Сәндік қолданбалы өнер ашық сабақ жоспары 6 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Cәндік қолданбалы өнер

 

Сабақтың тақырыбы: Сәндік қолданбалы өнер
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды сәндік қолданбалы өнер туындыларымен таныстыру. Ұлттық өнер ерекшеліктерінің сезіну қабілеттерінің қалыптасуына ықпал ету.
Көрнекілігі: Слайдтар, қолөнер бұйымдарының фотосуреттері, жұмыс дәптері, сөзжұмбақтар, қолөнер бұйымдары

Түрі: Аралас сабақ, білік дағды қалыптастыру сабағы
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, өз бетімен жұмыс. Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеу
Өткен тақырыпты қайталау
Жаңа тақырып өту
Қорытындылау
Оқушылар үйге не берілді?
Қандай тақырып өттіңіздер?
Мүсін өнері
Мүсіндеу - көркемөнердің бір түрі. Мүсіндеудің графикамен кескіндемеден айырмашылығы форманың барлық көлемін анық көрсетуінде.

Сұрақтар:
1 - Мүсіншілер мүсінді неден жасайды?
(Мәрмәр тастан, гранитпен) ағаштан, сазбалшықтан немесе ермексаздың көлемін ұлғайта отырып жасайды.
2 - Мүсіндеудің негізгі объектісі кім?
Мүсіндеудің негізгі объектісі адам.
3 - Бюст, мүсін, топтық мүсін дегеніміз не?
Бюст -(адамның кеудеден жоғары бейнесі)
Мүсін -(Фигураның тұтас бейнесі)
Топтық мүсін -(Бірнеше адамның бейнесі)
Мүсіндеу - Барлық жағынан қарауға болатын жұмыр және рельефті болып екіге бөлінеді.
Рельеф - жазықтық бетінде орналасады.
Монументтік мүсіндеу - бұл ұлы адамдарға немесе тарихи оқиғаларға орнатылады. Тұрмыста шағын пішінді мүсіндеу кең тараған. Бұл әр - түрлі материалдардан фарфордан, ағаштан, сүйектен, пластмассадан жасалған шағын көлемді мүсіндер. Қазақстанның ежелгі мүсін өнері тас дәуірінде пайда болған. Ол кезде тас мүсін балбал тастардан жасалып, сопақ тастар іріктеліп алынған. Ондай тастар Орталық Қазақстан мен Жетісу өңірінде көп кездеседі. Ал біздің Маңғыстау мен Үстірттен табылған тас мүсіндердің басым көпшілігі әктастан ойылған. Сонымен балалар өткен «мүсін өнері» тақырыбымызды аяқтаймыз.
Жаңа тақырып өту.
Сәндік қолданбалы өнерінде киіз үйдің алатын орны ерекше. Киіз үй қазақтың шағын мұражайы. Ең бірінші оқушылар қазақтық ұлттық бұйымдары дегенімізде ұлттық ағаш үйімізге тоқталмай кету мүмкін емес.
Ұлттық ағаш үйімізді тұрғызу үшін, оқушылардан олардың құрылысын сұраймын, және оларға түсінік берем. Киіз үй - қазақ халқының шағын мұражайы. «Ақ үй», «ақ орда», «ақ боз үй» деп аталады. Киіз үйдің сүйегін құрайтын «үй ағашты» алты ай немесе бір жыл бұрын дайындайды. Киіз үй құрылымдық негізіне, ерекшелігіне байланысты сүйегі және жабуы деп бөлінеді.
Киіз үйдің жабуы: туырлық, керегенің іргесінен уықтық орта шеніне дейінгі жерді: үзіктің кереге басынан шаңырақ шеңберіне дейінгі аралықты: түндік шаңырақты: киіз есік сықырлауықты жауып тұрады. Киіз есіктің сыртқы киіз арасы ши, астары жарғақ теріден жасалады, түріп қоюға ыңғайлы. Киіз үйдің кеңеюі оның кереге санының өсуіне байланысты. Бас арқан, белбеу, шаша уықтарын қозғалмау үшін әрі туырлықтың кереге басына үйкелмеуі үшін уықпен керегенің түйіскен жерін сыртынан бастырып тұратын жалпақ құр. Біз тақырыбымыз түсінікті болу үшін киіз үй тұрғызамыз. Киіз үйді тұрғызу үшін тапсырмаларды орындаймыз.
1 - тапсырма: ұлттық қолөнер бұйымдарын атаңыздар:
Оларға (білезік, мосы, самаурын, кебеже, тостаған, таға, ұршық, тегене, торсық, тон, көсеу, ер - тоқым) т. б жатады.
2 - тапсырма: аталған бұйымдарды жіктеп теріп жаз
1 - теріден жасалған бұйымдарды жіктеп жаз.
2 - ағаштан жасалған
3 - темірден жасалған бұйымдар
3 - тапсырма: ұлттық төсеніш түрлерін ата, бұл тапсырманы орындау үшін сөзжұмбақ шешеміз.
ЖАСТЫҚ
Қ ҰСТӨСЕК
СЫРМАҚ
ТЕКЕМЕТ
ШИ
КІЛЕМ
КИІЗ
Оқушылар негізі ағаш өнерімен айналысатын шеберлер 4 топқа бөлінеді.
1 - Үйші, 2 - балташы(бұлар киіз үй құралдарын дайындап, үй сүйегін жасайтын адам.)
3 - Тоқушы(ши тоқу), 4 - оймашы(сықырлауыққа ойып оюлар салу.)
Балалар бұл киіз үйдің сұрақтарына жауап бере отырып, ұлттық қолөнер бұйымы ожаудың суретін саламыз. Бірінші ожауды көмекші сызықтар арқылы көрсетеміз. Екінші бояу түсімен сурет салып үйрену. Оқушыларға сурет салуға уақыт белгілеп, салған суреттерін тақтаға іліп көрсету. Ожау қайыңмен қарағайдан жасалады. Оқушылар суретімізді сала отырып, сәндік қолданбалы өнерге тоқталамыз. Сәндік қолданбалы өнер деп - тек қана практикалық жағынан емес, эстетикалық мәні жағынан да маңызды дайындалған және көркем жасалған өндірістік немесе қолөнер арқылы өмірге келген туынды жасауды айтады. Сәндік қолданбалы өнер заттары көбіне ұлттық сызбалармен көзге түседі. Осы арқылы біз халқымыздың ерекшелігін көре аламыз. Қазақтың сәндік қолданбалы өнеріне ою - өрнектердің қосатын үлесі зор. Ою - өрнек дегеніміз - қайталанатын ритмикалық элементтерден тұратын нақыш.

