Тіліктерді аксонометриялық проекцияларда салу. (9 класс)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шығырлы ауылы

Ә. Молдағұлова атындағы негізгі мектебі

Сызу пәнінің мұғалімі: Рамазан Ақылбек Арыстанбайұлы

Сыныбы: 9

Сабақтың тақырыбы: Тіліктерді аксонометриялық проекцияларда салу.

Сабақтың мақсаты: Аксонометриялық проекцияда кескінделген нәрсенің ішкі формасын айқындау және тіліктерді аксонометриялық проекцияларда салу.

Білімділігі: Оқушылардың аксонометриялық проекциялар туралы біліктілігін арттыра отырып, оның түрлерімен таныстыру;

Дамытушылығы: Ойлау дағдысын қалыптастырып, координаталар жүйесі туралы білімін дамыту;

Тәрбиелігі: Оқушылардың өзіндік шығармашылық ізденісін қалыптастыра келе тиянақтылыққа тәрбиелеу;

Көрнекілігі: мұғалім үшін: Тіліктердің аксонометриялық проекцияларда салынған сызбалары және плакаттар, сызғыш, қалам, циркуль, оқушылар үшін: А4 формат қағазы, карандаш, сызғыш, өшіргіш.т.б. заттар.

Әдісі: теориялық-практикалық білім байланысын қалыптастыра отырып графикалық ойын сайыс және түсіндірмелі сызба жұмысы.

Сабақтың өту барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.Тапсырмалар орындау.

5.Сабақты бекіту.

6.Үйге тапсырма.



Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгендеу.

2. Үйге берілген тапсырманы тексеру: оқушылар сендер өткен сабақта көріністер мен тіліктерді біріктіру жөнінде танысып өттіңдер, енді сол өткен тақырып бойынша кім қаншалықты біледі екен, көрелік. Сұрақтар: 1) Сызбадағы көріністің жартысы мен тіліктің жартысын қандай жағдайларда қосып біріктіреді? Осы кескіндердің аралығын қандай сызықпен бөледі? (кейбір детальдың ішкі формасы мен сыртқы формасын бір мезгілде айқындау үшін. Бұл кескіндердің арасы тұтас ирек сызықпен бөлінеді). 2) Қандай жағдайда көріністің жартысы мен тіліктің жартысын біріктіруді орындайды? (Егер көрініс пен тілік симметриялы кескіндер болып табылса, онда сызбада көріністің жартысы мен тіліктің жартысын біріктіреді. Бұл жағдайда көрініс пен тілікті бөліп тұратын сызық симметрия осі болады, ол штрихпунктир сызықпен жүргізіледі). 3) Жергілікті тілікті қандай сызықтармен шектейді? Ол не үшін керек? (Сызбаларда жергілікті тіліктің шекарасы тұтас жіңішке ирек сызықпен көрсетіледі, ол қандай да бір басқа сызықтармен беттеспеуі керек) 4) Қандай жағдайларда көріністің жартысы мен тіліктің жартысын біріктіруге болмайды?

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру: Аксонометриялық проекцияларда ішкі пішінді айқындау үшін де тіліктерді пайдаланады. Тілікті қамтитын аксонометриялық проекцияны алу оқулықтағы 172-суретте көрсетілген.

Қиюшы жазықтықтарды олар проекция жазықтықтарымен параллель беттесетіндей не тесіктердің, саңылаулардың, ойықтардың осьтері арқылы өтетіндей етіп, таңдап аламыз.

[pic] [pic]

172-сурет. Тілікті қамтитын аксонометриялық проекция

Қима сызықтарын штрихтау х пен у, х пен z, у пен z осьтерінде салынған шаршылардың проекцияларының диагональдарына параллель түсіріледі (173-сурет).

[pic] [pic]

173-сурет. Изометриялық және фронталь диметриялық проекциялардағы штрихтау

Сонымен, изометриялық проекцияда фронталь және профиль проекция жазықтықтарына параллель орналасқан қима фигураларын горизонталь түзуге 60° бұрыш жасай штрихтайды, ал горизонталь проекция жазықтығына параллель орналасқан қима фигураларын .горизонталь түзулермен штрихтайды.

4. Сарамандық жұмыс: Тақырып бойынша карточкамен жұмыс.

5. Бекіту кезеңі: тақырып бойынша оқушыларға сұрақ қойып, жауап алу.

1-сұрақ: Тіліктердің аксонометриялық проекцияларда пайдаланылуын түсіндіріп беріңдер. (Аксонометриялық проекцияларда ішкі пішінді айқындау үшін де тіліктерді пайдаланады. Тілікті қамтитын аксонометриялық проекцияны алу 172-суретте көрсетілгендей болады. Қиюшы жазықтықтарды олар проекция жазықтықтарымен параллель беттесетіндей не тесіктердің, саңылаулардың, ойықтардың осьтері арқылы өтетіндей етіп, таңдап аламыз).

2-сұрақ: Аксонометриялық проекцияларда тіліктердің штрихталуы қалай түсіріледі? (Қима сызықтарын штрихтау х пен у, х пен z, у пен z осьтерінде салынған шаршылардың проекцияларының диагональдарына параллель түсіріледі.)

6. Үйге тапсырма: Оқулықтағы 174-суретті үйден орындап келу. Мұнда сызба бойынша көрініс пен тілікті біріктіруді орындаңдар. Ойығы бар изометриялық проекцияны салыңдар.

[pic]