Сабақтың тақырыбы: Қазіргі замандағы мүсін өнері туралы мәліметтер. Горельеф, барельеф, мемориял.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың мүсін өнері туралы түсініктерін кеңейту. Мүсін өнерінің түрлерімен таныстыру. Мүсіншілердің көркем шығармаларын талдау. Мүсін сомдау материалдарының технологиялық тәсілдерімен таныстыру. Саз балшықтан немесе ермек саздан созу, ию тәсілдерін терең меңгеру. Мүсін өнерінің түрлерімен таныстыру, мүсін сомдау материалдарынының технологиялық тәсілдерімен таныстыру;
Тәрбиелігі: Мүсін өнерінің айырықша туындыларын көрсете отырып, әр түрлі материалды ұқыпты пайдалана білуге үйрену арқылы эстетикалық тәрбие беру. Оқушылардың мүсін өнеріне деген қызығушылықтарын оятып, іскерлік пен шеберлікке баулу.
Дамытушылығы: сұрақтар арқылы оқушылардың дүниетанымын, шығармашылық қабілеттерін байқау, дамыту.
Сабақтың типі: бекіту сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ — жауап, топпен жұмыс, түсіндіру, әңгімелеу, шығармашылық жұмыс, ізденушілік.
Сабақтың көрнекілігі: Түрлі мүсін үлгілері, иллюстрациялар, фотосуреттер, мүсіннің жасалу жолы көрсетілген плакат, қосымша әдебиеттер,мүсін түрлері, интерактивті тақта, слайдтар, ермексаз, тақтайша, сым, мүсіндерден көрме.
Пәнаралық байланыс: тарих, технология.
І .Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасып, оларды түгелдеу. Сынып тазалығын қадағалау, құрал-жабдықтарын тексеру, оқушылардың назарларын сабаққа аудару.
а) Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру.
ә) Бір — біріне мейірімділік, жылулық, жақсылық тілеу.
ІІ. Жаңа материалды үйренуге дайындық кезеңі
оқушыларды үш топқа бөлінеді.
І топ Горельеф
ІІ топ барельеф
ІІІ топ мемориял
Кезең бойынша оқушыларға сабақтың мақсат-міндеттері түсіндіріледі.
Сабақтың кезеңдері жоспарланады.
Жоспары:
Мүсін өнерінің тарихы.
Мүсін өнерінің түрлері.
Мүсін өнерінің жасалу технологиялары.
ІІІ. Білімді жан – жақты сұрау, тексеру кезеңі
Білу, Ой қозғау, Не білеміз?
Мүсін өнері туралы не білеміз?
Өткен тақырыпқа байланысты топтарға сұрақ қойып, жауап алу.
І топ. Мүсіндеу дегенді қалай түсінесің?
ІІ топ. Мүсін өнерінің тарихы туралы не айтасың?
ІІІ топ. Мүсін нешеге бөлінеді?
ІV. Жаңа сабақты түсіндіру
Мүсіндеу — көркем өнердің бір түрі. Мүсін өнері — латынша кесу, шабу,
Мүсін – кеңістікте жан-жақты бейнеленген, сомдалан көркем шығарма. Мүсінді «скульптура» деп атайды. Ол сөзді ең алғаш ежелгі римдіктер ойластырған. «Скульпо» деген латын тілінде кесу, қашау, жону деген мағынаны білдіреді. Мүсіндеудің сызба мен кескіндемеден айырмашылығы барлық көлемін , пішінін анық көрсетеді. Мүсіндеудің негізгі объектісі — адам. Мүсін өнері ежелден келе жатқан көне өнердің бір түрі болып табылады. Ол тас дәуірінен бастап қалыптасқан, өңделе келіп классикалық өнерге айналған.
Мүсіндеудің түрлері: жұмыр мүсіндеу, рельеф (бедерлі)
Жұмыр мүсінді барлық жағынан қарауға болады.
жұмыр мүсіндеу – бұл ұлы адамдардың немесе тарихи оқиғаларға орнатылған, асқақ, келісті ескерткіштер.
Монументті – сәндік шығармалар әдетте жеке ансамбльдің, алаңның немесе демалыс орындарының сәулеттік композициясының жиынтығы болып табылады.
Монументті мүсіндеуде оның барлық жағынан қарауға болады.
Рельефті мүсіндеуде жазықтық бетінде орындалады.
Қазақ мүсін өнерінің қалыптастырушысы Хакімжан Наурызбаев (1925-2009ж.ж) Парасат кавалер орденінің иегері. 300 ден астам жұмысы бар. Солардың ішінде ен танымал жұмыстары: «Абай Құнанбаев» (1960) ескерткіші, «Ш .Уәлиханов» (1969) Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының алдында орналасқан биіктігі 8 м, «Ж.Жабаев» ескерткіштері тұлғалық мүсінге жатады.
