Ұлттық киім сабақ жоспары

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


[pic]



[pic]


[pic]





























7 сынып

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық киім

Сабақтың мақсаты:

Білімділік –ұлттық киімдермен таныстыру, көрсету, ұлттық сөзінің ерекшелігін көрсету, баяндау, есте сақтау қабілетін ұлғайту, білімдерін толықтыру.

Дамытушылық – ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша ой дамыту.

Тәрбиелік – адамгершілікке, ұлттық сыйластыққа, Отанымызға сүйіспеншілігін арттыруға  тәрбиелеу.

Көрнекілігі:  интерактивті тақта,активоте

Пәнаралық байланыс:  тарих, әдебиет.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа әзірлеу. Оқушылар үш топқа бөлінген.            

2. Үй тапсырмасын сұрау. Активоте арқылы тестілеу. Спикерлер бағаларын бағалау парағына енгізіп отырады.

3. Жаңа сабақ.  

3.1 Балалар, біз қазір қандай модульді өтіп жатырмыз? Ендеше киімге байланысты мақал-мәтелдермен танысайық.

1. Жылы киім тәнді жылытар, Жылы сөз жанды жылытар.

(Теплая одежда тело согревает, теплое слово – душу).

2. Киім кірі жуса кетеді, Көңіл кірі айтса кетеді.

(Одежда очищается при стирке, душа – от задушевной беседы).

 Балалар, тақтада не көріп отысыңдар?   Сонымен біздің сабақтың тақырыбы қандай?

3.2 «Ұлттық киім» асссоциация құру.       

3.3 Сөздік жұмысы. ( оқушылар жаңа сөздерді тыңдайды, оқиды, сөз тіркестерін құрайды)









3.4 Мәтін таратылады, тыңдалады. Мәтінмен жұмыс.

1 топ - мәтінді мазмұндайды

2 топ - диалог құрады

3 топ - постер жасап, қорғайды

Бағалау критерийлері беріледі.

Ұлттық киім

Қазақ халқының ұлттық киімдері климаттық жағдайлар ескеріліп, ежелгі дәстүрлер бойынша тігіледі. Қазақтарда ішкі, сыртқы, сулық, біркиер, сәндік, салтанат-ғұрып киімдері болады. Біркиер киім қымбат матадан тігілген. Той-думандарға барғанда, жат елге сапарға шыққанда киетін сәнді киім болған. Ішкі киімдер: көйлек, желет, кәзекей; сыртқы киімдер: шапан, күпі, кеудеше, тон; сулық киімдерге: шекпен, шапан, т.б. жатады. Қазақ әйелдерінің ұлттық киімі: көйлек, кимешек, қамзол, тақия, сәукеле, кәзекей, кебіс, мәсі, т.б.

3.5 Сергіту сәті.

3.6 «ішінде-сыртында» тапсырмасы орындалады. Мұғалім сөздерді оқып тұрады, ал оқушылар мәтінге байланысты сөздерді ішіне, мәтінге байланыс емес сөздерді сыртына жазады. Тақта арқылы жауаптарын тексереді.

3.7 Берілген етістіктерді етістіктің үш шағына қойып жіктеу.

1 топ – алу ( келер шақ)

2 топ – тігу ( нақ осы шақ)

3 топ – көрсету ( өткен шақ)

4. Бекіту.  

Бес жол өлең жазу. ( қорғайды)

 5. Қорытынды.  

Сонымен, балалар, бүгінгі сабақты қорытындылаймыз. Қазақтың ұлттық киімдерінің ерекшелігі қандай? (ою-өрнекпен, асыл тастармен, моншақтармен әшекейленеді, қымбат маталардан, аңдар терісінен тігіледі.)

 6. Үйге тапсырма беру.                                   

  7. Бағалау.