Урок на тему Натюрморт жанрының өркендеуі

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...




Бекітемін: №249 мектеп-лицейдің бастауыш

Күні: сыныптар жөніндегі орынбасары

Ж.Жарылқаған.

Пәні: Бейнелеу өнері.

Мұғалімнің аты – жөні: Сералиева Гаухар.

Сыныбы: 4 «В» сынып

Сабақтың тақырыбы: Натюрморт жанрының өркендеуі.

Сабақтың мақсат-міндеттері:

А) білімділік:

Оқушыларға бейнелеу өнерінің натюрморт жанры туралы түсінік беру. Натюрморттың салыну жолдары, заңдылықтары жайлы үйрету.

Ә) дамытушылық:

Ойлау қабілеттері мен шеберліктерін дамыту, натюрморт жанры туралы білімдерін тереңдету.

Б) тәрбиелік:

Шеберліктерін шыңдау, төзімділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Бейнелеу өнерінің эстетикалық мазмұнын оқушылардың бойына сіңіру.

Сабақтың типі:

Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі:

Затқа қарап сурет салу

Сабақтың әдістері:

Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, баяндау, практикалық әдіс.

Сабақтың формасы:

Жеке, ұжымдық.

Сабақтың көрнекілігі:

Интерактивті тақта, плакат, оқулық, суреттер, муляждар, драфировка, құмыра, себет т.б.

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру бөлімі




-амандасу;

-түгелдеу;

-оқу құралдарының дайындығын қарау;

-оқушының назарын сабаққа аудару;

ІІ. Мақсат қою кезеңі

Натюрморт ол-өлі табиғат, жансыз заттарды бейнелеу. Натюрморт жанрының ерекшеліктері жайлы мағұлмат беру.

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру

















Натюрморт-өлі табиғат, жансыз заттарды бейнелеу. Натюрморттың екі түрі бар. Олар сәнді, әдемі заттардан құралған натюрморт және заттарды қолданған адамдар жайында сыр шертетін натюрморт.

Натюрморт жеке жанр болып бірден қалыптасқан жоқ, яғни суретшілер тек жансыз денелерден ғана тұратын картиналарды бірден жаза бастамаған. Жансыз заттардың неғұрлым шыншыл бейнелері Грекия мен Римде ерте замандарда пайда болды. Ежелгі римдік Помпей қаласына қазба жұмыстарын жүргізгенде адамдар тұтынған тұрмыстық заттардың алғашқы бейнелері табылған. Ғалымдар бұл қабырға өрнектерін біздің дәуіріміздің I ғасырына жатқызады. Суретшілер құдайлар мен ауқатты адамдардың думандарын храмдар мен сарайлардың қабырғаларына бейнелеген кезде тұрмыстық бұйымдарды да жаза бастаған. Бірақ олар әлі «натюрморт» деп аталмаған және мозаикалар мен фрескалардағы бейнелердің негізгі бөлігіне айналмаған. Заттар адам тұрмысының ажырамас бөлігі ретінде суретшілердің назарынан тыс қалмасы белгілі еді.

Орта ғасырларда әр түрлі жансыз денелерді бейнелеу басқа жанрлар шығармаларында толықтырғыш бөлшек ретінде жиі көріне бастады.


Мына суреттегі IX ғасырдың миниатюрасынан жансыз заттарды - кітап, қалам, сиясауытты көріп отырсың, бірақ олар натюрморт болып құралмаған.

Кейінірек суретшілер бұл заттарды
өз натюрморттарында жиі бейнелейтін болған.


[pic] 1504 жылы итальяндық суретші Якопо де Барбари жазған картина Еуропадағы алғашқы натюрморт деп есептелінеді. Ол «Құр, садақ оғы мен қолғап» деп аталады. Ондағы бейне шынайы берілгендіктен, оны өзіңе таныс алдамшы натюрморт түріне жатқызады.

[pic] Сонымен XVI ғасырда натюрморт жеке жанр ретінде белгілі болды. Бұл натюрмортты 1596 жылы Микеланджело де Караваджо салды. Ол қандай да бір картинаның бөлшегі емес, жеке шығарма ретінде жарық көрді. Суретші жеміс-жидектердің, жарық пен пішіннің өзгерісін сүйсіне отырып бейнелеген. Осыдан кейін бейнелеу өнерінің қызық та ерекше жанрына суретшілердің басым көпшілігінің қызығушылықтары арта түседі. Суретшілердің қылқаламынан қандай тамаша шығармалар туған десеңізші! Италия, Германия, Испания, Франция суретшілері натюрморт сала бастайды. Әрбір суретші бұл жанрдан өз стилі мен жанына жақын тақырыбын табады. Голландиядағы суретшілердің натюрморттары ерекше мазмұнға ие болды. Алғашында оларда адамдар бірге бейнеленетін, бірақ суретшінің де, көрерменнің де назары негізінен адамдарға емес, жансыз заттарға ауысты. Голландиялық суретшілердің натюрморттары адамдарды қоршаған барлық заттарға деген сүйіспеншілікке толы. Натюрморт көрерменді заттар дүниесінің сұлулығын танып білуге жетелейді.

Суретшілер натюрморттарды күрделі және қарапайым натюрморттар деп екіге бөледі. Қарапайым натюрморттар екі, үш, төрт заттан құралған натюрморттар. Күрделі натюрморттар бес жене де оданда көп заттардан құралған натюрморттар.
Натюрморттың жемістер мен гүлдерді, аң-құстар мен балық аулау, тұрмыстық кереқ-жарақтар, таңғы ас, музыка аспаптары бейнеленген түрлері өркендей бастады. Бальтазар ван дер Аст - натюрморттың жаңа түрі - гүлдер натюрмортының негізін қалаушылардың бірі. Бұл әр кезеңдегі суретшілердің ең сүйікті натюрморт түріне анйалды. Бұл жанр түрі голландиялық суретшілердің ерекше ықыласына ие. Натюрморттың бұл түрінің асқан шеберлері Питер Клас, Вильям Хеда болып табылады. Олардың натюрморттары онда бейнеленген ыдыстар мен маталардың әсемдігімен әрі түстің әсерлі берілуімен таңғалдырады. Голландиялық натюрморттардың негізгі тақырыбы - таңғы ас.

XIX ғасырда натюрмортқа деген көзқарас өзгерді. Импрессионист-суретшілер мен оларға еліктеушілер натюрмортпен тәжірибе жасай бастады. Олар заттарға тамсанып қана қоймай, пішін, көлем, сызық, жарық пен көлеңкенің өзара байланысын көрсетуге тырысады. Француз суретшісі Поль Сезанн төгілдіріп қойған мата қыртыстарының түсін, пішіндерді, түстер мен жарықтың құбылуын бейнелегенді ұнататын.
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында көптеген суретшілер өз сезімдерін, көңіл күйін нақты бір зат арқылы беруге ұмтылады. Мына суреттен XIX ғасырдың ең әйгілі натюрморты «Күнбағыстарды» көріп тұрсың. Голландиялық суретші Винсент Ван Гог бұл шығармасын өзінің досы, суретші Поль Гогенге арнаған.

Сергіту сәті.
Оқушылар сергіту сәтінде ақ параққа көздерін жұмып отырып табиғат көрінісін бейнелейді.

ІҮ. Жаңа материал бойынша түсінгендерін зерттеу кезеңі

Оқушылар форматтарына практикалық бөлімде үш заттан құралған натюрмортты бейнелейді.
Сурет салудың талаптары:
-композициялық шешімі.
-түстік үйлесімділігі.
-ұқыптылығы мен тазалығы.

Ү. Сабақты бекіту

Оқушылар тақтадағы ақ парақтың бетіне қолдарына таратылған ыдыс-аяқтардың суретінің артына жасырылған сұрақтарға жауап беру арқылы натюрморт құрастырады.
Сұрақтары:

1 Натюрморт дегеніміз не? (Өлі табиғат, жансыз заттарды бейнеу)

леу)

2.Натюрморттың қандай түрлері бар? (Күрделі жене қарапайым)

3.Ең алғашқы натюрмортты кім салды? (Якопо де Барбари)
4.Натюрморт жеке жанр ретінде қай ғасырда белгілі болды?(XVIғ)
5.Бальтазар ван дер Аст қандай натюрморттың негізін қалаушы? (Гүлдер натюрморты)
6. «Күнбағыстар» картинасының авторы кім? (Винсент Ван Гог.)

ҮІ. Үйге тапсырма



Оқушылар үйден өздерінің ата-аналарының мамандықтарына қатысты құрал-жабдықтарынан натюрморт құрастырып бейнелеп келеді.Мысалға анаң дәрігер болса оның қолданатын заттарынан натюрморт құрастырып бейнелеу.
( Натюрморт түрі-Заттарды қолданған адамдар жайында сыр шертетін натюрморт)

ҮІІ. Оқушы білімін бағалау


Оқушылардың суретті салуына, жаңа сабаққа қатысымы мен сұрақтарға жауап беруіне қарай мадақтап смайликтермен (қызыл смайликтер- беске, көк смайликтер-төртке бағаланады) бағалау.