Мүсін тек бір ғана фигурадан емес екі немесе одан да көп фигурадан тұруы мүмкін.
Келесі рельефті мүсін түріне тоқтала кетейік. Рельефті мүсін жоғарыда айтылып кеткендей белгілі бір жазықтық бетінде орындалады, ғимараттар қабырғаларында , тиының бетінде.
Мүсін сомдауға көптеген заттар негізгі материал бола алады. Мысалы ағаш, түрлі тастар , саз балшықтар, металл, ермексаз т.б. Осылардың ішінде мүсіндеуге үйрену үшін оқушыларға ең ыңғайлысы — саз балшық пен ермексаз.
Олардың жақсы бір қасиеті ырыққа көнгіш, тез иленеді, жасаған мүсін формасын қалай өзгертем десең де ыңғайлы. Мүсін жасағанда қолданылатын басты құралдар: тақтайша, каркас, қалақша т.б. Мүсін орындағанда арнайы киім немесе алжапқыш кию керек. Өйткені олардың мектеп формасы былғанбауы тиіс.Мүсін кезінде айналмалы станокты пайдалану орынды. Бұл станокпен жұмыс істеу өте қолайлы. Жан-жақты бұрып көруге болады. Мүмкіндігінше бір түсті ермексазды қолданған немесе саз балшықты қолданған дұрыс. Бұл біртұтас көруге ықпал етеді. Әр түрлі ала-құла болып кеткен ермексаз көзді алдайды. Сомдалған мүсін пішінін жоғалтып алады. Жұмысты аяқтағаннан кейін жұмыс орнын жинап , қалған ермексаз немесе саз балшық қалдықтарын жинап қорапқа салу керек. Қолды жылы сумен сабындап жуу қажет.
Жаңа терминдерге түсінік беру.
Анималистік жанр -(лат. Жануар ) хануанаттар дүниесін бейнелеу өнері
Анималист мүсінші – Жануарларды бейнелейтін мүсінші.
Мүсіннің графика мен кескіндемеден айырмашылығы пішіннің барлық көлемін анық көрсетеді. Ең алғаш адамның, аңның мүсіндерін алғашқы қауымдық қоғамда шеберлер балшықтан илеп, ағаштан жонып, тастан қашап немесе аңның сүйектерінен жасаған. Ол кездегі мүсіндер өзіндік ерекшеліктері бар заттың бейнесіне ұқсас болады. Өйткені ол кездегі адамдардың тәжірибелері, сайман –құралдары, керекті заттары – мәрмәр тас, гипс, балауыз, темір қорытындысы т.б. заттар болған жоқ.
Мүсін өнері – ғасырлар бойы дамып келе жатқан өнер. Итальян мүсіншісі Микеланджело Буонаротти мүсін өнерінің шебері болып табылады. Оның «Давид» атты жұмысы бүкіл әлемге танылады.
VІІ. Білімді бекіту және білімін бағалау кезеңі
Қолдану
Машықтық жұмыс
Нені білгіміз келеді?
б. Мүсін өнерінің жасалу технологиялары.
1. Ермексазбен жұмыс істеу техникасының ерекшеліктерін түсіндіру.
2. Плакат бойынша үй жануарларының анатомиясын таныстыру.
3. «Жануарларды мүсіндейміз.»
4. Жануарлар туралы әңгіме, сұрақ — жауап алу
5. Машықтық жұмыс барысында пайдалы кеңес.
Техника қауіпсіздігін айту. қамырмен, ермексазбен жұмыс істеу кезіндегі.
Топпен жұмыс
Мүсін өнері не деген мағынаны білдіреді?
Мүсіндеу өнерінің негізгі объектісі деп нені айтамыз ?
3.Мүсіндеудің қандай түрлері бар?
Мүсіндеу өнерінің құралдарына нелер жатады?
Мүсін өнерінің түрлері қандай?
6.Астана қаласындағы “Барыс” ескерткішінің авторы кім?
7.Мүсін сомдаудағы негізгі материал?
8. Мүсінмен айналысқанда қандай құралдар қолданылады?
Әр топ бір-бірін бағалайды. Оқушылардың жұмыстарын тексеріп, сұрақ қою арқылы түсініктерін тексеру. Өз жұмыстарын қалай қай әдіспен мүсіндегенін сұрап бағалау. Оқушылардың жұмыстарын салыстырып қателерін айту.
Жинақтау
1-2 топ
Бес жолды өлең
Тақырыбы
Қандай? Қандай?
Не істейді? Не істейді? Не істейді?
___________ Сөйлем құрау __________.
Мәндес сөз
3- 4 топ
Мүсін өнері туралы эссе жазғызу.
Рефлексия
«Екі жұлдыз, бір тілек»
Нені білдім? Нені білгім келеді?
VІІІ. Үйге тапсырма беру, және үй тапсырмасына нұсқа беру
Жануарлар мүсіні.