Сабақтың тақырыбы: «Қозғалыстағы аңдардың мүсінін жасау техникасы». | МЕКТЕП: Саран қаласы №4 ЖББМ
|
КҮНІ: 15.04.2016 | МҰҒАЛІМНІҢ ЕСІМІ: Бекжанова Курмет Советовна |
СЫНЫП: 6 «б»
| ҚАТЫСҚАНДАР САНЫ: 20 | ҚАТЫСПАҒАНДАР САНЫ: - |
САБАҚТА ҚОЛ ЖЕТКІЗІЛУГЕ ТИІСТІ ОҚУ МАҚСАТЫ | Қарапайым мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Жануарлардың дене мүшелерінің қозғалысын мүсіндей білуге үйрету. Ермексазбен мүсін жасап үйренеді. Жануарларға қамқорлықпен қарайды. |
САБАҚ МАҚСАТТАРЫ | Барлық оқушылар (А, В, С оқушы жасай алады): |
- мүсін жасайды, өз ойын еркін айтады , тобындағы достарына көмектеседі, сабақта белсенді жұмыс жасайды. |
Оқушылардың басым бөлігі (А, В (көптеген оқушылар жасай алулары керек): |
- мүсінді жасай алады, жұпта бағалай алады. |
Кейбір оқушылар (А (кейбір оқушылар жасай алуы тиіс)): |
- мүсінді қозғалыста көрсете біледі. |
ТІЛДІК МАҚСАТ | Оқушылар (сипаттай алады): - Белсенді іс- әрекетте мүсінді бөлшектерді біріктіріп орындау кезеңдерін түсіндіре алады. |
Негізгі мүсін өнеріндегі терминдерді айта алады (Оқушылар осы сөздермен не істей алады. Мысалы: жұмыр мүсін сөзімен не істей алады?) ойын еркін айтады, терминдерді қолдана алады. |
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер (Тілдік стратегиялар: оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым): Сыныпта жұптық жұмыс жасап, бірі- бірін бағалай алады. Алған теориялық және сарамандық білімдерін ортаға салып, постерге түсіреді (жазылым дағдысы). Өз ойларын ортаға салады және әр топ оқушылары бір – бірінің пікірін тыңдайды (айтылым және тыңдалым дағдысы).
|
Талқылауға арналған тармақтар: |
Үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсінуде талқылау жұмыстары жүргізіледі. |
Сіз неліктен...екенін айта аласыз ба? |
Оқушылар алған білімдерін талдап, өз пікірлерімен бөліседі. |
Жазылым бойынша ұсыныстар: |
Оқушының осы дағдыны өмірде қолдана алуы, сол қажеттілікті мұғалімнің оқушы санасына жеткізе білуі керек. |
АЛДЫҢҒЫ ОҚУ Ж. «Мүсін өнері» теориялық білім, бөлшектеп мүсін жасау дағыдысын қалыптастыру. | Өткен білімді еске түсіру және байланыстыру Үйге берілген тапсырма «Мүсін өнері» теориялық білімдерін топта постерге салып қорғайды, қайталайды, толықтырады. |
ЖОСПАР |
ЖОСПАРЛАНҒАН УАҚЫТ | Жоспарланған жаттығулар | РЕСУРСТАР |
Қызығушылықты ояту
4 мин
| Топта ынтымақтастық ортаны орнату. [pic] Бір-біріне тілек білдіреді. «Алтын балық» сабақ алдындағы психологиялық ахуал. [pic] Бейнелеу өнері сабағына деген тілектерін стикерге жазады, жапсырады. Сыныпты санау арқылы топқа бөледі. |
Стикер
|
Үй тапсырмасы 7 мин | Қима қағаздар арқылы топ тапсырмасын алу. Қима қағаздарды құрастырып, үй тапсырмасының теориялық материалдарын қайталау тапсырмаларын алады. Өткен сабақты бекіту мақсатында үй тапсырмасына әр топ постерға үй тапсырмасын орындап,қорғау. 1-топ-«Мүсін өнері» туралы 2-топ «Бедерлі мүсін»туралы. 3-топ «Жұмыр мүсін» туралы. Тақырыптар бойынша постерді орындайды,қорғайды.Мәліметтерін толықтырады. Сергіту сәті. Отшашу. | Қима суреттер, А-3 қағаздары, стикер, фломастерлер,бояулар.
|
Негізгі бөлім 7 мин
| «Қозғалыстағы жануарларды бейнелеу» туралы презентация, бейнебаян жұмыс кезеңдерімен таныстыру, көрсету. Сұрақтарға жауап береді.Мәліметтер алады. | Презентация.
|
Сарамандық кезең 15мин | Әр топқа жануарлардың қозғалыстағы мүсінін жасау. 1 топ-Үй жануарларын мүсіндеу. 2-топ Дала жануарларын мүсіндеу 3-топ Су жануарларын мүсіндеу.Бағалау критерийлермен танысады. Берілген бағалауға сүйене отырып, жұмыр мүсін орындайды. | Ресурстар жануарлар суреттері,интербелсенді тақта. |
Жұпта бағалау 7мин
| Бағалау: 1.Мүсіннің көлемінің тым кіші болмауы. 2.Мүсіннің орнықты болуы. 3.Пропорцияның сақталуы.(басы, денсінің сәйкес келуі) 4.Бөлшектердің тұтастығы, дұрыс біріктірілуі. 5. Қозғалысты көрсете білу және ұқсастығы. | Интербелсенді тақта. |
Қорытынды бөлім. | «Егер мен мүсінші болсам, қандай мүсін жасар едім?» тақырыбына эссе жазу. Эссе жазу арқылы өз ойларын еркін жазады. | А-4 парақ. |
Рефлексия 3мин | «Алтын балық»қа жазған тілектерін оқу. Оқушылар стикерге жазылған тілектерін оқиды. |
|
Үйге тапсырма. 2 мин | Критерийге сай «Менің сүйікті жануарым» тақырыбында бедерлі мүсін жасап келу.
| Күнделіктер. |
-Барлық оқушылар (А, В, С):
| Барлығы: Барлығы А (жоғары), В (жақсы), (орташа): мүсінді кезең бойынша орындап шығады, ізденеді, шығармашылық танытады. Көпшілігі (А,В): мүсінде қозғалысты көрсете біледі. Кейбіреуі (А): өз ойын еркін айтады және жазады, тобындағы достарына көмектеседі, сабақта белсенді жұмыс жасайды. |
|
Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1:Оқушылар үй тапсырмасын қорытындылауда постер арқылы теориялық білімдерін көрсете алды. 2: Барлық топ мүшелері сабаққа белсенді қатысты. 3: Сарамандық жұмысты барлық оқушы орындай алды.Барлық оқушы мүсін жасай алды. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Оқушыларға пікірін айтуда еркіндік беру. |