Сырлы бояудың сиқырлы әлемі ( 6 сынып)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...




«Бекітемін»

МДОТЖО: Тұрланова К.


Бейнелеу өнері пәнінен қысқа мерзімді жоспары

Бейнелеу өнерінен алған білімдерін тиянақтау;

Оқушыларға өз бетімен ізденуге бағыт беріп, ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту;

Оқушылардың ұйымшылдыққа, тазалыққа тәрбиелеу;

Сілтемелер

Бейнелеу өнері оқулығы, 6- сынып. Интербелсенді тақтадан түрлі тапсырмалар, дәптер, акварель бояуы

Дәйек сөздер

Ә.Қастеев: «Өнерді таудың бұлағынан,

Қойдың құлағынан,

Апамның киізінен,

Ешкінің мүйізінен үйрендім»

Оқыту нәтижелері

Сурет салу ережелерімен жұмыс жасай біледі.

  • Топпен пен жұмыс істей білуге үйренеді.

  • Өз ойын еркін жеткізе біледі.

  • Тақырыпты меңгереді

  • Өз-өзін бағалау қалыптасады

Негізгі идеялар

Көру, ойлау, байқау, сызба, суреттеуді, түсінуді дамытуға көмектеседі.

Тапсырма көздері


Оқушылармен сәлемдесу, құралдарын түгендеу. Үш түрлі қағазды конфет арқылы топқа бөліну. «Палитра», «Гризайль», «Мозайка» топтары. Анықтамалары слайд арқылы көрсетіледі.. Әділ-қазылар алқасы таныстырылады.

1. «Ой қозғау» «Кім көп біледі?» сұрақтарға-жауап

1.Бейнелеу өнеріндегі бояумен салынатын суретті не деп атайды?

2. Графика дегеніміз не?

3.Натюрморт деген не?

4.Пейзаж деп нені атаймыз?

5.Перспектива дегенді қалай түсінеміз?

6.Композиция деген не?

7.Маринистік жанрды қалай түсінеміз?

8.Батальдық жанр деген не?

9.Анималистік жанр деген не?

10.Қазақстанның тұңғыш суретшілерін ата?

11.Атақты Жаконданы бейнелеген Итальян суретшісі?

2. «Миға шабуыл» Қолданылатын заттардың пайдасы мен зияны. Тұз, ас содасы, сабын.

3. Шығармашылық жұмыс. Үш топ тақырыптарды таңдайды. «Достық», «Бейбітшілік», «Мейірімділік» Таңдап алған тақырып бойынша әр топ жұмыс жасайды. Және қолданатын заттарды таңдайды.Сол заттарды пайдаланып, әр топ тақырыптарына байланысты сурет салады. Топпен жұмыс жасайды. Салған суреттері бойынша әңгіме құрастырады.

Бағалау

Әділ-қазылар топтардың бағасын береді.Мақтау қағаздармен марапаттау.

Кері байланыс

  1. Білемін

  2. Білдім

  3. Білгім келеді


Үйге тапсырма

Оқулықтағы «Мүсін» туралы оқу, іздену