1 Сабақтың тақырыбы «Түс тану.Түстердін араласуы.»
2 Сабақтың мақсаты: Түстер, және түс рендер сезімдерін дамыту. Түстердін араласуын менгеру.
1) Білімділік.Түстердін табиғи жаратылуы,бұкіл жер бетіне, тіршілік,өсімдіктерге әсерлігі.Оптикалық қасиеттері.
2) Дамытушылық.Түстер араластыру әдістерін менгеру.
3) Тәрбиелік: Түстердін өзгерген таблицаларын, салуда тәрбиеге бағыттау,баулау.
3. Қолданылатын көркеміліктер; репродукциялар,постерлер:
4: Пән аралык байланыс: композиция, композиция негізі,кескіндеме, түстер теориясы.
5. Сабақтың өту әдісі:
1. Хабарлама ,
2. Көрнекілік,
3. Сұрақ – жауап,
4. Тәжірибелік жұмыс.
6. Сабақтың жоспары, өту барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі,
2.Тақырып түсіндіру, міндеттерімен, мақсаттарымен таныстыру,
3.Тәжірибелік жұмыс.
4.Қорытындылау
5.Үй тапсырмасы.
Сабақтың өту барысы.
Ұйымдастыру кезеңі:
Жаңа тақырыппен, сабақтың мақсатымен,міндеттерімен таныстыру.
Жаңа тақырып түсіндіру. «Түс тану.Түстердін араласуы.»
Тәжірибелік жұмысқа даярлау,бағыт беру.
Тәжірибелік жұмыс.
Жұмысты қорытындылау.
Үйге тапсырма.
Жаңа тақырып түсіндіру.
«Түс тану.Түстердін араласуы.»
Түстану жөнінде бірер сөз. Түстану — түс туралы ғылым — бояулармен істес болатын суретші таныс болуға тиісті көптеген мәселелерді зерттейді. Күннің «ақ» жарығы шын мәнінде өте күрделі екені және көптеген түстерден тұратыны сендерге физика курсынан мәлім. Нәзік күн сәулесін шыны призма арқылы өткізген кезде ол бұзыла отырып, спектр деп аталатынды, яғни түстердің үздіксіз қатарын құрады, мұнда олар мынадай тәртіппен орналасады: қызыл, қызгылт-сары, сары жасыл, жасыл, жасылкөгілдір, көк, күлгін түстер. Олардың арасында қатаң шекара жоқ: сары-жасыл, мысалы, жасылға, жасыл — жасыл-көгілдірге және т. б. елеусіз ауыса береді.
Біз көретін заттардың түсі оларға түскен «ақ» жарықтың тек қайсы бір бөлігін, яғни спектрдің қайсыбір бөлігін ғана шағылыстыруға, ал оның екінші бөлігін жұтып қоюға олардың қабылеттілігімен анықталады. Бұл құбылыс іріктеп жұту деп аталады. Мәселен, жасыл дене спектрдің жасыл бөлігін ғана шағылыстырады, ал қалған сәуле-лерді бойына сіңіреді. Егер осы денеге қызыл шыны арқылы ңарайтын болсақ, ол бізге қап-қара болып көрінеді, өйткені қызыл шыны өз кезегінде дене шағылыстырған жасыл сәулелерді жұтып қояды (ал қалғандарын дененің өзі жұтып қойған).
Барлық спектрдің түстері және күн спектрінде жетіспейтін ңан қызыл (ең шеткі қызыл және күлгін түстердің аралығындағы) түстер түстердің хроматикалыц («түстік») шкаласы деп аталатынды құрайды. Ақ заттар бүкіл спектрді шағылыстырады, ал қара заттар, керісінше, бүкіл спектрді жұтып қояды. Егер ақ және қара бояуларды алып, оларды түрлі пропорцияларда араластырса, таза ақтан қараға дейінгі толып жатқан сұрғылт-ақ түстер шығады. Бұл түстердің басқа шкаласы — ахроматикалық («түссіз») шкала болады.
Ахроматикалық түстер бір-бірінен тек бір белгісі бойынша – ашықтығы (ашық-сұрғылт немесе қара-сүрғылт) бойынша ерекшеленеді. Хроматикалық түс, ашықтығы жағынан ерекшеленумен қатар, тағы да екі басты белгілермен — түстік өңмен және қанықтылықпен сипатталады. Түстік өң — бұл «қызыл», «сары» және т. б. сөздермен анықталатын нәрсе және мұның өзі бір түсті екіншісінен ерекшелеп тұрады. Бірақ қызыл таза қызыл немесе ахроматикалық, мысалы, сұрғылт ңоспасы бар болуы мүмкін. Соның өзінде ол бәрі бір қызыл болып қалады — сұрғылт қоспа оның түстік өңін өзгертпейді. Егер осындай ашықтықтағы сұрғылт түсті алсақ, онда жаңа (араластырылған) қызылдың ашықтығы да өзгермейді. Алайда түс қалай дегенмен басқаша болады: онда оның үшінші белгісі — қанықтылығы өзгереді. Ахроматикалықтың қоспасынан хроматикалық түстің қанықтылығы азаяды. Мұндай қоспада ахроматикалың түс неғүрлым аз болған сайын, оның қанықтылығы да арта түседі.
