ЕРТЕГІ МАЗМҰНЫНА ИЛЛЮСТРАЦИЯ ЖАСАУ

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


ШҚО

Семей қаласы

«№25 Жалпы білім беретін ортамектеп» КММ

Дайындаған: Бейнелеу өнері пәні мұғалімі

Жұмақұлов Б.А.


Пән: «Бейнелеу өнері».


Сыныбы: 6 «А».


Өткізілген күн: 27 қазан 2016 жыл.

Тақырыбы: ЕРТЕГІ МАЗМҰНЫНА ИЛЛЮСТРАЦИЯ ЖАСАУ

Мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларды ертегі әлемімен таныстыру.

Дамытушылығы: Ойлау қабілетін, логикасын дамыту, суретке деген ынтасын, қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелігі: Оқушыларды эстетикаға, әсемдікті сезіне білуге тәрбиелеу.

Сабақтың үрі: Топтық жұмыс.

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, баяндау, топпен шығармашылық жұмыс

Көрнекілігі: Ертегі кітаптар,слайдтар

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, орыс әдебиеті

Сабақтың барысы: 

І.Ұйымдастыру кезеңі:

-сәлемдесу

- Оқушылардың оқу-құралын түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

жұмыстарын қарау, кемшіліктерін түзету, бағалау.







ІІІ. Жаңа сабақ:

Жаңа сабаққа дайындық: «Ребус шешу»



Ой қозғау: Сұрақ-жауап.

-Ерте, ерте, ертеде деп не басталатын еді, балалар?

Әрине ертегі басталады. Дұрыс айтасыңдар.

Яғни бүгінгі сабағымыздын тақырыбы: ЕРТЕГІ МАЗМҰНЫНА ИЛЛЮСТРАЦИЯ ЖАСАУ

  Иллюстрация дегеніміз- ертегі мазмұнына байланысты сурет салу.

Әрбір халықтың үміт тілегі, аңсаған арманымен бірге жасасып келе жатқан ғажайып ертегілері баршылық. Яғни ертегі адам қиялының қазынасы, халық шығармашылығының бір көрінісі.

 Ертегілер жанрлық ерекшелігіне қарай 3 топқа бөлінеді:

 

[pic] [pic]

[pic]   [pic]

[pic] [pic]

Сергіту сәті:

ертегілерге байланысты жұмбақтар.
1)Жел соқса шал домалай жөнеледі екен.
Содан оған қандай ат қойыпты. (қаңбақ шал)
2)Түсті әйтеуір бір балық ,
Болмапты ол жай балық.
Сазан балық кәдімгі,
Адам құсап қалыпты,
Адам құсап сөйлейді...
-Бұл қай ертегі (Алтын балық)
3) Ертегілерде айлакер қу болып ойнайтын хайуанат. (Түлкі
4)Бауырсақтың ертегісіндегі бауырсақ әнін айт. (Бауырсақ)

ІV. Практикалық жұмыс:

Жұмыс барысында оқушыларды қадағалап, ұдайы көмек көрсетіп отыру. Оқушыларға заттар мен бұйымдардың көлемін салыстырып, бояу түстеріне көңіл бөлдіртіп талдау жасату.

V.Сабақты қорытындылау, бағалау: «шығармаларын қорғау»

-әр топ бір-бірінің аяқтаған суреттерін талдап, кемшіліктері мен жетістігін айтып бағалайды.

VI.Сабақты пысықтау
Бекіту сұрақтары:
1.қазаұ ертегілерінің түрлерін ата
2.мысал келтір
3.Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?


VII.Үйге тапсырма:

1.Ертегі кеиіпкерлерін бейнелеу

Нәтиже:

1. Пәнге қызығушылығы артады;

2. Ойлау, қиялдау қабілеттері дамиды;

3. Шығармашылықпен жұмыс жасау қабілеті артады

























«№25 Жалпы білім беретін ортамектеп» КММ








Ашық сабақ


тақырыбы:


ЕРТЕГІ МАЗМҰНЫНА ИЛЛЮСТРАЦИЯ ЖАСАУ



Дайындаған: Бейнелеу өнері пәні мұғалімі

Жұмақұлов Б.А.















Семей қаласы

2016 жыл