Сералиева.А. Түс және символ тақырыбында
4 «а» сыныбында өткізген сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Түс және символ
Сабақтың мақсат-міндеттері:
А) білімділік:
Оқушылардың түстанудағы білімін жүйелендіру, түстердің қолданылу технологиясы туралы түсіндіру.
Ә) дамытушылық:
теориялық біліміндерін іс жүзінде шығармашылық -пен көрсетуге ықпал ету, практикалық іс-әрекеттерін қалыптастыру.Сабаққа қызығушылығын және өзді-гінен ойлау қабілетін дамыту.
Б) тәрбиелік:
шығармашылық жұмыстар арқылы эстетикалық талғамдарын арттыру,ұқыптылыққа,әсемдікке, шеберлікке тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын педагогикалық технология:
Дамыта оқыту.
Сабақтың типі:
Жаңа материалды меңгеру.
Сабақтың түрі:
Дамытпалы сабақ.
Сабақтың әдістері:
Түсіндірмелі ,сұрақ-жауап әдісі, практикалық әдіс.
Сабақтың оқыту құралдары және көрнекілігі:
Интерактивті тақта, плакаттар, оқулықтар, акварельдер, палитра,кисточка , гуашь т.б
Сабақтың пәнаралық байланысы:
Сызу , математика, тарих , еңбек т.б
Сабақ барысы:
Мұғалімнің қызметі
Оқушының қызметі
І. Ұйымдастыру бөлімі
-амандасу;
-түгелдеу;
-оқушының
назарын сабаққа
аудару;
-оқу
құралдарының
дайындығын
тексеру
-амандасу;
-кезекшілік
міндеттерін
атқару;
-сабаққа
дайындалу;
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Үй жұмысына «Кім жылдам?» ойынымен сұрақтар арқылы жауап береді.
1 Портрет дегеніміз не?
2 Автопортрет дегеніміз не?
3 Натюрморт дегеніміз не?
4 Батальды жанр дегеніміз не?
5 Композиция дегеніміз не?
6 Перспектива дегеніміз не?
Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы ойындағы нүлді күлтелерімен толықтырады.
ІІІ. Жаңа материалды қабылдау
Жалпы түстер негізгі үш түске бөлінеді. Олар: қызыл, сары, көк. Ал қал-ған түстердің барлығы осы түстердің қоспасы. Мысалы, қызыл түспен сары түсті араластырған -да қоңырқай сары түс шығады. Көк пен қызыл түстер араласқанда күлгін түс пайда болады.Ал сары және көк түстерді араластыру арқылы жасыл түс алынады. Осы қоспа түстерден пайда болған түстерді жылы түстер,суық түстер деп бөлеміз. Жылы түстерге: қызыл, сары, сарғыш жатады. Суық түстерге: көк, көгілдір, күлгін жатады.
Ал символ дегеніміз- бұл кез-келген бір түсінікті, құбылысты білдіретін шартты белгі.Әрбір халықтың, адамдар тобының өз символдары болады.Бейнелеу өнерінде де, өмірде де түстер символ ретінде жиі қолданылады. Қазақстанның ресми символы-елтаңба. Түрлі елдердің мәдениетін тереңірек зерттей түссе, кез-келген символдың түпкі тамыр Қызыл, қара, ақ түстер символ ретінде жиі кездеседі.
Қызыл түс-махаббат-тың, сұлулықтың, қуаныштың, байлықтың, жеңістің, жастықтың белгісі.Қытайда бай, ауқатты адамдар үйлерінің қақпаларын қызылмен бояған
Қызыл, қара, ақ түстер символ ретінде жиі кездеседі.
Қызыл түс-махаббат-тың, сұлулықтың, қуаныштың, байлықтың, жеңістің, жастықтың белгісі.Қытайда бай, ауқатты адамдар үйлерінің қақпаларын қызылмен бояған. Ежелгі құдайлардың үстемдігін, табиғаттан тыс ерекшеліктерін көрсету үшін қызыл киімде бейнелейтін болған.
Көптеген халықтарда ақ түс жарықты, өмірді, тазалықты, бейбітші-лікті білдіреді. Ежелгі римде ақбоз аттар , ал Оңтүстік-шығыс Азия елдерінде ақ пілдер қасиетті саналған. Ақ көгершін- бейбітшіліктің белгісі.
Ал қара түс зұлымдықты, түнді білдіреді. Көп елдерде ол қайғы қасіреттің түсі.
Қазақтың декоративтік шығармашылығында көгілдір түс-аспанның символы, жасыл түс-өсімдіктердің, өмірдің белгісі, ақ түс-тазалықтың, құдыретті аспан күштерінің символы, ал сары кең даланы, даналықты білдіреді.
ІV. Жаңа материалды түсіндіру
А) жаңа ұғымға байланысты жұмыс
Оқушылар форматтарыңа
плакатқа салынған
пейзажды бейнелейсіңдер. Пейзаж дегеніміз-табиғат көрінісі.
Пейзаждың салыну кезеңдерін айтып , тақтаға салып көрсетем.
Оқушылар форматтарына пейзажды әр кезеңдерімен, рамка сыза отырып акварельмен бейнелейді .
Ә) Танымдық қабілеттерін арттыруға арналған жұмыс түрлері мен тапсырма
- Оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру үшін партаға түрлі түстерді қойып қойам.
-мен таңдаған түстеріне қарай әр балаға мінездеме берем.
Оқушылар осы түстерден қалағанын таңдайды да әр қайсысы әр топқа бөлініп тұрады
V.Жаңа білімді бекіту
Оқушылар палитра бетіне түстерді жинау арқылы бояулардағы сұрақтарға жауап беруі керек
1. Негізгі үш түсті ата?
2 .Суық түстерді ата?
3 .Жылы түске де суық түске де жататын түс?
4 .Жылы түстерді ата?
5 .Қызыл түс қандай мағына білдіреді.
6 .Көк түс қандай мағына білдіреді.
Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып палитра бетін түстерге толтырылады.
VІ. Үйге тапсырма. Қорытындылау
Ахроматикалық түстерге - түссіз түстер жатады.
Хроматикалық түстерге- әр түрлі түстер жатады.
Оқушылар үйден текеметті форматтарына бейнелеп келеді.
VІІ.Бағалау
Жақсы жұмыстарды ынталандыру. Смайликтер арқылы бағалаймын.