Сабақ бойынша тренердің жазбалары: 1-сабақ 1-тапсырма. Сергіту сәті + топқа бөлу (13 минут) Оқушыларды сағаттын түрлерімен топқа бөлу, яғни қабырға сағаты, қол сағаты және үстел сағаты деп. Оқушылар өзіне ұнаған сағатты тандау арқылы топқа бөлінеді. Сергіту сәті. «Көршінді таныстыр» Бұл сергіту сәті оқушылардың бірін-бірімен танысу және өзара арасында достық қарым-қатынас құру. Топ ішінде екі бала бірін-бірін таныстырады. Тірек ретінде карточка берілді соны толтырып жауап беру кезінде ұмыту, шатасу деген қателерінін болмауын туғызады. Ол карточкада: name, age, hobby сияқты керек сөздер бар. Жаттығудың психологиялық мағынасы: Сезімдерді айқындау, өзінің және досының қызығушылығын білу, эмоционалды контакт құру, ынтымақтастықтың дамуы, досын немесе көршісін құрметтеу. 2 тапсырма. Топта жұмыс жасау ережесін құру. Топ ережесін құру әр топқа А4 беті беріледі топтан 2-3 ереже шығарып оны үлкен ватманга жапсыру, ілу және сол ережені сабақ үстінде есте сақтау. Мысалы мынадай ережелер: сабақта тыныш отырып мұқият тындау, топпен бөлісу.
3 тапсырма. Жаңа сабақты диаграмма арқылы оп ішінде ашу. Жаңа сабақты ашу үшін жаңағы топқа бөлудің мақсаты неде екенін айта кету, яғни не үшін топқа сағат түрлерімен бөлгеніміздің маңыздылығын сұрау, айту. Жаңа сабақты ашу үшін оқушылар оқулықтағы диарамма ны қарап, алдымен өзі содан топ арасында өзара талқылап, артынан үш топпен талқылау. Нәтижесі: Уақыт деген сөздің мағынашын ашу, яғни ол тек сагат емес уақыт түрлері, уақыттың үнемділігі және уақыт –ол өтіп жатқан өмір екендігіне көздері жетуі. 4 -тапсырма. Сұрақ- жауап. Диалог түрінде өтілетін тапсырма. Топ 5 және 4 адамнан құралған әр топқа үш сұрақтан беріледі. Сол топ ішінен екі адам тұрып біреуі топ ішінде талқыланған және сұраққа жауап оқиды. Қалған топ қатесін тексереді. Жаттығудың тиімділігі: Ынтымақтастықтың дамуы, топтың басқа мүшелерімен өз іс-әрекетіңді бөлісуді үйрену, ағылшынша сөйлеуі және лескиканың дамуы. 5-тапсырма. «Сен қандай амбициялысын?»жаттығуы. Әр топтың мүшелері тесті толтырады , тест 8 сұрақтан құралған ағылшын тілінде. Жауабын қарап неше балл жинағанын санайды да, 0-30 балл жинағандар үшін: өте емес амбиционды адамдар олар өмірде өздерінде бар нәрсеге бақытты(You are not very quite ambitiouns. You are happy with what you have); 0-40 баллдық жүйе алғандарға орташа (you are quite ambitiouns); 60 –тан жоғары, олар өте амбиционда адамдар өмірдегі қажетті керек нәрсеге қол жеткізе алатын адамдар ( you are very ambitiouns. And try to be good to people. Good luck!).Оқушы өз тестін өзі тексеру арқылы жауабын табады. Жаттығудың психологиялық мағынасы: Бұл жаттығу баланың өмірге көз қарасын өзгерте алатындығы өз қолында екенін түсіндіруге арналған және де алда өткен тақырып арқылы уақытты бос өткізбеуге шақырады. 6- тапсырма. Қосымша тапсырма . Оқушыларға арналған деңгейлі нашар, орта және жақсы оқитын балаларға арналған. Ауызша жауап беру, топ ішінде талқылау, логикалық ойлау және танымдылық жаттығуы. Топ алдына кесте беріледі , ол кестеде 4 мезгілден тұрады, яғни an ancient period/many many years ago/years ago /now деген төрт бөліктен тұрады соған таратылғат сағат түрлерін қою керек. Топ ішінде пікрелесу, тақта шығып айту. Бағалау. Әр топ өзін -өзі бағалайды. |