Жаңа сөздер (неологизмдер)
Қазақ тілі
5сынып
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың мұғалімнің көмегінсіз,тек бағыт-бағ-дар беру арқылы тың материалды игеруге жағдай жасау.
Білімділік мақсаты: Лексиканың негізгі ұғымдарын меңгере білуі.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың еркін ойлау қабілетін,сауатты жазу және сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік мәні:Оқушылардың Отансүйгіштік, бауырмалдық, адамгер-
шілік, белсенділік, жинақылақ, тапқырлық, жылдамдық қбілеттерін қалыптастыру.
Көрнекіліктер: суреттер, ребус,сызбалар, кестелер,басқатырғыш, оқу-шылардың жеке жұмысы
Сабақтың типі: Ойын сабақ.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру:
Оқушылармен сәлемдесу,түгендеу,сабаққа дайындау.
ІІ.Жаңа тақырыпты түсіндіру:
1.Кіріспе: Туған жерге туыңды тік.
Осы мақалды балалардың қалай түсінетіндігін сұрастыру. Осыған ұқ-сас тағы қандай мақал білетіндерін сұрау.
2.Тақтадағы теңіздің суретінде жасл шөпке жайқалған арал бейнелен-ген.Осы аралда сол түстік мұзды мұхитта аңсап тұрған пингвин сурет-телген.Өз еліне бару үшін әр түрлі қиындықтарға душар болады екен. Осылардан өту үшін оқушылардың жәрдемі қажет. Егер оқушылар тап-сырмаларды дұрыс орындаса, пингвин еліне аман-есен жетеді.
3.Алғашқы кедергі-қолтырауынның тапсырмасы.
Үй жұмысын тексеру
4.Екінші кедергі-балықтың тапсырмасы.
Ребус шешу. (жауабы:жаңа сөздер)
5.Үшінші тапсырма-акуланың сауалы.
Сойлем талдау. «Қазақстан халқы Ассамблеясына биыл 17 жыл тола-ды. 2010 жылы Рухани мәдениет форумы өткен.»
-Сөйлемнен сөздік қорды табу
-Сөйлемнен сөздік құрамды табу
-Сөйлемнен бұрын кездеспеген бейтаныс сөздерді табу
-Осы сөздердің өзіндік мағынасын ашу
-Ребустан шыққан термин сөзге қандай қатысы бар?
6.Төртінші тапсырма-шортанның бұйрығы.
-Ребустан шыққан терминге өз беттеріңше ереже құрастырыңдар.
-Өздерің құрастырған ережені негізгі теориялық ережемен салысты-рыңдар.
-Космос (ғарыш),спутник (жер серігі),касета (үнтаспа),неологизмдер (жаңа сөздер) сөздеріне талдау жасаңдар және осы сөздерді пайдала-нып сөйлем құрастырыңдар.
7. Бесінші тапсырма-сегізаяқтың «кілтті тап»ойны.
Сегізаяқтың басқатырғышында
Жауабы:Көнерген сөздер,архаизмдер,тарихи сөздер 8.Алтыншы тапсырма-итбалықтың ескертуі
«Кітап-білім бұлағы»оқулықтағы жаттығуларды орындау
9.Жетінші тапсырма-киттің өтініші
«Кемеге жол ашу» ойны
Кеменің жолына бұлттар бөгет жасауда.Бұлттарды жойып,кемеге жол ашу үшін бұлттардағы сұрақтарға жауап беру керек.
-Тұрақты тіркес деген не?
-Мәтін деген не?
- Мақал деген не?
-Эвфемизм деген не?
-Тарихи сөздер деген не?
-Антонимдер дегеніміз не?
-Архаизмдер дегеніміз не?
-Мағына дегеніміз не?
-мәтел дегеніміз не?
-Сөз деген не?
-Сөздің ауыспалды мағынасы дегеніміз не
-Сөздің тура мағынасы дегеніміз не
-Дисфемизм дегеніміз не?
-Синонимдер дегеніміз не?
-Көнерген сөздер дегеніміз не?
-Сөздік қор деген не?
-Омоним деген не?
-Дыбысталу деген не?
-Лексика деген не?
-Мағыналы сөздерден басқа сөздер тобын не дейміз?
-Сөздік құрам деген не?
-Полисемантизм деген не?
-Табу деген не?
-Көп мағыналы сөздер деген не?
ІІІ.Бекіту:
Патшаның сауалы:
-Мен дайындап әкелген сөздерді үш сандыққа бөліңдер.Бірінші сан-дық-тарихи сөздер,екінші сандық-архаизмдер,үшінші сандық-жаңа сөз-дер.Әр сөзді өз сандығына бөліңдер.
Сөздер:Акция,жарнама,мәре,сараптама,төреші,дулыға,бәсекелестік, видеокасета,өтемақы,қызыл әскер,мәжіліс,даңғыл,класс,заңнама,кос-мос,төраға,жасуша,шөгінді,қорамсақ,болыс,алаш,қор,бастаңғы,асадал,тасаттық,бірәдар,желім,уез,бессайыс,әдістеме,самолет,ханзада,тө-лемақы,несие,теледидар,діни басқарма,үнпарақ,сауыт,ауылнай,аэ-рофлот.
ІV.Өткенді сұрау:Оқушы Болатова Ұлжанның «аққаласындағы» сауалға жауап беру.Тұрақты тіркестердің мағынасын ашу.
-Ит өлген жер
-Қыздың жасауындай
-Табаннан таусылу
-Тайға таңба басқандай
-Арқан бойы
-Ит терісін басына қаптады
-Ат шаптырым жер
-Кендірі кесілмес
V.Оқушылардың берген жауаптарына қарай бағалау.
VІ.Үйге тапсырма:өткен ережелерді қайталау,жаңа ережелерді жаттау, жаңа сөздерді пайдаланып,бірнеше сөйлемдер құрастыру.
VІІ.Қорытынды:Жаңа сөздер-сөздік қорға жаңадан еңген сөздер.