13.04.2016
Ақшұқыр мектеп –лицейі
Бейнелеу өнері
5 – сынып
Акбаева Замира Керимовна
Сабақтың тақырыбы:
Көркемдік құрастыру
«Көктем гулдері»
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік:
Оқушыларға тың мәліметтер беріп, білімді қалыптастыру, жаңа мағлұмат беру және оқушыларды дизайнер – суретшілердің жұмыстарымен таныстыра отырып, олардың қарапайым құралдармен тиімді әдістерді қолдана отырып жұмыс істеуін оқушыларға үйрету, ұқыптылыққа баулу.
ә) Дамытушылық:
Сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру, оқушы санасына терең сіңіру. Балалардың ойлау қабілетін дамыту, ұқыптылыққа, жинақтылыққа тәрбиелеу, балалардың эстетикалық талғамын байыту. Өзін-өзі басқара іс атқаруға, бір-бірімен ұйымшыл, дос болуға тәрбиелеу.
б) Тәрбиелілік:
Сурет салдыру арқылы оларды тазалыққа, ұқыптылыққа үйрету. Жеке тұлғаның логикасын дамыту өз алдына жұмыс жасауға, өз ойын еркін жеткізе білуге дағыдыландыру.
Құрал-жабдықтар,көрнекілік құралдар: Иллюстрациялар, слайд,
альбомдар, плакаттар, қарындаштар, ақ қағаз, 5-сынып оқулығы және түрлі – түсті қағаздар, қатты картондар, желім қайшы тағы басқа.
Сабақтың өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4. Тапсырмаларды орындау.
5. Жаңа сабақты бекіту.
6. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы: Жаңа сабақ
Оқушыларға бейнелеу өнерінің түрлерін терең таныстырамын. Бейнелеу өнері өмірді қолмен ұстап, көзбен көргендей етіп, көркем бейнелер арқылы баяндайды. Көркем шығармалар айналамыздағы дүниені жақсырақ, толығырақ түсінуге үйретіп қана қоймай, ол біздің ой-санамыз бен түйсік-сезімімізге тікелей әсер етеді. Сол себепті біз бейнелеу өнері туындыларын әр деңгейде қабылдаймыз. Олардың мазмұнына мән беріп қараймыз. Бейнелеу өнерінің адам үшін берері мол. Көркем шығармалар арқылы өткен өмір тарихына назар аударып, оны көз алдымызға елестете аламыз. Бейнелеу өнерінің ерекшелігі – суретшінің өз көзімен көріп, түсінген шындығын сол сәтімен айқын көрсетуінде. Суретші образдардың, өмір шындығының типтік жағын таңдап ала отырып, заманның тыныс-тіршілігін жинақтап, жан-жақты бейнелейді. Адамзат өмірінде бейнелеу өнерінің маңызы өте үлкен, оның қоғам өміріндегі рөлі де аса зор. Суретшінің сұлулықты дұрыс түсіне білуінің маңызы зор. Біреулер кемелдікке суреттің композициялық құрылысы арқылы, енді біреулері живописьтік құрылысы арқылы ие болады. Бәрін бірдей үйлестіріп келтіру барлық адамның қолынан келе бермейді. Әр суретшінің шығармасы оның өзіндік ерекше белгілерімен, қолтаңбасымен айқындалады.
Бейнелеу өнері алуан түрлі де, алуан қырлы. 19 ғ-ға дейін сәулет, мүсін және живопись өнердің басты үш түрі болып есептеледі. Ал 19 ғ. Аяғына қарай графика қызметтік және қосалқы түрден өнердің жеке және мүлдем дербес бір түріне айналды. Соңғы 20 жылда өнердің дизайн сияқты түрі де өте айқын бейнесін тапты.
.
