар. Нанды қадірлеу керек.
Оқу - р: 1) Тізбектеп оқу. 2) Орыс тіліне айдару. 3) Жаңа сөздерді мәтіннен тауып алу, айту.
4) «Нан – ас атасы» деген мақалды түсіндіру.
В) Шығармашылық зертханада жұмыс.
Мұғ.:- Балалар, біз «Наубайхана» тақырыбына байланысты, сөздермен, мәтінмен танысып, бекіттік. Енді шығармашылық зертханадағы жұмысымызды бастайық.
Бізде 3 топ бар: 1. Ақындар. 2. Суретшілер. 3. Жазушылар.
Мұғ.:- Балалар, сіздер 3 - 4 минут аралығында «Наубайхана» тақырыбына байланысты шығармашылық тапсырмалар орындайсыздар.
1 топ – «Наубайхана» мәтініне сұрақтар құрастыру.
2 топ – Наубайхана суретін салу.
3 топ – Нанды неге қадірлеу керек? Деген сұраққа шағын хат жазу.
(Оқушылар дайындалады).
Мұғ.:- Енді, қадірлі қонақтар! Осы Қарғалы ауылының жас таланттарына жол берейік. Сахнаға ақындар тобы шақырылады. (Сөйтіп 3 топ та тыңдалады).
Мұғ.:- Міне, балалар, зертханада жақсы жұмыс жасадық. Жарайсыңдар!

V. Сергіту сәті. Мұғ.:- Балалар, сергіту сәтін өткізейік.
Оқу - р: Тербелейді ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп - кішкене ағаштар,
Су құйғанда өседі.
Г) Суретпен жұмыс. (суретті талдау)
VI. Сабақтың тақырыбын бекіту.
а) Мұғ.:- Балалар, енді интеактивті тақтаға назар аударайық.
Оқу - р: Ей, балалар, балалар,
Бар қасиет нанда бар.
Жерде жатса баспаңдар,
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
(Ө. Тұрманжанов).
Мұғ.:- Балалар, сіздерге ұнады ма тақпақ?
Оқу - р:- Иә, біздерге тақпақ ұнады.
Мұғ.:- Неліктен ұнады?
Оқу - р:- Бұл тақпақта нанды қастерлеу қоқымын шашпау, жерде жатса баспау және теріп алып торғайларға тастау туралы айтылады.
Мұғ.:- Дұрыс, балалар. Нан оңай келмейді. Көктемде тракторшылар жер жыртып, сеялкашы тұқым себеді. Егіншілер оны күтіп, баптайды. Көп еңбек сіңіреді. Міне, мынау қалың астық – сол көп еңбектің жемісі. (Мұғалім көрсетеді). Нан еңбек арқылы табылады. Сондықтан нанды қадіреу керек, жерге тастамау керек. (Тақпақты дәптерге жазу).
ә) Сөзжұмбақ.
Мұғ.:- Мына сөзжұмбақты мен әр топқа таратамын. Қай топ сөзжұмбақты бірінші шешеді, сол тақтаға осы сөзжұмбақты іледі.

Оқу - р: (Оқушылар топпен жұмыс істейді).

Мұғ.:- Балалар, сөзжұмбақты шештін. Қандай сөз шықты?
Оқу - р:- Бауырсақ.
Мұғ.:- Дұрыс айтасыңдар. Балалар, бір де бір тамақ нансыз қойылмайды. Сонымен қатар дастарқанға қазақтың бауырсағы, шелпектер, басқа да қолдан пісірілген нан түрлері қойылады. Олар торт, кекс, т. б. (Суреттерін көрсету).

VII. Сабақты қорытындылау.
Мұғ.:- Дастарқанға бірінші қандай тағам қойылады?
Оқу - р: - Дастарқанға бірінші нан тағамы қойылады.
Мұғ.:- Нан дастарқанға оңай келмейтінің себебі неде?
Оқу - р:- Нан дастарқанға оңай келмейтінің себебі нан еңбек арқылы табылады.
Мұғ.:- «Ас атасы - нан» деп неге айтады?
Оқу - р:- Себебі нан дастарқанға оңай келмейді. Сондықтан нанды қадірлеу керек, жерге тастамау керек.
Мұғ.:- Дұрыс. Балалар, жарайсыңдар.

VIII. Бағалау.
IX. Үйге тапсырма беру.
№ 47 бет. Наубайхана мәтіннің мазмұнын айту.