Менің Отаным-Қазақстан тәрбие сабағы 5 сынып

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


Менің Отаным - Қазақстан!


[link]  


Мақсаты: Отан туралы білімдерін назарға ала отырып, Отанымыз –
Қазақстан Республикасы туралы не білетіндігін саралау, алған
мәліметтер бойынша білімдерін бекіту.


Міндеттері:


1) Білімділік: Балалардың Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін
кеңейту.
2) Дамытушылық: Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған
еліне деген сүйіспеншілігін аттыру.

3) Тәрбиелік: Оқушыларды елін, жерін сүюге, байлығын қорғауға, өз елінің
патриоты болуға тәрбиелеу.

Түрі: сайыс

Әдісі: топтық жұмыс, сұрақ - жауап, пікірталас

Көрнекіліктері: жалауша, суреттер, плакат



Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі.


Хор: Әнұран.


- Кәне балалар Отан деген не?
- Адамның туып өскен жері, туған - туысқандары, біз тұратын атамекен.
- Балалар біздің отанымыз қалай аталады?
- Біздің - Отанымыз Қазақстан.
- Ендеше, бүгінгі тәрбие сағатымыз «Менің Отаным - Қазақстан» деп аталады.









ІІ. Негізгі бөлім.


Оқушыларды 3 - топқа бөлу. Әр қатарға қиылған қағазды тарату. Шыққан суреттен әр топтың аты шығады. (Мозайка)


1 - топ: Туған жер
2 - топ: Отан
3 - топ: Атамекен


(Өлең, мақал - мәтел айтқан топқа текшеден беріп отырамын. Көп текше жинаған топ жеңіске жетеді.)


Тақтада ілінген плакатқа назар аудару. Дұрыс жауап берген топ өзінің қоржынына ұпай жинайды.


20 – ҚР тәуелсіздігін қай жылы алды?
20 – Еліміздің бас қаласы
20 – ҚР президенті
50 – ҚР туының авторы
50 – ҚР елтаңбасының авторлары
50 – Әнұранымыздың авторлары
100 – Еліміздің көрікті жерлері
100 – Отан туралы өлең айт
100 – Отан туралы ән шырқа

Балалар Қазақстан туралы өлеңдер оқып, елімізді, жерімізді мадақтау бүгін біздің еншімізде. Ендеше өнерімізді ортаға салайық.


1 - оқушы: Арыстандай айбаттым.
Жолбарыстай қайраттым,
Аспандаған байрақтың
Қанша жұлдыз жайнаттың.
Қанша бұлбұл сайраттың,
Қазақстан ардақтым.

2 - оқушы: Күнді құшқан қос қыран,
Аясында қалқыған.
Аспан түсті туым бар,
Көк теңіздей шалқыған.


3 - оқушы: Көк туым көтерілді бағым жанып,
Елтаңбам әлемге танылды анық.
Шырқадым ән ұранды бар дауыспен,
Арманым ата заңым қабылданып.


4 - оқушы: Өзіңдікі туыңда,
От пен ауа, суың да.
Жаса Қазақстаным,
Белді бекем буында.


5 - оқушы: Жаса жаңа Астанам
Өркен жая бастаған
Болашақтың есігін
Өз қолыңмен аш маған.


6 - оқушы: Бұлт баспасын күнімді
Тартылмасын өрісің
Биік ұстау туымды
Қасиетті борышым.


7 - оқушы: Сәуле шашқан алтын түсті күні бар,
Екпіндеген қыран құсты үні бар.
Ою басқан мөп - мөлдір көк аспандай,
Қазағымның желбіреген туы бар


8 - оқушы: Отан деген атамекен
Отан деген туған жер.
Отан ана, Отан үлкен
Қазақстан туған ел.

- Отан, туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер білеміз?


1 - оқушы:
Отан от басынан басталады.
2 - оқушы: Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
3 - оқушы: Отансыз – адам, ормансыз – бұлбұл.
4 - оқушы: Отан оттан да ыстық.
5 - оқушы: Отан үшін отқа түс күймейсің,
Арың үшін алыссаң өлмейсің.
Әр топтың ұпайын санап, қорытындысын шығару.





Тілек.
(Оқушыларға көгершіндер таратылады. Өз тілектерін жазу керек. Болғаннан кейін плакатқа келіп, көгершіндерді іледі.)


- Балалар! Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы екен. Отансыз адам болмайды. Отанымыз көркейіп, гүлдену үшін біз көп еңбектенуіміз керек. Еңбектену дегеніміз білімді, тәртіпті болуымыз.


Хор: «Көк тудың желбірегені» (Қолдарына жалаушалар алып сермейді)


Қорытынды.
Байтақ дала жерім менің
Арта берсін даңқың сенің
Көк байрағың желбіресін
Егеменді елім менің
– дей отырып, осымен «Менің отаным- Қазақстан» атты
тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.