Мұғалім Шипина Ә.А. күні:
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Наурыз мерекесі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: наурыз мерекесі туралы түсінік беру.
Дамытушылық: ұлттық мерекелерге деген қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік:.ұлттық мерекеге деген құрмен сезімдерін тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, көрнекілік
Жабдықтау: тақырып бойынша мазмұнды суреттер, карточкалар.
Сөздік қоры: Қайталау. Жаңа жыл, Аяз ата, Ақшақар, шырша, сыйлықтар.
Жаңа сөздер. көбелек, киіз үй, домбыра, тақия, ою.
Сабақтың барысы
І. Сабақ ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Тіл дамыту.
ІІІ. Өткенді қайталау.
«Игровизор» ойнау
ІУ. Жаңа тақырып.
Тақырыпты ұсыну.
Тапсырмалармен жұмыс жүргізу.
Сергіту сәті
У. Қорытынды.
УІ. Мадақтау.
УІІ. Тапсырма.
Мұғалім балалармен жылы қарым – қатынас орната отырып, олардың оқу іс – әрекетіне деген жақсы көңіл күйінің қалыптасуына баса көңіл аудару.
Сенің атың кім?
Сенің фамилияң кім?
Сен қайда тұрасың?
Сенің ұлттың кім?
Өтілген сөздерді қайталау.
«Көктем» туралы сұрақтарға жауап беру:
Қазір қандай жыл мезгілі?
Көктем айлары қандай?
Қазір қандай ай?
Қыста күн қандай болады? Аяз болады ма?
Адамдар қандай киім киеді?
Балалар не тебеді?
«Игровизор» арқылы өткен тақырыптардағы сөздерді қайталау.
Бүгінгі тақырыбымыз «Наурыз мерекесі.»
Жаңа сөздермен танысу: Қайталау. Жаңа жыл, Аяз ата, Ақшақар, шырша, сыйлықтар.
Жаңа сөздер. көбелек, киіз үй, домбыра, тақия, ою.
Әрбір жаңа тақырып әліппе – дәптерде берілген алғашқы суретке оқушылардың назарын аудару арқылы ұсынылады. Мұғалім осы сурет бойынша тақырып туралы түсінік береді.
Мұғалім әліппедегі берілген сурет арқылы балаларға наурыз мерекесі туралы түсінік береді.
Мұғалім балаларды киіз үй, домбыра, тақия, ою деген сөздермен таныстырады. Сөздерді тыңдау, қайталау жұмыстары жүргізіледі. Оларды наурыз мерекесіне арналған суреттен табады.
Мұғалім балаларға бата мазмұнын түсіндіреді.
Балалар кішкентай тақияларға қарап отырып, үлкен тақияны өздері бояйды. Осыдан кейін үлестірмелі материалмен жұмыс істейді. Жапсырмаларды пайдаланып, ою жасайды.
Балалар суретте берілген тақияларды санайды, олардың түсін ажыратады.
Қане , қанат жазайық.
Қарлығаш болып ұшайық.
Ұшып ұшып алайық.
Орнымызға отырайық.
Мұғалім балалармен оқу іс – әрекеті барысынан алған әсерлері туралы еркін әңгіме жүргізу арқылы сабақты қорытындылайды.
Сәлемдесіп, көңіл күйлерін айтады.
Балалар берілген сұрақтарды. ұқыпты тындап дұрыс жауабын айтады.
Балалар берілген тапсырманы орындайды.
Балалар назар аударып жаңа сөздерді дұрыс айтып береді.
Балалар суретке қарап дұрыс жауап береді.
ә/ Мұғалім оқиды, балалар қайталайды.
б/ Мұғалім оқиды, балалар тізбекпен қайталайды.
в/ Балалар сөз тіркестерді құрайды.
Балалар сұрақтарға дұрыс жауап береді.
Балалар тыңдайды, қайталайды.
Балалар сергіту сәтін қимылымен орындайды.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Балалар күнделікті сөздерді игеріп , оларды орынды пайдалануға дағдыландыру
Меңгеру керек: Жаңа сөздерді сөйлем құрастыруды, әріптерден сөз құрап дыбыстық талдау жасауды меңгереді
Үйрену керек: Күнделікті пайдаланытын сөздерді дұрыс айтып , қимылдарын жасауға үйренуге тырысып жасауды көрсетеді.