Білім беру саласы: Шығармашылық , танымдық Бөлімі: сурет салу Тақырыбы: Сиқырлы қылқалам. Мақсаты: Балалардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын туғызу. Білімділік: Балаларға көрнекі құралдардың көмегімен сызықтарды жеңіл жүргізуге, түзу, қисық, доға тәрізді дөңгелек және толқында сызықтарды еркін сызуға жаттықтыру. Қыстың күнгі күн шуағын бейнелеуге уйрету. Дамытушылық: сурет салудағы ептілік пен дағдыларын дамыту, балалардың ойлау қабілеттерін, сөздік қорын молайту, тіл байлығын молайту. Тәрбиелік: балалар бойында байқағыштық, қысқы табиғат құбылыстары ерекшелігін сезіне білушілік, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік қасиеттерін тәрбиелеу. Көрнекі құралдар: үлгі ретіндегі үлкен көлемді қыстағы шуақты күннің суреті, слайд. Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, сұрақ – жауап, дәстүрден тыс әдісі. Қажетті құрал жабдықтар:суреттер, үлгі, акварель бояуы, тұғыр, қылқалам, су құятын ыдыс, қолорамал. Алдын ала орындалатын жұмыс: әңгімелесу, таныстыру, көрсету.
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық
Шаттық шеңбері: Қысым-ақ, қысым-ақ, Жібердің қысып-ақ. Қалмаспыз біз деген, Боранға ұшырап. Аппақ қар жауа бер, Риза ғой саған ел! (Қ.Ыдырысов)
Тәрбиеші сабақты қылқалам жанында әңгімелеуден бастайды. - Балалар, ерте кездегі адамдар сурет салуды бастағанда олардың қолында ештеңе жоқ және өздері де икемсіз болыпты. Олар бейнелерді саз балшықтан немесе тастан қашап жасайтын болған. Алғашқыда олардың құралдары саусақтары болса, одан кейін таяқшаны, шөптерді пайдаланған. Адамдарға қылқаламды жасауға ой туғызған құстың қауырсыны болды. Қазір де кейбір халық шеберлері өрнек салуға қаздың қауырсынын пайдаланады. Ертедегі қылқалам пайда болғанда оның сыртқы пішіні онша әдемі болмады, Таяқшаға жылқының қылын байлап алып, сурет салуға пайдаланды. Дегенмен де бұл да қылқалам деп есептелді.
1.Қылқаламмен жұмыс істеудің негізгі ережелерін түсіндіру.
а)қылқаламды суда қалдыруғаболмайды;
э)сурет салып болған соң қылқаламды жуып, тазалап қою керек;
б)қылқаламды орнына қойғанда қылы бар жағын жоғарыға қаратып орналастыру керек;
2. "жағыс" және "сызықтар" ұғымдары туралы түсінік беру. Олай болса балалар осы сиқырлы қылқалам арқылы «Қыстағы шуақты күннің» суретін салайық.
Балаларға тапсырма «Қыстағы шуақты күн» тақырыбына сурет салады.
Өлеңді балалар тәрбиешімен бірге қайталайды.
Ұйымдастырушылық – ізденістік
Жұмбақ: Жұрттың бәрі сүйеді, Бірақ қарай алмайды.
Слайдқа назар аудару. Қыстағы табиғат көрінісі туралы әңгіме жүргізу. Сұрақ – жауап
Бүін қыстың бір жайдарлы , жылы, шуақты күнін салып көрейік. Алдарыңдағы үлгі ретіндегі үлкен суретке назар аударайық. Жылы, аспан ашық, қыстағы шуақты күн.
Балаларға сурет салу тәсілін көрсету.
Сергіту сәті: Қолды белге қояйық, Басты оңға бұрайық. Басты солға бұрайық, Бәр отырып, бір тұрып. Бір отырып, бір тұрып, Біз демалып қалайық. - Енді өзіміз осы қыстағы шуақты күннің суретін салып үйренейік. Суретті салу жолдарын, орындалу реті түсіндіріледі.
Онда қыстағы шуақты күннің суретін салайық, мен сендерге нұсқау беріп көмектесіп отырамын. Алдымен қыстағы шуақты күннің суретін ауада сызықпен сызып көрсетеміз. Суретті «Нүктелер арқылы сурет салу» дәстүрден тыс әдісін пайдаланамыз. Бұл сурет салу техникасы пуантилизм деп аталады. Нүктелерді қылқаламмен тықылдату әдісі арқылы түсіріледі. Енді суретімізді боямыз.
Балалар жауабын шешеді.
Қыс мезгілі.
Суық, аяз, қар жауады, боран болады. Судың бетіне мұз қатады т.б
Дөңгелек, суық, ыстық, үлкен
Қараңғы, суық болады
Шаңғымен сырғанаймыз, қар кесектерінен аққала жасаймыз т.б
Балалар тәрбиешімен бірге сергіту сәтін орындайды.
Балалар үлгі ретіндегі суретке назар аударады. Балалар қыстағы шуақты күнді салады.
Ре флексиялық - түзетушілік
- Балалар, қандай оқу іс- әрекеті болды? - Оқу іс- әрекетінде не туралы айттық?
- Бұл оқу іс-әрекетінде ненің суретін салдыңдар?
Жақсы, ерекше орындалған балалар жұмыстары аталып, мадақталады. Сабаққа талдау жасалады.
Балалар жұмыстарын аяқтап, бір-бірлерінің жұмыстарын бағалайды. Сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.
Күтілетін нәтиже: Біледі:қыс мезгілінің негізгі белгілері мен ерекшеліктерін біледі. Игереді:қыс бейнесінде күнді салу арқылы көңілді, шуақты қыс бейнесін көрсете білу іскерлігін. Меңгереді: әр жыл мезгілінің ерекшелігін ескеруді, қоршаған орта, табиғатқа деген қамқорлық жасаудың қажеттігін меңгереді.