Тетіктердің біріктірудің сызбалары. (9 класс)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шығырлы ауылы

Ә. Молдағұлова атындағы негізгі мектебі

Сызу пәнінің мұғалімі: Рамазан Ақылбек Арыстанбайұлы

Сыныбы: 9

Сабақтың тақырыбы: Тетіктерді біріктірудің сызбалары. (Ажырайтын біріктірулер).

Сабақтың мақсаты: Ажырайтын біріктірулерді сызбада тілікте көрсету.

Дамытушылығы: оқушылардың жалпы, сызу жөнінде сана-сезімін дамыту.

Білімділігі: сызу және техника жөнінде оқушыларға қысқаша мәлімет түсіндіру.

Тәрбиелігі: оқушыларды жалпы ұйымшыл болуға тәрбиелеу, үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: Қарындаштар, ақ қағаз, шеңберсызар, сызғыш, 9-сынып оқулығы және т.б.

Сабақтың өту барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.Тапсырманы орындау.

5. Сабақты бекіту.

6. Бағалау

7. Үйге тапсырма.

1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасып,сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу.Кластың құралдарын дайындап сабаққа даярлау.

2.Үй тапсырмасын тексеру: 1) Сызба жұмыстарын тексеру.

2) Бұйым дегеніміз не? (Адам қолымен немесе өндірістік тәсілмен жасалған нәрселер бұйым деп аталады).

3) Бұранда дегеніміз не? (Тетіктің өзегіндегі немесе тесігіндегі винттік кертік бұранда деп аталады.)

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру. Сендер өткен сабақта тетіктерді біріктірудің ажырайтын және ажырамайтың біріктірулер болып бөлінетіндігін өткен болатынсыңдар. Ажырайтын біріктірулердің жиі кездесетіні бекітуші-бұрандалы тетіктердің көмегімен біріктірулер болып табылады. Олардың құрамына болттар, сомында, винттер және бұрамасұқпалар кіреді.

Бекітуші-бұрандалы тетіктер стандартталған, олардың өлшемдері сәйкесінше Мемлекеттік стандарттарда анықталған.

Ажырайтын біріктірулерді сызбада тілікте көрсетеді. Бекітуші тетіктердің өлшемдері сызбаға түсірілмейді.

Бұрандалы ажырайтын біріктірулер

Болттық біріктіру – тетіктерді болттың, сомынның және шайбаның көмегімен біріктіру

Болттық біріктірудің сызбасын ықшам түрде сызу қабылданған.

Сызбаларда болттық біріктіруді салыстырмалы өлшемдері бойынша сызады. Болттық біріктірудің элементтерінің салыстырмалы өлшемдері сыртқы диаметрмен (d) анықталады

Болттық біріктірудің сызбасын орындаудың реті:

- алдымен біріктірілетін тетіктерді кескіндейді;

- болтты кескіндейді;

- шайбаны кескіндейді;

- сомынды кескіндейді.

Винттік біріктіру деп тетіктерді біріктірілетін тетіктердің біріне бұралатын винттің немесе винттің, шайбаның және сомынның көмегімен біріктіруді айтамыз

Винттік біріктірудің сызбасын орындаудың реті:

- біріктірілетін тетіктерді кескіндейді (олардың бірінің винттің бұрандалық ұшына бұралатын бұрандалы тесігі бар);

- тілікті бұрандалы тесік винт өзегінің бұрандалық ұшымен жартылай жабылған түрде көрсетеді;

- винтті кескіндейді;

- винттің бастиегінде бұрауышты салуға арналған кертік (шлиц) бар. Бұл кертікті үстіңгі көріністе шартты түрде тұтас жуанырақ бір сызықпен кескіндейді және оны горизонталь сызыққа 45° бұрыш жасап жүргізеді.

Бұрамасұқпалы біріктіру – тетіктерді бұрамасұқпаның көмегімен біріктіру, мұнда оның бір ұшы біріктірілетін тетіктердің біріне бұралады, ал екінші ұшына біріктірілетін тетік, шайба кигізеді де, олар сомынмен бекітіледі

Бұрамасұқпалы біріктірудің сызбасын орындаудың реті:

-бұрандалық тесігі бар тетікті кескіндейді;

- бұрамасұқпаны кескіндейді;

- біріктірілетін екінші тетіктің кескінін сызады;

-шайбаны кескіндейді;

- сомынды кескіндейді.