Сонымен, барлық хроматикалық түс үш параметрмен — ашыңтылықпен, түстік өңмен және қанықтылықпен сипатталады.
Хроматикалық түстерді жылы және суық түстер деп шартты түрде бөледі. Жылы түске спектрдің сары-қызыл бөлігі, ал суық түске көк-көгілдір бөлігі жатады. Бұл топтар өзінің жылы және суық түстер деген атауын бірі — күн мен от түсімен ойша байланыстырылу, екіншісі — аспанның, су мен мұздың түсімен ойша байланыстырылу арқылы алған. Күлгін және жасыл түстер аралык, жағдайға ие болады және алуан түрлі нақты жағдайларда, үйлесімге байланысты бірде жылы, бірде суық түске жатқызылуы мүмкін.
Егер бүкіл көршілес түстер біртіндеп өзгере отырып, бірінен екін-шісіне ауысатын спектрлік бөлісуді алып, сақинаша исек, онда бұл сақина бірікпейді, себебі, жоғарыда айтып өткеніміздей, шеткі түстердің — қызыл және күлгін түстердің — арасында өтпелі қызыл-күлгін (қара қошқыл) түстер жетіспейді. Егер оларды қоссақ, шеңбер бірігеді. Мұндай түстік шеңбер бізге түстер жөнінде көп нәрсені түсінуге көмектеседі.
Кез келген хроматикалың түске қоспа күйінде алдымен ахроматикалың (іс жүзінде қараға жақын) түс беретін басңа түсті іріктеп алуға болады. Түстердің мұндай жұбы қосымша түстер деп аталады. Мәселен, қызыл-күрең түске жасыл-көгілдір, сары-жасылға — ңан қызыл-күлгін қосымша болады және т. б. Іс жүзінде түстік шеңберде мұндай қосымша түстер қарама-қарсы жатады.
Бейнелеу өнерінде үш түс: сары, қызыл және көк — негізгі түстер деп есептеледі. Егер бояулар туралы айтатын болсақ, бұл краплак, сары кадмий және берлиндік көкшіл бояу.
Осы түстердің кезкелген екеуін араластыру үшіншіге қосымша түс береді: сары және көк жаңсыл түс (қызылға ңосымша), көк пен қызыл — күлгін (сарыға қосымша), қызыл мен сары — қызғылт сары (көкке қосымша) түс береді.
Егер ахроматикалық (сұр) дақты хроматикалық (мысалға, жасыл) фонмен қоршаса, онда сұрдың бетінде өте айқын байқалатын хроматикалың реңк, дәл осы жағдайда қызыл реңк пайда болатыны аңғарылады. Шын мәнінде, жасыл шабындықты бойлай жүгірген соқпақ жол әрдайым аңшыл көк-қызғылт сияқты болып көрінеді. Түстердің мұндай жұбы (фонның түсі және сұрғылт фонда пайда болатын хроматикалық реңктің түсі) контрасты түстер деп аталады. Түстік шеңберде олар қосымша түстермен аздап сәйкес келмей, бір-біріне қарсы дерлік орналасады. Олардың қосымша түстерден айырмашылығы онша айқын байқала бермейді, сондықтан іс жүзінде оларды елемеуге болады.
Тікелей көршілес орналастырылған контрасты түстер көзбен көргенде қанықтылығы жағынан бір-бірін күшейтіп тұрады. Бір түстің қоршауындағы екінші түс өзгермеуі үшін бұл түске айналадағы түстен аздап қосу керек. Бұл ахроматикалық түске де қатысты. Мысалы, жасыл фонның қоршауындағы сұрғылт дақ қызғылт болып көрінбей, таза сұрғылт түс болып қабылдануы үшін сұрғылт түске аздап жасыл түс қосу керек. Контур жүргізу түстердің контрастық әсерін күрт төмендетеді.
Айқын контуры бар дақ түстік контрастың әсерін мүлдем дерлік
сезінбейді.
Контрасты емес, жақын түстер, мысалы, сары немесе сары-жасыл, жасыл және жасыл-көгілдір түстер көрші болған кезде, керісінше, екеуінің қанықтылығы азайғандай әсер туады.
