Сынып жетекшісінің ата-аналармен өзара іс-әрекетінің ерекшеліктері
К.Д.Ушинский айтқандай, «Мұғалім тек өз пәнінен сабақ беріп қана қоймауы керек, сонымен қатар тәрбиеші адал, әділетті, шыншыл адам болуы керек». Олай болса, әр мұғалім сабаққа қойған үш мақсатының үшеуіне де жетіп, білім мен тәрбиені ұштастыруымыз қажет.
Сынып жетекшісі ата-ана, оқушы, пән мұғалімдерін байланыстырушы ғана емес, қарым-қатынастарын басқарушы, бақылаушы, кеңесші
Ата-анамен жұмыс түрлері
Сынып жетекшінің ата-аналармен жүргізетін ағарту жұмысының негізгі формалары. Мектептегі тәрбие жұмысының нәтижелілігінің бір ұшы ата-аналармен, қоғамдастықпен мектептің бірлескен әрекетінде екені еш уақытта күмән туғызбайды.Бала тәрбиесі мен дамуындағы басты рөл атқарушы-отбасы.Оның өмірінің басым бөлігі отбасында өтеді.Сондықтан бала мектеп табалдырығын аттағанға дейінгі оның алғашқы ұстазы-ата-анасы. Отбасы мектеппен бірлесіп оқу-тәрбие үрдісінің табысты не табыссыз болуын анықтайтын тәрбиелеуші ортаның факторларының маңызды кешенін туғызады.
Мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекшісі негізгі рөл атқарады. Сынып жетекшінің жұмысына отбасы мектептегі оқу-тәрбие үрдісінің мәні мен маңызын ұстанатын бағыттарын түсінеді әрі оған қатысады. Педагогика практикасында оқушылар ата-аналарымен мектеп пен сынып жетекшісінің жұмысының 5 түрлі қызметі анықталған.Олар:
1-қызметі.Ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісінің мазмұны мен әдістемесімен таныстырады. Алғашқы ата-аналар жиналысында сынып жетекшісі өзі ата-аналармен танысады және өзінің педагогикалық ұстанымдарымен таныстырады,өзінің болашақта жүргізетін жұмыстарының бағдарламасымен, мақсат,міндеттерімен және тәрбие жұмысының жоспарымен таныстырады, өзекті мәселелерді бірігіп талқылайды.
Ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісіне төмендегідей әрекеттер арқылы тартады:
Балалар мен олардың ата-аналарының шығармашылығының күні
Ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар
Мектеп пен сыныптың материалдық-техникалық базасын күшейту және сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастыруға көмек көрсету
Шефтік көмек
Ата-аналардың мектеп кеңесі жұмысына қатысуы
2-қызметі.Ата-аналармен педагогикалық-психологиялық ағарту жұмысын ұйымдастыру.
Оны келесі әрекеттер арқылы іске асырады.
Тәрбиенің жекелеген мәселелері бойынша ата-аналарға арналған мектептік, сыныптық конференциялар ұйымдастыру
Ата-аналар университеттері
Қызығушылықтары негізінде ата-аналар лекторийлері, дарынды балалар, қиын балалар, педагогикалық кәсіпті таңдаған балалар түрлі үйірмелерге қатысатын балалардың ата-аналары үшін деп өткізуге болады.
Сыныптық ағарту жұмыстары тәрбие міндеттеріне байланысты. Оқушылар мен сынып ұжымын жүйелі зерттеу бойынша оны түрлі формада мәселелік конференциялар, жеке және топтық кеңестер беру түрінде өткізуге болады.
3-қызметі.Ата-аналарды бірлескен әрекетке тарту.
Оның формалары:
-Сынып жетекшісі ұйымдастырған сабақтан тыс барлық әрекетке қатысу (жорық, серуен, саяхат, жөндеу жұмыстары, сенбіліктер, турнирлер)
-Жалпы мектептік дәстүрлі іс-шараларды ұйымдастыруға ата-аналарды қатыстыру (түлектер кештері, туристердің мектептік слеті, мектеп бітіру кештері, ардагерлермен кездесу т.б)
Республика және оның шегінен тыс алыс жорықтарға шығуды немесе дайындауды ата-аналармен бірге жүргізу.
