Қазақ тілі сынып сабақ жоспары Дауыссыз к мен г

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...


«Бекітемін»

Күні:

Сыныбы:2Ә

Пәні:Қазақ тілі

Пән мұғалімі:Тажмағамбетова Г.

Сабақтың  тақырыбы: Дауыссыз к мен г

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға дауыссыз к мен г дыбыстарының дыбысталу ерекшеліктері, ұқсастығы мен айырмашылығы жайлы білім беру.

Білімділігі: Сөз соңында к дыбысынан кейін дауысты дыбыс келсе г- ге айналатыны жайында түсінік қалыптастыру.

Дамытушылығы: Дауыссыз дыбыстар түрлері жайлы білімдерін дамыту.

Тәрбиелігі: Ойын  ойнау арқылы ойлап ойнауға тәрбиелеу,

сауаттылыққа , шапшаңдыққа баулу.

Көрнекілігі:

Әдісі:

Түрі: Жаңа білім беру.

Сабақтың жүру барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Жарқырап күн де ашылды,

Айналаға нұр шашылды.

Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз,

Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз.

Мақсатымыз білім алу,

Міндетіміз – еңбектену

Еңбектену арқылы

«5» — ке қолды жеткізу!

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

105 – жаттығу Қорық, жорық, қазық сөздерін қатыстырып сөйлемдер құра.

( 3- оқушыдан сұрау.)

ІІІ Өткен  пысықтау  «Білгенге маржан, білмеске арзан»

-Дыбыс нешеге бөлінеді?

Дауысты дыбыс ше ?

Дауыссыз  дыбыс нешеге бөлінеді?

Дауыссыз дыбыстар

Қатаң                                   Ұяң                               Үнді

Семантикалық карта

Дауысты

дыбыс

Дауыссыз

дыбыс

жуан

ұяң

жіңішке

қатаң

үнді

А,о,ы,ұ








Б,г,ғ,д








Ә,ө,і,ү








Л,м,н,р








Т,п,с,һ,х








ІVЖаңа сабақ

Дауыссыз  к мен г

К- қатаң, сөздің басында ,ортасында, аяғында келеді.Мысылы; көбелек, үкі, көрік

Г- дауыссыз, ұяң. Сөздің басында ортасында келеді. Аяғында келмейді.

« Жұмыла көтерген жүк жеңіл»

 К Г

Үкі                                                                             шеңгел

Түлкі                                                                         үзеңгі

Кеме                                                                          сүргі

Жүрек                                                                       гүлзар

көрік                                                                          гауһар

Осындағы соңғы дыбысы к – ден аяқталған сөзді табайық.

Жүрек+і – жүрегі ,    көрік+і  — көрігі. К дыбысы г- ге айналады.

Ереже : Сөз соңындағы к дыбысынан кейін дауысты дыбыс келсе, ол г- ге айналады: елек – елегі, кірпік – кірпігі, бүйрік – бүйрігі.

Оқулықпен жұмыс   «Өлең сөздің — патшасы»

109- жаттығу. Жұмбақты жатқа жаз. Шешуін тап.

Өрнектеп, сәндеп,

Тігістерін бүгетін.

Солпысын жөндеп,

Кім көйлек тігітін?

Өрнек, көйлек сөздерінің соңына і дыбысын қосып айтып көр. Сонда не байқадың?

Тақтамен жұмыс  «Жұбыңды тап» ойыны. 

 110 – жаттығу. Сөздерді і дыбысын қосып өзгертіп жаз.Сөз соңында келген к дыбысының өзгеру себебін түсіндіру.

Өрік – өрігі, белдік – белдігі, күрек – күрегі, серік – серігі, көк – көгі

«Кім жылдам»  ойыны

Сөздерді буынға бөлу.

Әйнек, тиек, жүрек, көк

Көп нүктенің тиісті әріпті  қойып жаз.

Есі…і,  бесі..і,  көр..і, түл..і, көбеле..і, көлі..і.


 

Топпен жұмыс (Ауызша) Сурет атауларына  дыбыстық талдау.

1- топ                                      2 — топ                                          3- топ

К-д\з, қатаң                            т-д\з, қатаң                                   К- д\з, қатаң

Ө-д\ты,жіңішке                       ү  — д\ты,жіңішке                          е– д\тты, жіңішке.

Ж-д\з,ұяң                                л – д\з, үнді                                  р- д\з,үнді

Е-д\ты, жіңішке                      к – д\з, қатаң                               і- д\ты жіңішке

К-д\з , қатаң                           і – д\ты жіңішке                          к – д\з. қатаң

Қорытынды: Венн диаграммасы


Сонымен бүгін біз не туралы білімімізді кеңейттік.

Үйге тапсырма: 113- жаттығу. « Еңбек түбі – береке» мақалын қатыстырып әңгіме құра.

Ереже жаттау.