Открытый урок по ИЗО на тему Ұлттық киімдер (5 класс)

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Сыныбы: 5 «А»

Күні: 10.05.2016ж

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық киімдер

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға ұлттық киім түрлерін

таныстыру.

Дамытушылығы: Өздерінің бойындағы қазақтың салт-

дәстүр, ырымдарына деген білімдерін нығайтып дамыту.

Тәрбиелігі: Өз халқының ұлттық құндылықтарын түсіндіру,

ұлттық мәдениетке шынайы көзқарасын қалыптастыру.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды белгілеу, зейін-ынтасын сабаққа аудару, сабақтың мақсатын, тақырыбын айту.

ІІ. Өткен сабақты шолу:

  • Кейбір аспаптардың сыртқы пішіндері неге ұқсас болып келеді?

  • Қандай ұлттық киім түрлерін білесіңдер?

Оқушылардың жауабын тыңдап, толықтыру.

  • Ұлттық киімдердің біздің күнделікті киіп жүрген киімдерімізден ерешшелігі неде?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Қазақтың ұлттық киімдерідала табиғатымен қабысып, төрт түлік малмен тоғысып жатқан заттық бұйым ғана емес, халықтың тарихымен өмірінде де елеулі орын алатыны даусыз. Өйткені, қазақ киім – кешегі ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан бойына сіңірген мұра. Қазақта әсіресе бас киім ерекше қастерленген. Оны осы кезге дейін аса құрметті қонаққа ат мінгізіп, шапан жауып, бөрік кигізетін дәстүрден де аңғаруға болады.

ІV. Сабақты бекіту.

Сарамандық жұмыстың орындалуын қадағалап, көмек көрсетіп, қателерін түзету.

V. Қорытындылау, бағалау.

Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларға баға қою.