Оқырмандар конференциясы
Отбасылық ойын байқаулары
4-қызметі. Жекелеген оқушылардың отбасындағы тәрбиеге түзету жұмыстарын жүргізу.
Алдымен отбасы тәрбиесін жүргізу бойынша психологиялық-педагогикалық кеңестер мен көмектер беру.
5-қызметі. Ата-аналар белсенділері мен ата-аналардың қоғамдық ұйымдары мен өзара әрекет етуі.
Сыныптық ата-аналар жиналысы. Бұл сынып жетекшісінің жанұямен байланысының аса маңызды бір түрі. Сыныптағы оқу-тәрбие жұмысының жайымен және міндеттерімен ата-аналарды таныстырып отыру үшін мұндай жиналыстар оқу жылының басында,әрбір тоқсанның аяғында өткізіледі.
«Сынып жетекшісінің жұмысы туралы» методикалық хатта былай делінген: «Ата-аналар жиналысында педагогикалық оқу-ағарту жұмыстарымен қатар, мектеп пен жанұяда бала тәрбиелеудің тәжірибесін алмасу жүзеге асырылады,ата-аналар қолданып жүрген тәрбие әдістерінің сәтті және сәтсіз жақтары талқыланады.Өз балаларының тәрбиелеудегі кемшіліктерін әрдайым ұжымда талқылаудың қажеті жоқ екені туралы тәжірибелі сынып жетекшілері қорытынды жасауда.Себебі,бұл жерден нақтылық жағдайды ескеріп,ата-аналардың кемшіліктерін олардың өздерімен жеке әңгіме өткізгенде айтқаны дұрыс».
ынып жетекшілері тақырыптық жиналыстарды да жиі өткізеді олардың мақсаты-ата-аналарды нақтылы педагогикалық біліммен қаруландырып жанұяда бала тәрбиелеудің алдыңғы қатарлы тәжірибесімен таныстырып отыру болып табылады.
Ата-аналар жиналысының құрылымы
Ата-аналар жиналысын өз уақытында бастауды қатаң сақтау керек.Ең ұзақ деген жиналыстың өзі шамамен 1-1,5 сағаттан аспағаны дұрыс.
1.Сынып жетекшінің кіріспе сөзі-5 минут
2.Ата-аналармен жүргізілген сауалнаманы талдау (сынып жетекші,психолог, мұғалім) қарастырылған мәселені айшықтай түсу үшін-5-7 минут
3.Тақырып бойынша сөйлеу:шақырылған маман немесе сынып жетекшінің өзі.Сөзі нақты,дәл тұжырымдалған,түсінікті болуы тиіс-5-15 минут.
4.Мәселені ата-аналармен бірге талқылау-20 минут
5.Сынып жетекші сынып үлгерімін талдайды.Алдымен жағымды нәтижелерден бастау керек.Талдау ата-аналармен бірлескен жұмыс арқылы жағдайды түзеуге болатынына көздерін жеткізетіндей,сенімді түрде айтылғаны жөн.
Қорытындылау барысында сынып жетекшісі ата-аналарға бірлесіп жұмыс жасағандары үшін алғысын білдіріп,рахмет айтуы тиіс және оқуында немесе тәрбиесінде қиындықтар туғызып жүрген балалардың ата-аналарын бір минутқа кідіре тұруын сұрайды да,жеке-жеке әңгімелеседі.
Тәрбие беру тәжірибесін алмасу жөніндегі конференциялар. Конференцияда жанұя тәрбиесінің барлық мәселелері жөнінде емес, нақтылы тақырыптар бойынша әңгіме өткізген жөн. Мәселен, конференцияларды мынандай тақырыптарға өткізуге болады. «Балаларды еңбекке қалай баулу керек?», «Жақсы оқу үшін біз балаларға қалай көмектесеміз?», «Мектеп оқушысының режимі», «Мектеп оқушысының мінез-құлық мәдениеті», «Мектеп оқушысының өзін-өзі тәрбиелеуі», «Бейімділік және мамандық таңдау», «Балалардың жазғы демалысы» т.б
Конференциялар шамамен мынандай жоспар бойынша жүргізіледі:
Кіріспе сөз. Конференция өткізудің міндеттері мен тәртібі туралы сынып жетекшісінің кіріспе сөзі.
