Тәрбие сағаты.
Тақырыбы: «Жас Қазақстан».
Сыныбы: 5-сынып.
Дайындаған: 5-сыныптардың жетекшілері - Б.А.Сыздыкова, А.Қ.Рахметова.
Мақсаты: оқушыларға еліміздің тәуелсіздікке қалай қол жеткізгені туралы баяндау, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: тақырыптық плакаттар, шарлар, еліміздің рәміздері, топтардың дайындаған плакаттағы таныстырылымдар.
АҚТ: ҚР Әнұраны МР3, «Құрманғазы» халық аспаптар оркестрінің «Балбырауын» күйі, «Ұландар» әнінің минусы, компьютер.
Барысы:
[link] (топ жетекшісі)
1-топтың презентациясы.
2-жүргізуші: 1997 жылы «2030 стратегиясы»жарияланды. 2030 жылға орай Қазақстан оратлық Азия барысында айналады және өзге дамушы елдер үшін үлгі болады.
1-жүргізуші: 1998 жылы 10- шілдеде Астананың халықаралық тұсау кесері болды. Сол жылы ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астанаға «Бейбітшілік қаласы» атағы берілді.
Азамат:
Көтереді шаңырақ Астанам асқақ,
Жаңарып қалам, жасарып далам!
Басыңнан серпі бодандық жүгін,
Кетпейді ойдан Отандық ұғым.
Арыстан жүрек, айбынды елім,
Таниды сені бар әлем бүгін.
2-топтың презентациясы.
2-жүргізуші: 2006 жыл сазгер Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні мемлекеттік әнұран болып қабылданды.
1-жүргізуші: 2007 жыл-«Қазақ тілін қолдау жылы»
3-топтың презентациясы.
2-жүргізуші: 2008 жыл Астананың 10 жасқа толуы атап өтілді.
1 -жүргізуші: 2012 жылы «Қазақстан 2050» даму стратегиясы қабылданды.
2-жүргізуші: 2013 жыл Абылай ханның 300 жылдығы.
1-жүргізуші: - міне, туелсіздік алғаннан бері осындай игі істерді атқарып, қаншама белестерден өттік.бір шаңырақ астында тату –тәтті өмір сүре білдік. 130-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кендігі керемет дархан далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде, өмір сүруші әрбір адам өз Отаның жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. Солай емес пе?
Тапсырма: (оқушылар топпен таныстырылым дайындайды). 10 минут. «Қара жорға» күйін қосу
Сіздер елімізді – Тәуелсіз Қазақстанды көз алдарыңызға қалай елестетесіздер?
Қорытынды: (Семантикалық картамен жұмыс)
1-жүргізуші: Біздің Отанымыз – егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. Олай болса Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай оны ең қымбат бұйымымыздай сақтап, құрметтеп келер ұрпақтар қолына аманат етіп тапсыруға тиіспіз. Оны ішкі-сыртқы дұшпандардаң қорғауға міндеттіміз. Сонда ғана тәуелсіздігіміз мәңгілікке мирас болмақ. Ендеше біз бүгінгі тәрбие сағатымызды қорытындылайық. Бүгін сіздер көптеген ақпараттар дайындап келдіңіздер және тәрбие сағатынан ақпарат алдыңыздар. Сіздерге қазір семантикалық карта таратылады, сіздер алған ақпараттарға сүйеніп, осы картаны толтырыңыздар.
2-жүргізуші: «Тілек ағашы» шарамыздың соңында сіздер біздің тәуелсіз еліміз «Жас Қазақстанға» арнаған тілектеріңізді «Тілек ағашына» апарып жапсырыңыздар.
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Тәуелсіздігіміздің басты белгілері - Мемлекеттік рәміздер белгілі бір елдің өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелілігін, айрықша арман аңсарын, басқалармен байланыс мұраттарын білдіреді.
Осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір азамат терең түсініп, оны қастерлей білу керек. Себебі сіздер жас ұландар – еліміздің болашағысыздар!
«Ұландар» әні.
2-жүргізуші: осымен Туелсіздік күніне арналған «Жас Қазақстан» атты тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті. Қашанда елтаңбамыз еңселі, туымыз бейбіт күнде желбіреп, әнұранымыз егемен елдің ашық аспанында шарықтай берсін! Назар қойып, белсенді қатысқандарыңызға РАХМЕТ!!!