Түстік контрастар заңын түсіну түс іс жүзінде жоқ жерде, яғни бейтарап сұрғылт дақтарда түстік әсерге қол жеткізуге және кезкелгең хроматикалық түстің реңкін, көзбен қарағанда оның қанықтылығын арттыра немесе төмендете отырып, озгертуге мүмкіндік береді.
Түсті пайдаланатын суретшінің аса маңызды міндеті — неғұрлым тиімді гармониялық түстік үйлееімдерді табу. Алынған түстер әдемі (гармониялық) немесе нашар (дисгармониялық) үйлесуі мүмкін. Түстік гармониялар — бұл белгілі бір тәртіппен орналасқан аз ғана түстердің қисындасуы. Түстердің гармониялық үйлесімдерінің үлгі схемасын қарастырып көрелік:
1. Қос түсті гармония — түстік шеңбердегі қарама-қарсы түстердің үйлесуі. Мүндай үйлесу біршама дөрекілеу, контрасты, тек плакатта ғана орынды.
2. Үш түсті гармония — түстік шеңбер дәл үш бөлікке бөлінеді. Кез келген бір түсті алып, оған басқа екеуін табады.
3. Төрт түсті гармония — шеңбер төрт бөлікке бөлінеді. Төрт түсті және үш түсті гармонияда барлық түстерді емес, тек кезкелген екі-үш түсті ғана алуға болады. Олардың үйлесімі де жарасымды болады.
Тәжірибелік жұмыс.
Бірқатар практикалық ұсыныстар мынадай:
а) ең жақсы түстік үйлесімдер — түстік шеңбер бойында үлкен аралық қашықтықта болады:
б) неғұрлым интенсивті түстерді интенсивтілігі аз түстермен үйлес-тірген кезде неғұрлым интенсивті түсті аз мөлшерде (дақтың аумағы бойынша) алу керек;
в) хроматикалық түсті ахроматикалық түспен үйлестіруге болады: жылы түстерді — ңара-сұр түстермен, суық түстерді — ашық-сүр түстермен үйлестірген жақсы.
Алайда түстік гармониялардың заңдары салыстырмалы екенін ұмытпау керек. Оларды қолдану көптеген нақты жағдайларға қарай түзетіліп отырады, сондықтан оларды барлық жағдайлар үшін бір-жола белгіленген деп есептеуге болмайды.
Бояулармең жұмыс істеген кезде түстердің кеңістік ңатынастары деп аталатын тағы бір қызықты құбылысты ескерген жөн. Кейбір түстер басқа түстермен қатар тұрғанда бізге алға шығыңқы немесе артқа таман тұрған сияқты болып көрінетіні анықталды. Негізінен жылы, ашық және қанық түстер алға шығыңқы, ал суық, күңгірт және қанық емес түстер артқа таман тұрған сияқты болып қабылданады. Айта кету керек, әрбір нақты жағдайда дақтың сипаты мен көлемі, контур және басқа жағдайлар роль атқарады.
Электр жарығы (қызу лампасы) құрамында табиғи жарықпен салыстырғанда сарықызғылт сары сәулелер едәуір көп болады, мұның өзі біздің түстерді қабылдауымызға елеулі әсер етеді. Мұндай жарық кезінде барлық түстер қызғылт сары реңкке ие болады: қызыл түстер бүрынғыдан да қызғылт сары және бояуы қанық бола түседі, ал суық түстер — күлгін және көгілдір түстер — қанықтылығын жоғалтқып, сүрғылттанады, күңгірттенеді. Сары түстер ашықтана түсіп, неғұрлым бозғылт болып көрінеді. Осының салдарынан электр жарығы кезінде жасалған живописьтік жұмыстар күндіз тым сарғылт болып шығуы мүмкін.
Ал ендігі сәтте біз осы кескіндеме зандылықтарын ережелер ескеріп, әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, тақырып бойынша практикалық жұмысқа кірісейік.
V. Практикалық жұмыс.
Қолданылатын құрал-жабдықтар: Кергіш кенеп қылқаламды, акварель, езгіш, палитра, қарандаш, мальберт.
Практикалық жұмыс тапсырмасы:
- Кескендеме әдіс-тәсілдерін, заңдылықтарын, түрлерін пайдалана отырып натюрморт жазу.
Сабақтың өту барысында әр оқушыға жеке барып, қателерін түзейтіп, дұрыс бағыт көрсету.
( демонстрациялық әдіс )
Бүгінгі өткен шақырып бойынша жұмыстарын қортындылап, тексеріп, бағалау. Үйге тапсырма беру, сабақты аяқтау.
VI. Үйге берілетін тапсырма.
Сабақ үстінде алған мәліметтерге сүйене отырып, 40×50 кенекке екі немесе үш дана акварель бояумен натюрморт орындау.
СҚӨ және Дизайн бөлімі,
Кескіндеме пәнің оқытушысы Тулепова М.М.