Открытый урок: Графика өнерінің түрлері (2 класс)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...



Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі

Қызылорда обылысы шиелі ауданы










Тексерілді”


Оқу ісінің меңгерушісі: Ш.Баимбетова













Тақырыбы: Графика өнерінің түрлері


Сыныбы: 5


Пән мұғалімі: Асылханқызы. Б












2014-2015 оқу жылы.

Бейнелеу өнері 5- сынып 20.11.2014 жыл. Сабақтың тақырыбы: Графика өнерінің түрлері
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Графика және оның түрлері жайлы терең мағлұмат беру.
Дамытушылық: оқушының ой-өрісін , есте сақтауын , қиялдау көре білу қабілетін дамыту , 
Тәрбиелігі: графика өнерінің түрлері арқылы эстетикалық тәлім – тәрбие беру.
Типі: жаңа білімді меңгерту
Әдісі: түсіндіру, сұрақ –жауап,ой-қозғау,жұмбақ шешу.
Түрі: Аралас
Құрал-жабдықтар: қарындаш, альбом, А3, қаламұш,тушь, гуашь.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
1. Сабаққа керекті құрал-жабдықтарды әзірлеу.
2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
4. Жалпылама сұрақтар арқылы оқушылардың білімін тексеріп, өткен сабақты қайталау.
Сұрақтар:
1.Бейнелеу түрлерін ата? (графика, живопись,мүсін, сәндік қолданбалы өнер,сәулет өнері, дизайн өнері)
2. Графика дегеніміз не?
3.Бейнелеу өнері жанрларының қандай түрлерін білесіндер? (Портрет, натюрморт,пейзаж, маринистік, анамалистік).
4.Гуашь дегеніміз не?((Французша су бояуы) акварельмен салыстырғанда мөлдір емес қою бояу).
5.Үйлестірудің мағынасын айтып беру.(«композийия»деп атайды.ол латын сөзі, қазақ тіліне аударғанда «ойлап шығару» немесе «құрастыру» деген мағынаны білдіреді).
ІІІ. Жаңа сабақтың тақырыбы, мақсаты,түрімен таныстыру.
Графика дегеніміз – қағаз немесе картон бетіне қарындаш, қылқаламмен, тушьпен салынған суреттер.
Сонымен қатар қағаз бетіне салынған литография,түсті гравюралар және түсті карындаш, бормен салынған суреттер де жатады. «Графика» атауы гректің «жазамын», «сурет саламын» деген сөзінен шыққан.
Графика орындалу тәсіліне, өзіндік ерекшелігіне байланысты бірнеше түрге бөлінеді.
Гравюра (қырма) тақта, ағаш бетіне арнаулы аспаптармен ойып істелінетін сурет салу өнері.
Ксилография – ағаш орындалатын сурет.
Линогравюра – линолум бетіне орындалған сурет.
Литография – тегіс орындалатын гравюра, яғни майлы тушьпен немесе қарындашпен салынады.
Иллюстрация – кітап мазмұнына , ертегілерге арналып салынған сурет.
Қазақстан суретшілері арасында графикалық туындылармен танымал график суретшілер баршылық. Олар Ә.Қастеев, А.Ғалымбаева, Ә.Рахманов, Т.Ордабеков.
Тапсырма: Графика тәсілін меңгеріп, сурет салу.
-Балалар, сендер барлықтарың бүгін графика – суретшісіндер. График – суретші болу үшін график қарындашымен сурет салып үйренуіміз керек.
Алдымыздағы бірнеше суреттерге қараймыз,графика тәсілімен салынған,өз қалауымыз бойынша суреттің бірін саламыз.
Салынған затты құбылысын, денелердің құбылысын табу, қағаз бетіне орналастыру.
Заттың, дененің құбылысын анықтап, салыстырмалы түрде бейнелеу, бояуға көшу.
Заттардың форма көлеміне қарай қара, ақ түстермен бояу, жарық, көлеңкені анықтап ажырату, аяқтау.
Ой –қозғау.
Ал енді осы сабаққа байланысты бір – бірімізге жұмбақ жасырайық.

  1. Сырын ашты пышаққа
    Жұмыссыз мен қалдым деп.
    Мені жонып үшкірле,
    Пайдам тисін адамға 
    (Қарындаш)

  1. Жұмыс берсен оған,
    Қарындаш бекер шаршаған.
    (Өшіргіш)
    Өнерге тән жаратқан,
    Көкірегі кең аспан,
    Барша жұртты қаратқан.
    Бейнегер тым асқан
    .(Суретші)

  1. Қимылдаса қос шебер
    Қыруар – қыруар іс өнер 
    (Екі қол)
    ІV. Сабақты бекіту.
    Екі топқа тест беру арқылы білімдерін тексеру.
    Тест №1
    1. Қосымша сызықтар не үшін қажет?
    а). Суретті құрастыру үшін.
    ә). Суреттің сұлулығы үшін
    б). Заттың формасын шығару үшін.
    2. Затқа түсіп тұрған ең жарық дақты атаңыз.
    а). Рефлекс .
    ә). Жылыт.
    б). Жарық.
    Тест №2

  1. Қазақстанда бейнелеу өнерінде алғашқы жол салған кәсіби суретші кім?
    а). Ә.Қастеев
    ә). Ә.Ысмайылов
    б). М.Кенбаев.
    2. Анамалистік суретші нені бейнелейді?.
    а). Табиғат .
    ә). Жануарларды.
    б). Адам тұрмысын.
    V. Сабақты қорытындылау. Тірек –сызба 
    Графикалық түрлерін танысып білдік.
    - Қандай түрлерімен таныстық ? атап өтейі 
    VІ. Бағалау.
    Оқушылардың жұмысын қарап салыстырмалы түрде бағадау.