Сабақ жоспары бейнелеу пәнінен Фон 6сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...








Бейнелеу өнері

Сыныбы:

6 «а»

Сабақтың тақырыбы:

«ФОН»

Құзіреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат – міндеттері: а)ақпараттық:





Оқушыларға « ФОН » туралы толық мағлұмат беру;

ә)коммуникативтік:

оқушылардың жұмысты орындағандағы еріктілігін дамыту, алған білімдерін өз бетінше қолдана білуін қадағалау, эстетикалық талғамын қалыптастыру;

б)проблеманы шешу:

оқушыларды осы өнер түрімен қызықтыру, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, сұлулықты қабылдау сезімін ояту, эстетикалық талғамдылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:

Аралас сабақ

Сабақта қолданылатын көрнекіліктер:

Көрнекілік ілінген, альбом бояу, карандаш өшіргіш.

Сабақтың барысы

Мұғалімнің қызметі

Оқушының қызметі

Күтілетін нәтиже

І.Ұйымдастыру бөлімі.

- Сәлеметсіздерме оқушылар! Өзімді таныстырып өтсем мен Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің 4-ші курс студентті болам. Есімім Ақтолқын Закарияқызы. Бүгінгі сабаққа дайынсыңдар ма?

-Сәлеметсізбе. –Ия.

Белсенді іс – әрекет жасауға дайындалды.

ІІ.Жаңа материалды түсіндіру.

Оқушылар жаңа сабақты хабарлап өтейін. Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Фон». Фон дегеніміз- үстіне бір нәрсенің суреті салынған негізгі түс, астар. Тарихи немесе тұрмыстық тақырыпта бейнеленген картинадағы әрекет күнделікті қала көшелерінде,не үй ішінде немесе табиғат аясында көрсетіледі. Демек, бұның бәрі- белгілі бір фон. Суретші фонды шығармадағы кейіпкерлер анық көрінетіндей етіп жасайды. Сонымен қатар фон картинаның немесе суреттің көңіл күйімен сәйкес келуі керек.Суретші С. Мәмбеевтің «Менің қаламда» атты шығармасы көпшілікке мәлім. Суретте әсем қала көрінісі сол қала тұрғындарының тыныс-тіршілігімен үйлесімділікте бейнеленген. Қаланың жазғы табиғатын тамашалап серуен құрған жастар мен үлкендер жасыл бақ ішінде түрлі түсті гүлдерге сүйіспеншілікпен назар салып, қуанышты демалыс сәтін өткізуде. Көбінесе суретшілер бірқалыптыфондыпайдаланады.Ақ түсті фонды сары түске айналдыру үшін қағаздың бетін ылғалдап алып, қылқалам арқылы ортадағы сары дақ білінбей жойылғанша айналдыра отырып, қағаздың шетіне қарай жүргізіледі, әлсін- әлсін сумен араластырып отырады. Ең сыртқы қабаты ақ күйінше қалдырылады. Фонның түсі енді шет жақтан ортадағы сары нүктеге қарай қоюлана түскен сияқты көрінеді. Егер ауа райы ашық кезде күнді бақыласақ, ол дөңгелек ақ шар сияқты, біраз уақыт өткен соң сарылау реңкке енеді, кешке қарай сары түс қызыл сары түске, енді біршама уақыттан соң ол қызыл түске айналады.




Сары- қызыл, қызыл- көк, көк- сары, қызғылт- күлгін, күлгін- жасыл, жасыл– қызғылт түстер бір- бірімен қарама– қарсы түстер болып саналады. Ал сары– күлгін, қызыл– жасыл, қызғылт– көк түстер бір– бірімен жарасымдылық табады. Сары түспен тәжірбие жасағанда, бұйымдар да, фон да сары бояудың бір түсті гаммасын береді. Ал енді осы тәжірбиені көк түсті бояу мен жасап көрсек, мұндағы түс реңктері қарапайым, қатаң, тұйықтықты білдіреді. Ал сары түсті бояу ашық- жарқын қуанышты сезімдерді оятады.




Оқушылар жаңа дерек бойынша танысып,өз білімдерін толықтыра түсті.

ІІІ.Машықтық кезең.

С.Мәмбеевтің «Менің қалам» суретің орындау. Қаланың жазғы табиғатын бейнелеу. Сары түс тәжірбиесін жасау. Әр түрлі түстерді бір- бірімен үйлестіру. [pic]

Тапсырманы қызығушылық пен орындап, түстік шешімін шығару.

[pic]

Жеке жұмыстана отырып,мұғалімнің бағыттауымен жасап үйреніп,өздерінің ой өрістерін дамыта түсті.

ІV.Сабақты бекіту.

Оқушы жұмысын бағалау.
• Салынған суретті қабылдап, оқушылардың еңбегін бағалау;
• Жіберілген қателіктерді қайта түсіндіріп, оны іс жүзінде көрсету;
• Жақсы салынған жұмыстарды атап көрсету.
Үй тапсырмасы: жұмысты үйден аяқтап келу.

Салған суреттеріне өздері таңғалу, әрі қарай дамыту.

Оқушыларды сыпайы қарым – қатынас жасауға үйрету..

V.Қорытынды.

Фон дегеніміз не?

Бір түсті бояу мен заттарды бейнелеп, бақылап, өз түсінігінде айтып бер.

Әр түрлі суретшілер шығармаларындағы фондық қатынастардың ерекшеліктерін талда.

Сау болыңыздар!!!!!!!!!

Сабақтан алған білімдерін сұрақ – жауап арқылы көрсету