Сабақ жоспары бейнелеу өнері пәнінен Портрет түрлерімен танысу (4 сынып)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Жамбыл облысы,Талас ауданы Ә.Сағынтаев атындағы орта мектептің бейнелеу өнері ,сызу пәнінің мұғалімі Жолдасбекова Гаухартас

Сабақтың тақырыбы : Портреттің түрлерімен танысу . 4 сынып

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды портрет түрлерімен таныстырып және олар туралы мәлімет беру. Оны бейнелей білуге үйрету.
Дамытушылық: Портрет түрлерін ажырата білуге, суретшінің айтайын деген ойын, көз қарасын түсіне білу дағдыларын дамыту. графикалық біліктер мен дағдыларды дамыту.
Тәрбиелік: Өнерді қастерлеуге, эстетикалық тәрбие беруге, ұқыптылыққа, сұлулықты түсіне, сезіне білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, портретті бейнелеу.
Көрнекілік: Оқулықтағы иллюстрациялар, белгілі суретшілер жұмыстарынан әр түрлі портреттердің репродукциялары, интерактивті тақта, слайдтар.
Сабаққа қажетті құрал – жабдықтар:

Оқушылар үшін: сурет салатын альбом, қарындаштар, оқулық т.б.

Мұғалім үшін: Иллюстрациялар, плакаттар.

Техникалық құралдар: компьютер,интербелсенді тақта.

Сабақтың жоспары :

І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ
ІV. Сарамандық жұмыс
V . Сергіту сәті
VI. Сабақты қорыту.
VII. Үйге тапсырма.
IХ.Бағалау
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру: Сәлемдесу, түгендеу, дайындық, назарларын жаңа сабаққа
аудару.
Шырылдады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз.
Орнымызға отырып,
Өзара көз тастаймыз.
Табыс тілеп көзбенен,
Жаңа білім алуға,
Алға қадам аттаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

«Галерея аралау » әдісі. Оқушылардың «Натюрморт» тақырыбына салған суреттері тақтаға ілінеді.Үй тапсырмасы талданып бағаланады.

ІІІ Жаңа сабақ:

Портреттің түрлерімен танысу . «Портрет-адам бейнесін бейнелейтін көркем шығарма. Портрет – ерте пайда болған жанр. Бұл адам баласының өзін көруге құмартқандығынан шығар Суретші шеберлігінің нәтижесінде кейде салынған портреттен сол адамның өмірден көрген азабын, қайғы қасіреті мен бүкіл жүріп өткен өмірін көруге болады.  Портреттің ерекше басты сипаты оның түпнұсқамен ұқсастығы.Адамның сартқы болмыс-бейнесіне қоса, ішкі жан сарайын, мінез-құлқын аша білгенде ғана көрермен шығарманың алдында ұзақ тұрып, сүйсіне қызықтайды. Әсерлі сезімге бөленіп, қиялға беріледі.Адам баласы ерте заманнан айналасын қоршаған табиғатты,жан-дүниесін,адам бейнесін салуға қызықты.Оған тасқа салынған ежелгі суреттер дәлел бола алады.Жалпы портрет өнері бұдан мыңдаған жылдар бұрын дүниеге келген мүсін мен сурет өнерінде адам дидарын бейнелеу ешқашан назардан тыс қалып көрмеген.Халық суретшісі Ә.Қастеевтен бастап бүгінгі жас суретшілерге дейінгі Қазақстан қылқалам шеберлері осы жанрда өзіндік қолтаңбасымен көзге түскен. (Айша Ғалымбаева, Г.Исмаилова,Сахи Романов,Молдахмет Кенбаев т.б. суретшілер)

Түртіп алу: Портрет мазмұнына қарай бірнеше түрге бөлінеді

1 Салтанатты портрет

2. Камералық портрет.

3. Автопортрет.

4.Топтасқан портрет (жұптық, топтық)

5.Әзіл- сықаққа арналған портрет

Ендеше портреттер жайлы білімімізді толықтыру үшін «Портреттер әлемі» тақырыбындағы көрмені тамашалайық


ПОРТРЕТТЕР ӘЛЕМІ

[pic] [pic] [pic]

[pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic]



-Осы портрет жанры өздеріңе таныс тағы бір пәнде бар, ол әрине әдебиет пәні.Әдебиет пәнінде адам бейнесін өлең жолдары арқылы және сөзбен суреттеу арқылы да беруге болады.

«Отырған қарсы алдымда, әдемі қыз,

Мөрлеген ақ қағаздай мәнеріңіз.

Қиғаш қас, оймақ ауыз,нәркес көзді –

Жалғанда жайнап тұрған әдемі жүз.»

Бұл - өлеңмен берілген портрет.Ал мынау сөзбен бейнеленген портрет.«Бұл кезде Абайдың да денесі ірілеген. Жауырынды,сүйекті боп қалған екен. Бойы ортадан биіктеу. Сүйегі ірілеумен қабат, бұлшық еттері де толып,бар мүсіні балғын, кесек тартыпты. Ұзынша қырлы мұрны көтеріңкі,үлкен. Жазық биік маңдайы шекесіне таман келгенде дөңкілдене түсіп,кең көсілгендей. Отты сұлу көздерінің ақ, қарасы әлі де тап таза. Көзінің сыртқы шарасы томпақтау және ұзынша біткен.Жіп жіңішке боп кең созылған ұзын қастары мен ойшыл отты көздері Абайды өзге жұрттың ішінен оқшауырақ етіп тұрады. Әлі ұзармаса да, теп тегіс боп, тебіндеп шығып келе жатқан қоңырқай мұрты бар. Барлық тұлғасы сай келген қарасұр жігіт, сонау сұлу болмаса да ұнамды,сүйкімді.» Міне осы ұлы ақынның портретін кітап бетінен оқып-ақ көз алдымызға ақын бейнесін елестете аламыз.

Портрет композициялық орналасуына қарай – бас ( иықтан жоғары ) , кеуде, белге дейін, тізеге дейін, бойды тұтас қамтитын портрет деген түрлері бар.

ІV. Сарамандық жұмыс: (Адам басының салу схемасын түсіндіре отырып,өздерінің сыныптастарының портретін бейнелеуді тапсырамын).

Портрет салу реті :

1 – бет кескінін доғалдау етіп салу.

2 – сосын бас пішінін көмекші сызықтармен көлденеңінен өзара шамалас үш бөлікке бөлеміз.

3 – доғалдау етіп сызылған бас пішінінің жоғарғы бөлігі – мандай, ортаңғы бөлігінде мұрын мен көз,құлақ, төменгі жағына ауыз бен иек түсіріледі.

4 – шашты салу кезінде шаш қою үлгісінің де өзіндік көлемі мен пішіні болатыны ескерілу керек.

5 – мойын мен иықты бейнелеуді аяқтап, киімін саламыз.

портрет бояуын түсіреміз .

V. Сергіту сәті:
Алдым қолға қарындаш,
Бейнеледім суретті.
Бояуларды аламын,
Қыл қаламмен саламын
Суретімді болған соң,
Үлкен бестік аламын.

VІ . Сабақты қорыту:
2. Портрет дегеніміз не?
3. Портрет нешеге бөлінеді?

VІІ. Үйге тапсырма:
1. Автопортрет( өздеріңнің суреттеріңді) салып келу.

VІІІ.Бағалау:
- Жарайсыңдар балалар, бүгінг ісабаққа өте жақсы қатыстыңыздар. Көп - көп
рахмет! Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.