Ұлы суретшілердің жазу тәсілі мен өсиеттері
Живопистіжазу тәсілдеріне машықтану ушін жас суретші сабақтан тыс уй жұмысымен қатар, өздігінен өзіне жақын қоршаған ортаның көріністерін жазып жүру керек. Сонымен қатар әрібір оқушының қалтасында қарындаш пен нобай жасайтын блокноты болуы міндетті. Оқушы кез- келген, бос уақытында 10-15 минуттік нобайлар жасай беру керек. Сонда кеңістіктегі кез-келген заттарды, қалаған өлшемдегі және де әрбір заттың түр сипатын есіне сақтау шеберлігі артады. Ал этюд жазу кезінде оқушы табиғаттағы бояуларды қалай табуды және оларды есте сақтауды үйренеді. Осы айтылған тапсырмаларды күнделікті жасап жүргенде ғана жас суретші кенепке майлы бояумен өз шығармасын толыққанды орындай алды. Ұстаз сабақ барысында әр оқушының деңгейіне қарай тапсырма беріп, тусінбей тұрған жерін іс жүзінде көрсетіп, демеп отырғаны абзал. Өйткені жас суретші қойылған натюрморт немесе адам бейнесін кенепте өз шама шарқынша жазады да, әрі қарай тереңдеп кіруге қорқасоқтап тұрады. Егер осы кезде оқушыға қойылған бейнелерді бөлек қағазға немесе этюд арқылы іс жүзінде суретке тиісті барлық заңдылықтарды айтып отырып, жазып көрсетсе, оқушының есінде естіп- көріп отырғасын, жақсы сақталады. Әрине живопистің барлық тапсырмаларын орындап шығу мүмкін емес. Живописьшілерден әлі күнге келе жатқан нақыл сөз бар: “Живопись ешқашан аяқталмайды, ал аяқталған шығарма живопись емес”. Мұны қалай түсінуге болады? Түсіну үшін суретші унемі өзін- өзі жетілдіріп, этюд, нобай жасаумен қатар, үлкен шығармалар жазса сонда түсінеді. Өйткені үлкен шығармаларда көптеген қиындақтарға кездеседі. Және майлы бояумен үлкен шығарма жазу үшін живопистің көптеген заңдылықтарын сақтауға тура келеді. Ол үшін уақыт керек. Ал адам өміріндегі ең қымбат дүние уақыт емес пе? Шынайы суретші әрдайым өз Шығармасының алдында баладай толғаныста болады. Ұлы суретші Врубельде мынадай сөз бар: “Егер рояльда ойнайтын әрбір адам өзін музыкантпын деп ойлайтыны бар- бекер, сурет салатын әрбір адам- өзін суретшімін деп ойлайтыны бар- бекер”.
Орыстың ұлы суретшісі Иванов эмиграцияда Италияда жүріп “Христиостың елге көрінуі” атты шығармасын 20 жыл бойы жазды. Ұлы суретші сонда да аяқтап үлгере алмады. Егер шығармаға дұрыстап қараса, оң жақ төменгі бұрышы 1х1 шаршы метр білпей қалған. Осы жерде ұлы суретші мұрасының өз құндылығын жоймай келе жатқандығын Винмент Ван Гогтың бір ауыз сөзімен толықтыруға болады: «Суретшілер жер қойнауында жатып та, кейінгі ұрпақпен тілдесе алады».
Суретші бұл шығармасындағы кейіпкерлердің этюдын, суретін, нобайларын дайындауда қаншама тер төкті. Третьяков мұражайындағы әр нобайдың, этюдтың өзі бір картина, асқан шеберлікпен жасаған. Осы тұрғыда студенттерді өмірден өткен ұлы суретшілердің жазу мәнерімен ойларымен, таныстырғанды жөн көрдім. Атақты Сергей Калмыковтың күнделігіндегі: «Өнер мәңгі бақи өмір сүреді. Ол біздің түкке тұрмайтын толғаныстарымыздың үстінен сан мың жылдар бойы жұлдыздар шоғыры болып жарқырайды... Врубельдің «Қиял ханымының»қазіргі заманға қатысы жоқдеуге ешкімнің де батылы бара қоймас» деген сөзін еске ұстаған жөн. Өмірден өткен ұлы суретшілердің ойлары кезкелген суретшіні бей- жай қалдыруы мүмкін емес. Сондықтан менің бұл мақалада таныстырайын дегенім ұлы суретшілердің жазу мәнері мен ой- толғаныстары. Француздың ұлы суретшісі К.КОРО живописьтегі көзқарасын былай деп сипаттайды: Мен живопись жазғанда бейнені бөлек- бөлек айқындауға ешқашанасыққан емеспін. Мені ең әуелі қызықтыратын шығарманың жалпы салмағы мен мінезі дейді. Егер осылардың шешімін тапсам, әрі қарай нысанның нәзік жерлері мен әрін іздеуге кірісемін. Мен барлық уақытта ешнәрсеге алаңдамай және де ешқандай жүйеге тоқтамай солармен жұмыс істеймін.