Болттық, винттік және бұрамасұқпалы біріктірулердің сызбаларын орындау кезінде төмендегідей ықшамдаулар пайдаланылады:

- болттардың, винттер мен сомындардың алтыжақты және шаршылы бастиектерінде, сондай-ақ болттың өзегінде фаскаларды кескіндемейді;

- болттың, винттің, бұрамасұқпаның өзегі және біріктірілетін тетіктердің тесіктері арасындағы саңылауды көрсетпеуге рұқсат етіледі;

- болттық, винттік, бұрамасұқпалы біріктірулердің сызбасын салу кезінде сомын мен шайбаның кескіндерінде көрінбейтін контурды жүргізбейді;

- сызбаларда болттар, сомында, винттер, бұрамасұқпалар мен шайбаларды, егер қиюшы жазықтық олардың осі бойымен бағытталса, қиылмаған етіп көрсетеді;

- сомын мен болттың бастиегін сызу кезінде алтыбұрыштың қабырғасын бұранданың сытрқы диаметрі бойынша алады. Бас көріністе сомынның ортаңғы жағы мен болттың бастиегін шектейтін вертикаль сызықтар болттың өзегін шектейтін сызықтармен беттеседі.

Стандартталған тетіктердің біріктірілуі:

-М12 х 1,5 х 60 болты – метрлік бұрандалы болт, оның сыртқы диаметрі 12 мм, бұранда қадамы 1,5 мм; болттың өзегінің ұзындығы 60 мм;

- М12 х 1,5 сомыны – метрлік бұрандалы сомын, оның ішкі диаметрі 12 мм, бұранда қадамы 1,5 мм;

- 12-шайба – бұрандасының сыртқы диаметрі 12 мм болтқа арналған шайба;

- М12 х 40 винті – метрлік бұрандалы винт, оның бұрандасының сыртқы диаметрі 12 мм, винт өзегінің ұзындығы 40 мм;

- М12 х 60 бұрамасұқпа – метрлік бұрандалы бұрамасұқпа, оның диаметрі 12 мм, бұралатын ұшына дейінгі ұзындығы L=60 мм дегенді білдіреді.

Бұрандалы емес ажырайтын біріктірулер

Кілтектік біріктіру – тетіктерді кілтектің көмегімен біріктіру, мұнда кілтек біліктің жырақшасына қойылады және біріктірілетін тетіктің кілтектік жырақшасына кірігеді.

Біріктірудің бұл түрі айналу тетіктері арасында жиі кездеседі. Біріктірудің осы түрінің көмегімен тісті дөңгелекпен, шкивпен, тегершікпен, төлкемен білікті оған отырғызылған тетікпен біріктіреді.

Кілтектік жырақшаларды біріктіру жүзеге асырылатын кілтек пішініне сәйкес келетіндей етіп ояды. Кілтектердің пішіні мен өлшемдері стандартталған.

Кілтектердің, кілтектік жырақшалардың және біріктірілетін тетіктің өлшемдерін біліктің диаметріне байланысты таңдап алады (1-кесте)

Призмалы кілтектер

1-кесте

Кілтек қимасының

Өлшемдері b x h

:Жырақшаның тереңдігі

Білік (t)

Төлке (t¹)

17-12

22-30

30-38

38-44

44-50

50-58

6 х 6

8 х 7

10 х 8

12 х 8

14 х 9

16 х 10

3,5

4,0

5,0

5,0

5,5

6,0

2,8

3,3

3,3

3,3

3,8

4,3



Кілтектік біріктірудің сызбасы фронталь тілік пен А – А қимасынан тұрады.

Кілтектік біріктірудің сызбасын орындаудың реті:

-кілтектік жырақшаның пішінін анықтай отырып, білікті кескіндейді;

- кілтектік жырақшаға орналастырылған кілтектің екі кескінін салады;

- төлкені кескіндейді және кілтектің жоғарғы жазықтығы мен төлкедегі жырақшаның тереңдігі арасындағы саңылауды көрсетеді;

- А – А қимасыныңбелгілерін түсіреді.

Кілтектік біріктірудің фронталь тілігінде кілтек пен білік қиылмаған болып көрсетілген, өйткені қиюшы жазықтық олардың осінің бойымен өтеді.

Кілтектік біріктіруде түйіндесетін беттер болады. Түйіндесетін беттерге басқа тетіктердің беттерімен өзара әрекеттесетін беттер жатады.

4. Сарамандық жұмыс: ажырайтын біріктірудің сызбасы туралы карточкалармен жұмыс.

5. Сабақты бекіту:

1. Болттық біріктіру дегеніміз не? (болттық біріктіру – тетіктерді болттың, сомынның және шайбаның көмегімен біріктіру).

2. Бекітуші тетіктердің өлшемдері сызбаға түсіріледі ме? (жоқ).

3. Ажырайтын біріктірулерге нелерді жатқызамыз? (болттар, сомындар, винттер және бұрамасұқпалар).

6. Бағалау: оқушыларды бағалау

7. Үйге тапсырма: Болттық біріктірудің сызбасы.