Мақсаты: Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру,үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға, мейірімділікке үйрету. Міндеттері:
1. Білімділік: Көпті көрген дана-гөй қарттарымыздың өнегелі өмірін үлгі ете отырып, ғибрат боларлық сөздерін бойларына сіңіру екенін түсіндіру;
2. Дамытушылық: Үлкенге құрмет, кішіге ізет ете білетін инабатты, ақылды, жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту;
3.Тәрбиелік: Ата - баба аманатына адал, ұлттық тәлім - тәрбиені бойына сіңірген, еңбекқор, кішіпейіл, мейірімді, төзімді, өнерлі тұлға тәрбиелеу.
Ресурстары: (Ішінде тілек жазылған шарлар, құттықтаулар, гүл, видио,фотааппарат,
музыкалық аспап, әуен)
Оқудан тыс іс-әрекеттердің жобасын өткізудің даярлық жоспары (жоспардың әрбір пунктін 3-5 сөйлеммен ашу)
1.Ұйымдастыру кезеңі
Мектеп ұжымымен және сынып оқушыларымен ақылдасып, өткелі жатқан құттықтау туралы әңгімелесіп, жоспармен таныстыру, қарт адамдардың үйіне баратындарын ескерту.
2. Қарт адамдарды мерекелерімен құттықтау, қолымыздан келгенше шағын әдеби – сазды монтажын ұсыну, оларды қуанту үлкен қуаныш екенін түсіндіру.
3. Қарт адамдардың үйлеріне ескерту.
Талдау
Іс-шараны өткізудің жоспары
1. Қарт адамдардың үйлерін аралап, мектеп ұжымының құттықтау хатын тапсыру.
2. Оқушылардың шағын әдеби – сазды монтажын көрсету.
3. Қарт адамдардың оқушыларға алғысы, бата – тілегін тыңдау, фотаға, видиоға түсу.