Баяндама. Бала тәрбиесінің нақтылы мәселелері жөнінде ата-аналардың қысқаша баяндамалары.
Пікір айтушылар. Тақырып бойынша ата-аналар өз пікірлерін айтады.
Қорытынды. Мектеп директоры немесе сынып жетекшісінің конференция қорытындысын шығаруы.
Кейде конференцияға қатысушылар үшін тәрбие мәселелеріне арналған педагогикалық және көркем әдебиет көрмесі ұйымдастырылады, нұсқау материалдары баяндалады.
Ата-аналардың назарын қызу талқылауға аудару үшін конференцияға шақыру хатта талқыланатын негізгі мәселелерді атаған жөн.
Мәселен, егер конференция мектеп оқушыларының жанұядағы еңбек тәрбиесіне арналатын болса, шақыру қағазда мынандай мәселелерді атап көрсету керек:
Мектеп оқушысы үйде қандай міндеттер атқарады?
Бұл міндеттерді бала қалай орындайды?
Дене еңбегінің дағдылары қалай қалыптасады?
Балалар еңбекте елгезектікке, ұқыптылыққа қалай үйретіледі?
Жанұядағы еңбек міндеттері қалай бөлінеді?
Ашық есік күнін өткізу
1 Аптасына бір рет ашық есік күнін өткізген жөн. «Ата-анамен байланыс» дәптеріне сабақ жайлы, баласы жайлы пікірлерін жазып кетеді. Ашық есік күніне барлық ата-аналар қатысу мүмкіндігі бар.
2 Бала тәрбиесі қай уақытта болсада өзекті мәселе болып келе жатыр.
3. Нұр Отан партиясының ХІІІ сьезінде ел басымыз, президент Н.Ә. Назарбаев «Баланың бас ұстазы ата-ана» дей келе бала тәрбиені ең алдымен ата- анадан алатынын нұсқады. Ел басы сөзін жалғай келе ауылда өскен бала
4 Ауыл мен қалада өскен баланың тәрбиесінде айырмашылық бар екенін салыстыра келіп, қалада өскен балаға ата-ананың қарауға уақыттарының аз екендігін айтып, бала тәрбиесінің ата-ананың назардан тыс қалдырмауының қажеттігін түсіндіреді. Ғалымдардың дәлелдеуінше бала өміріне қажаттіні мектепке дейінгі отбасындағы тәрбиеден алады, мектеп соны дамытады, санаға сіңіреді, өмірге дайындайды.
5 Халық даналығында: «Баланы әуелі мейір – шапағатқа, онан соң ақыл – парасатқа, ақырында еңбек пен ғылымға баулы», - дейді. Осы қағидаға орай дана бабамыз Бұқар жырау: «Баланы туғаннан бес жасқа дейін хандай көтер, он бес жасқа дейін құлдай жұмса, он бес жастан кейін досыңдай
6 «Сырлас» - деген екен. Баланың ақыл –парасатын дамыту үшін әрбір атқармақ жұмысты ата-ана, мұғалім баламен ақылдасып мәслихатқа тартып отыру керек.
7 Ақылдасуда баланың оның ыждағаттылықпен тыңдап, дұрыс ойын қабылдап, бұрыс ойына ақыл-кеңес беріп, түзетіп отыру қажет. Бұл айтылғандардың қай –қайсы да жүйелі білім алуға, тәрбие бастауларын ерте бастан сіңіріп қабылдауға оң ықпал етеді. Асылы, жас ұрпаққа отбасында берген тәлім –тәрбиенің өміршеңдігін уақыт, тәжірибе көрсетіп жүр. Әдептілікті балаға үйрету үшін ата-ана, мүғалім әуелі өзі әдепті болуға міндетті. Өйткені, он айтқаннан гөрі өздерінің бір рет көрсетуі әлдеқайда әсерлі болады. Ақылды да парасатты, мәнді де мағыналы тәрбие алған жастарымыз көп болғай, әріптестер!