Ұлттық ою - өрнек түрлері шығу тегіне қарай екі топқа бөлінеді.
1 - Қазақ халқының өзіне тән, ертеден келе жатқан ұлттық оюлары
2 - Басқа халықтардан ауысқан жаңа интернационалдық ою - өрнектер.
Қазақ ою - өрнегі дамып, өзгеріске ұшырады және жетілді. Қазір оның 200 - ден астан түрі мен атауы бар. Ою - өрнек атауларын мағынасына қарай мынадай топтарға бөлуге болады.
1. Космогониялық (Ай, Күн, жұлдыздарды бейнелейтін өрнектер)
2. Зооморфты (Аң, мал, атаулары мен олардың дене мүшелеріне байланысты туған өрнектер)
3. Өсімдік бейнелі өрнектер: «қызғалдақ гүлі», «райхан гүлі», «жеті гүл» т. б
4. Геометриялық фигураларға ұқсас өрнектер: шаршы, ромб, төртбұрыш, үшбұрыш т. б
5. Қару - жарақтар мен тұрмыстық керек - жарақтарға байланысты туған өрнектер: «балта», «түйме», «ожау», «тарақ», «балдақ», «қос тұмарша» т. б
Өрнектердің түстері мен бояулары
Ою - өрнектердің орналасуының зор мәні бар. Әрбір түс белгілі бір тәртіппенен кезектесіп отырмаса, өрнек әлсіз нашар болып отырады. Бояу мен түсті таңдап пайдалануда қазақ халқының этнографиялық тарихымен логикалық ұғымы өте терең.
Көк түс - аспанның символы
Қызыл түс - оттың, күн көзінің символы
Сары түс - ақыл парасаттың символы
Қара түс - жердің символы
Жасыл түс - жастықтың символы
Халық шеберлері өсімдіктердің жапырақтарынан, қабықтарынан және тамырларынан жасалған бояуларды көп қолданған. Қолөнерде пайдаланылатын бояулардың түрлері негізінен 3 түрі бар.
1 - Табиғатта даяр күйінде кездесетін бояулар. Бұлар топырақтан, жосадан, әр - түрлі минералдармен өсімдік жемістерінен, малдың қанымен бауырынан алынады.
2 - Осы заманғы химиялық әдістермен өндірілетін алуан түсті ұнтақ пен артық бояулар.
3 - Шеберлер өздері қолдан жасап алатын бояулар. Бұларға әр - түрлі қоспалар қосып пайдаланады.
Әшекейлік заттар: Ою - өрнек әшекей жасау шеберлігі бейнелеу өнерінің бір түрі. Зергерлер әшекейлі болу жағына аса назар аударады. Композициялық тұйық өрнектер дегеніміз - шеңбер ішінде түрлі бұрыштар ішінде орналасады. Ою - өрнектер рельефтік және жазықтыққа салынған ою - өрнектер болып бөлінеді.
Бұйымды оюмен әшекейлеу барысында төмендегі ережелерді сақтау керек.
1 - Салынатын өрнек әрқашан бұйымның көлемімен оның пішініне сәйкес келуі тиіс.
2 - Өрнекті композиция негізге бұйымның түстік фонының өрнектеріне сәйкес келуі, яғни бір - бірімен жарасымды болу керек.
3 - Өрнектер бір - бірімен тепе - теңдікте болуы шарт.
4 - Түрлі түстер арқылы өрнекті композицияның ортасы, шеті, фоны анықталады.
5 - Тұйық композициялық өрнектер шеңбер, үшбұрыш немесе ромб ішінде орналасуы тиіс.

Сабақты қорытындылау:
1 - Ұлттық ою - өрнектер неше топқа бөлінеді?
2 - Ағаш үйдің сүйегі нешеге бөлінеді?
3 - Бояуларды қандай әдістермен аламыз?
4 - Ісмер деген кім?
5 - Зергер деген кім?
6 - Шебер деген кім?
7 - Ұста деген кім?

Оқушылардың салған суреттерін қарап, бағалау.
Үйге тапсырма беру:
Ұлттық бұйымдардың суретін салу
«Сәндік қолданбалы өнер»тақырыбына эссе жазу.

[link]

Материал рейтингісі: