Мүсін өнері. Қазақстан мүсін өнері (6 сынып)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Бейнелеу өнері

6 сынып Күні:

Сабақтың тақырыбы: Мүсін өнері. Қазақстан мүсін өнері.



Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мүсін өнері жайлы түсінік беру; Мүсін өнері орны жайлы білімін толықтыру, Мүсін жайлы арқылы балалардың қолын, білек пен саусақтардың бұлшық еттерін дамыту, сезіну қабілетін қалыптастыру.

Саз балшықтан немесе ермексаздан созу, ию тәсілдерін терең меңгеру.

Сабақтың көрнекілігі: Әр түрлі мүсіндер үлгілері, фотосуреттер, иллюстрациялар, ойыншықтар. Мүсін көріністері бейнеленген суретшілер шығармалары.



Сабақтың барысы:Мүсіндеу – көркемөнердің бір түрі. Мүсіндеудің сызба мен кескіндемеден айырмашылығы пішінінің барлық көлемін анық көрсетеді. Мүсіндеудің негізгі обьектісі – адам.

Мүсіндеудің түрлері : жұмыр мүсіндеу және рельеф. Жұмыр мүсіндеуде оның барлық жағынан қарауға болады.

Жұмыр мүсіндеу деп үш бағытты меңгеретін шығармашылықты айтады. Мүсіншілер өздерінің шығармасын жасауда адам мен жануарлардың барлығын жан – жақты қарай отырып, тереңірек әрі толық түрде бейне мазмұнын ашады.

Рельеф – мүсіндеу өнерінің кең тараған түрі, біз оны монеталардан. Тиын ақшалардан, металдардан немесе қабырғалардан кездестіре аламыз. Рельеф екі түрге бөлінеді: денелер фонның жазықтығынан өз көлемінің жартысынан аз шығып тұрса, ол барельеф деп аталады; ал фигуралар жартысынан көбірек шығып тұрса, ол горельеф деп аталады.

Мүсіндеу техникасына: жабыстыру, ою, шекіме, гальванопластика, металдау, құю жатады.

Алғашқы қызық мүсіншісі Хакімжан Наурызбаев.



Қорытынды: Үздік жұмыстарды талдау.



Үй тапсырмасы:Хакімжан Наурызбаев жайлы мәліметтерді оқып келу