Кескіндеме (Живопись) – бейнелеу өнерінің неғұрлым бай әрі кемел түрі, онда бейнелеудің сан алуан құралдары қолданылады. Суретшілер өнердің ұшы-қиярсыз осы саласына өздері сүйген әуен-тақырыптарды таңдап алады. Біреулері портрет жазғанды ұнатады, екіншілері пейзажды, үшіншілері тарихт, соғыс немес тұрмыстық көріністерді бейнелеуге құштар. Бейнелеу өнгерінің бұлай сипатталуы оның жанрларға бөлінуі деп аталады. «Жанр» - француз сөзі, «түр» немесе «тек» деген мағынаны білдіреді.
[pic] [pic] [pic]
Сәулет өнері адамдардың өмірі мен қызметіне қажетті, материалдық тұрғыдан ұйымдасқан орта құрайтын үйлер мен құрылыстар, сондай-ақ кешендер, қоғамның эстетикалық көзқарасына сәйкес құрылыстар, сәулет өнері мәдениет саласын құрайды. Қазақстан сәулет өнері қалыптасуының өзіндік тарихы бар. Қазақстанда 6-18 ғасырлар аралығында ғажайып сәулет өнерінің ірге тасы қаланып, қалалар тұрғызыла бастады. Атап айтқанда: Сауран, Отырар, Тараз, Баласағұн қалалары Жібек жолы бойында ерекше сән-салтанатқа ие болады. Отырар - Қазақстанның орта ғасырлардағы әйгілі қалаларының бірі. 8 ғасырда Фараб деп аталған. Ол - ұлы ғұлама бабамыз әл-Фарабидің туған жері. Қазба жұмыстар нәтижесі Отырарда сәулетті сарай, мешіттер болғанын дәлелдейді. Отырар - қазақ халқының көне тарихының көзіндей ежелгі қаланың бірі. Тараз. Таразда 5-18 ғасырларда тұрғызылған сәулетті сарайлар, мешіттер сақталған. Қазіргі Алматыдағы «Арасан» моншасының шығыс бөлігі осы Тараз моншасының жүйесіне сүйеніп салынған. Айша Бибі кесенесі - 12 ғасырда тұрғызылған қазақ сәулет өнерінің маржаны.
Тараз қаласы аймағында ертерек пайда болған ескерткіш - Бабажа хатун кесенесі (11ғ.). Ескерткіштің құрылысы өте қарапайым, ол күйдірілген кірпіштен қаланған. Кезінде төбесі сан қырлы күмбезбен жасалған. Бұл ескерткіш - көшпенді халықтың талай сәулет кешендеріне үлгі болған классикалық құрылыс.
Түркістан қаласы қазақ хандығының орталығы болған. Ахмет Йяссауй кесенесі осында орналасқан. Ғимараттың ішкі-сыртқы беті жылтыр, түрлі түсті мозайкалар өрнектерімен әшекейленген. Қазақ сәулет өнерінің дүние
жүзіне танымал, классикалық көне .
[pic] [pic]
Дизайн тарихы ХХ ғасырдың басында басталды. Сондықтан оның тарихы өте қысқа. Дизайн өнері адамдардың әдемілікке, қолайлылыққа ұмтылуларынан шыққан. Ал жақсы өмір сүруге адамзат пайда болғаннан бері ұмтылып келеді. Сол себепті дизайн өнері ХХ ғасырда басталғанымен, оның тарихын өте ертеден іздеу керек. ХХ ғасыр техника мен ғылымның өркендеп даму ғасыры болды. Ғылым мен техниканың дамуы дизайн өнерін де дамытты.
Алғашқы дизайнер мамандарды даярлайтын жоғары мектеп 1919 жылы Германияда ашылды. Ол «Баухауз» деп аталды. Бұл мектепте сәулет өнері, сурет өнері шеберлері сабақ берді.
[pic] [pic]
Ғылыми тұрғыда дизайнның пайда болуы 1928 жыл, ал оның отаны АҚШ болып есептеледі. Онда осы уақытта бірнеше дизайнер фирмалары құрылды.
Ресейде жоғары көркем - техникалық шеберханалар 1920 жылдардан бастап құрылды. Алғашқысы Мәскеудегі мемлекеттік жоғары көркем - техникалық шеберхана болды. Кейіннен осы шеберхана институт болып қайта құрылды.
Дизайн бірнеше түрге бөлінеді. Олар:
- көлік құралдарын жобалау (көлік ұшақтары, су кемелері, автомобильдер, т. б.)
- тұрмыс бұйымдарын; электр аспаптарын, ыдыс, жиһаз, киімді, т. б. жобалау,
- интерьер және экстерьер дизайн;
- жарнама дизайн;
- фотодизайн.
Фитодизайн – өсімдіктерді көркемдеп әшекейлеу. Грек сөзінен аударғанда «фито» - өсімдік деп аталады. Фитодизайн жасау үшін оған нақты жағдай жасап, өзінің орындалу тәртібін қолдану қажет.
Кез – келген композицияны құрастыру үшін өсімдік түрлері, құты, ұстатқыштар, құрал - саймандар, қажет. Композицияға қажетті өсімдік түріне бөлме өсімдіктері, кесіп алынған өсімдіктер, жасанды өсімдік түрлері қолданылады. Тірі өсімдіктерді пайдалану жыл мезгілдеріне байланысты, жасанды гүлдердідүкеннен сатып алып немесе қолдан құрастыруға синтетикалық табиғи материалдардан жасауға болады. Сонымен фотодизайнда құтылардың атқаратын рөлі зор. Олар – шиша, пластмасса, фарфор, қыш, тас құтылар,
Июанс - композициялық үйлесімдіктің сәтті шығуы.
Жалпы дизайн өнерінің өмірде араласпайтын жері жоқ, өндіріс болсын, күнделікті қолданылатын үй жиһаздарынан бастап жеке бұйымдарға дейін дизайндық үлгіде жасалады. Бүгінгі өмірде дизайнның алатын орны ерекше. Үйдің ішкі және сыртқы құрылысын еуропалық дизайнмен жасақтау дәстүрге айналып барады. Бұл да жетістік болып табылады. Дегенмен бүгін біз өз еліміздің, Орта Азия мен Қазақстанға тән ортақ дизайн үлгісінің әдіс-тәсілдерін іздеуге жаңа ықпал жасауымыз керек. Әсіресе өсіп келе жатқан ұрпақтың сән- салтанатты тұрмысының құрылымдық ерекшелігі әдемі болуы тиіс. Дизайн дегеніміз - кез келген бүұйымның жаңа үлгісін жан-жақты салыстырып, заман талабына сай жасау деген сөз. Осы орайда ұлттың өзіндік қолтаңбасы бар көркем бұйымдар жасаудың жаңа үлгісін табу өнеріміздің озық үлгісіне айналмақ. Еуропаға еліктеп, ұлтымызға тән өнеріміздің қадір-қасиетін жоғалтып алмауымыз керек.
Тапсырмаларды орындау;
Оқушылардың өз бетімін жұмысы,
Оқушыларды үш топқа бөлу
Бейнелеудің негізгі үш түсі: қызыл сары көк - түстерін негізге ала отырып үш топты атадым.
[pic]
[pic] [pic] [pic] [pic] [pic]
Әр топқа екі тапсырмадан беріледі
Суреттке әнгіме құрастыру (дизайн өнері)
Сен сәулетші болсаң , Таушық ауылын қалай көркейтер едің?
Жаңа сабақты бекіту;
Дизайн өнері деген не?
Сәулет өнері деген не?
Сергіту сәті: әр топтпн бир оқушыдан шығады сезімтал саусақтар атты ойын ойнайды
Қорытынды, бағалау:
Үйге тапсырма беру: Көктем қызғалдақтарының суретін салу.
[pic]
Суреттке әнгіме құрастыр
[pic]
Суретті әнгімелеп бер.
[pic]
Суретте не бар? Қандай өнерге жатады?
[pic]
Қызыл түс тобы
[pic]
Сары түс тобы
[pic]
Көк түс тобы
Сен сәулетші болсаң , Таушық ауылын қалай көркейтер едің?
Суретін салып көрсет
Сен дизайнер болсаң , Сәукелені қалай сәндер едің?
Суретін салып көрсет
Сен кескіндемеші болсаң, төрт түлік малды қалай бейнелейсін?
Суретін салып көрсет