Открытый урок по казахскому языку Жабайы аңдар

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Қысқа мерзімді жоспар

Заречный орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шекерова А.Б

[link]


Күні: 15.10.2015

Мектепалды даярлық тобы

(орыс тілді мектеп үшін)

Сабақтың

тақырыбы

Жабайы аңдар

Мақсаты


Білімділігі: Жабайы аңдармен таныстыру. Жабайы аңдардың атын дұрыс айтуға үйрету. Балаларға сұраққа толық сөйлем құрап, жауап беруге үйрету.

 Дамытушылық: Сөздік қорын байыту, тіл мәдениетін жетілдіру. Жабайы аңдардың кейбір ерекшеліктерін салыстыру, қоректенуі туралы түсінік беру.

 Тәрбиелік: Аңдардың түр-түстеріне көңіл аударып, оларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Жаңа білімді меңгерту

Пәнаралық байланыс

Музыка, өзін-өзі тану, қазақ тілі

Көрнекілігі: 

Слайд жабайы аңдардың суреттері, құрастырма суреттер, орман көрінісі, жұмсақ ойыншықтар.


Күтілетін  нәтиже


Нені білу керек: аңдардың жалпы атауын (қасиетін)

Нені игереді: аңдардың мекенін,қорегін

Нені біледі: аңдардың аттарын.

Сабақтың барысы:

Сабақ

кезеңдері

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық




Ұйымдастыру кезеңі

Сәлеметсіңдер ме, оқушылар.

Шаттық шеңбері

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Қуанайық достарым,

Жарқыраған күнге.


Фонетикалық жаттығулар

Қа-қа-қа, ұшты қарға.

Ыз-ыз-ыз, Настя жақсы қыз.

Ға-ға-ға, мынау үлкен аға,

Шақ-шақ-шақ, міне қуыршақ.

Жық-жық-жық-бұл қонжық.




Сәлемдеседі

Шаттық шеңберді құрып, амандасады.






Балалар дыбыстарды дұрыс шығара отырып,фонетикалық жаттығуларды орындайды.

Ұйымдастырушылық –ізденушілік

































































Рефликсивті-түзетушілік

   Қызығушылығын ояту.

Мультсериал көру «Ну Погади!»

-         Не көрдіңіздер?

- Бұлар нелер?

-         Бұлар қандай жануарлар? Немен қоректенеді?

-         Олай болса, бүгінгі сабағымыз «Жабайы аңдар»  деп аталады Жабайы аңдар орманда, таулы жерде мекендейді. Олар өз азықтарын өздері тауып жейді. Аңдардың бізге пайдасы мол, олардың терісінен тон, жаға киімдер, бас киімдер тігеді. Қасқыр мен жолбарыс өздерінен кіші аңдарға шабады. Түлкі ұсақ аңдар мен, тышқандармен қоректенеді. Қоян шөптермен қоректенеді, ең сүйікті тағамы – сәбіз. Аю – жазда жеміс – жидектермен ал қыста ұйықтайды.

  Бүгінгі сабағымызда орманға саяхат жасаймыз.

-         Балалар, орманға келдік, мынау қандай аң?

-         Қоян.

-         Дұрыс, енді балалар сол қоянның бізге тапсырмасы бар екен, оны орындамасаңдар орманға кіргізбеймін дейді, қоян. Орындаймыз ба?

Қоянның тапсырмасы:  - Мына суреттегі аңдардың атын атап бер.

-         Қоян қандай?  Қоян қорқақ.

-         Түлкі қандай? Түлкі айлакер.

-         Қасқыр қандай? Қасқыр жыртқыш.

    Ары қарай жүрейік:  Алдымызда қандай аң кездесті? Қасқыр.-     

Қасқырдың тапсырмасы:

    «Кім жылдам?» ойынын шапшаңдыққа баулу үшін ойнаймыз. Үстінде аңдардың суреттері жатыр. Соларды үй жануарлары және жабайы аңдар деп екіге бөліңдер. Соларды тез жинау.

Сергіту сәтін орындап жіберейік.

Дыбыстық жаттығулар орындайық: менен кейін қайтала.

-         Ыр, ыр, ыр ырылдайды қасқыр,

-         Кі, кі, кі бұлаңдайды түлкі,

-         Ян, ян, ян жүгіріп  жүр қоян,

-         Ю, ю, ю қорбаңдайды аю. 

-кі-кі-кі –кішкентай кірпі.


алдымыздан шыққан аңның аты не? Жолбарыс


Жолбарыстың тапсырмасы:  «Не жейді?» Жануарлардың нені жейтінін айту керек. (Суретпен жұмыс).  

«Аңдар қалай қозғалады?». Музыкамен аңдар

қозғалып шығады, қоян секіріп, түлкі бұлаңдап, аю қорбаңдап.

Ары қарай жүреміз. Алдымызда аңның аты не?

Түлкінің тапсырмасы

Жануарлардың құйрығын тап.

-         Аңдардың қиылған суреттерін құрастыруға беріледі. (аңдардың суретін қиып, құрастыру керек)

--     

-         Балалар, біз бүгін жабайы аңдармен таныстық.


-         Олар қайда мекендейді екен?

-         Қандай жануарлармен таныстық?

Балаларды мадақтау.

Бүгінгі сабағымызға қатысқандарыңызға рахмет.

Орнымыздан тұрайық,

Түзу сызық құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау – саламат болайық.

Балалар мультфильмді көреді. Тыңдайды.

Сұрақтарға жауап береді.
























Қоянның тапсырмасын орындайды.






Қасқырдың тапсырмасын орындайды















Жолбарыстың тапсырмасын орындайды.



Қимылдайды.




Түлкінің тапсырмасын орындайды.








Балалар сабақты қорытындылап, өздері туралы не білгендерін айтады.