Күні:19.11.2016
Сынып:3 «Ә»
Пәні:Математика
Пән мұғалімі:Тажмағамбетова Г.
Тақырып: Фигураның ауданы. Ауданды өлшеу. Квадрат сантиметр.
Мақсаты:фигураның ауданы туралы түсінік беру. Фигуралардың ауданын салыстыру және өлшеу тәсілдерімен таныстыру. Көбейту кестесі туралы білімдерін бекіту.Есептеу дағдыларын жетілдіру. Логикалық ойлауын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Таза, әдемі жазуға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсіл:сұрақ-жауап, қайталау сұрақтар, өздік, топтық, салыстыру.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: психологиялық көңіл-күй.
Фигуралар арқылы топқа бөлу.
Үстелге геометриялық фигуралар-шеңбер, үшбұрыштар, шаршылар қойылады. Балаларға қалаған фигураларды алуды сұралады:
Әр топ өзі таңдаған фигураның ерекшеліктерін айтып кетеді.
ІІ.Үй жұмысын тексеру :
№6 (86-бет). Теңдеуді шеш:
Теңдеулерді парақшаларға жазып тақтаға ілу арқылы тексеріледі.
ІІІ.Тірек білім, білік , дағдыларын тексеру.
ІҮ.Жаңа материалмен жұмыс. Көрнекілікпен жұмыс.
Мұғалім қолына көлемдері әртүрлі екі фигураны алып екеуін беттестіреді.Фигуралардың көлемі /үлкен, кіші/ туралы айтқанда олардың несі салыстырылады? деген сұрақ қояды./ауданы/
Үлкен фигураның үстінен кіші фигураны беттестіру ұсынылады. Дәлелдеу қызыл түсті фигураның ауданы көк түсті фигураның ауданынан кіші екенін.
/беттестіріп қойғанда көк тік төртбұрыш қызыл тік төртбұрыштың ауданының ішіне сыйып кетті, яғни көк фигураның ауданы қызыл фигураның ауданынан үлкен./
№1.а/ 1 см-ұзындықтың бірлігі. Кесіндінің ұзындығы 6 см. Кесіндінің ұзындығын қалай өлшейді?
1 см2-ауданның бірлігі. Жолақтың ауданы 6 см2 /квадрат сантиметр/. Фигураның ауданың қалай өлшейді? Түсіндір.
Ауданды табу үшін фигураның енін ұзындығына көбейтеді.
Ауданның формуласы: S =a*b
ә/суреттегі әр кесіндіде 1 см неше рет бар? Әрбір кесіндінің ұзындығы неге тең?
Ұзындықтары бірдей кесінділер бар ма?
б/ суреттегі фигуралардың әрқайсысында 1 см2 неше рет бар? Әрбір фигураның ауданы неге тең? Аудандары бірдей фигуралар тап?
S =10 см2 S =7 см2 S=7см2
№2. Әр топ өздеріне берілген есептерді шығарады. Топтар бір-бірінің жұмыстарын тексереді,қатесін түзетеді.
Топтық жұмыс.№2
...*2=18......*2=18 4*2+... =18
9*...=27
...*5-5=10
...*4=36
7*3+...=30
Топтық жұмыс.
Әр балада-5 а 6 балада-?
Ш:5*6=30
Ж:әр балада 30 асық
Барлығы-52к
Тең бөлінді-10 балаға
Әр балада-?
Қалды-?
Ш:52:10=5(Қалд 2)
Ж:әр балада 5 к,қалд 2
Болғаны-3 а
Е-21 кг
Балық-12 кг
Әр арыстан қанша кг-нан-?
Ш:21:3=7, 12:3=4
Ж:әр арыстан 7кг ет.4кг балықтан
Сергіту сәті: «Мақалды жалғастыр» ойыны.
* Білгенің бір тоғыз,
...................................(Білмегенің тоқсан тоғыз)
* Батыр бір рет өледі,
...................................(Қорқақ мың рет өледі)
* Екі аяқтыда құрдас тату,
.....................................(Төрт аяқтыда бота тату)
* Жалғыз ағаш үй болмас,
.........................................(Жалғыз жігіт би болмас)
* Ақылсыз достан мың сақтан.
................................................(Ақылсыз дұшпаннан жүз сақтан)
* Елуінде – ер дана,
...............................................(Елу жылда – ел жаңа)
Жүз теңгең болғанша,
...................................... (Жүз досың болсын)
Ү.Бекіту:
№5. Кесіндінің жартысы неше см? Төрттен бір бөлігі ше?
№.Әр топқа кесте түрінде беріледі.
Көбейткіш
3
5
10
9
4
3
6
Көбейткіш
1
4
6
7
0
9
7
Көбейтіндінің мәні
0
45
35
36
24
21
ҮІ.Қорытынды:
ҮІІ.Рефлексия:
ҮІІІ.Үй тапсырма: №7,88-бет
ІХ.Бағалау.