Тақырыбы: Мәңгілік өшпес отты жылдар
Мақсаты:
Оқушыларды өз Отанын сүюге, республикамыздың саясатын қолдауға,әділдікке, ерлікке, адал, батыл болуға тәрбиелеу, Ұлы Отан соғысының ардагерлерін сыйлауға, еркін сөйлей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, портреттер, видеороликтер
1- жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ардагерлер, оқушылар, ұстаздар, қонақтар!
Отан алдындағы борышын ақтап, қанды қырғын соғысты тұншықтырып, ұрпағына бақыт әкелген ардагерлерімізге мың алғыс деп, Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне арналған тәрбие сағатын ашық деп жариялаймын!
Бұлт түнеріп аспаннан,
Талай көзден жас тамған.
Тұтқиылдан жау келіп
Қырғын соғыс басталған.
1941 жылы 22 маусым күні таңғы сағат 4-те таң шапағы жаңа ғана арайлап келе жатқан кезде фашистік Германия тұтқиылдан Кеңес Одағына опасыздықпен басып кірді.
Бұл халық үшін ауыр кезең болды. Гитлердің соғыс жоспары «Барбаросса» деп аталды, ол жоспар бойынша КСРО-ны 3-4 айда жаулап алып, оны болашақ соғыс жорықтары кезіндегі шикізат, адам ресурсына айналдырмақшы болды.
Бірінен соң бірі Европа елдерін бағындыра отырып, Германия 1941 жылы өзінің басты қарсыласы деп есептеген КСРО-ға аяқ тіреді. Біздің тарихымызда бұл Ұлы Отан соғысы деген атпен белгілі
Отанымызға қатерлі күн туды. Дүниедегі бейбітшілік бағына сұрапыл соғыс қаһарын төкті. Отанымызды қорғау үшін еліміздің көптеген ер-азаматтары майданға аттанды.
Барлық жұмыс соғыс талабына сай ұйымдастырылды. Партизан отряды құрылды.
«Бәрі де Майдан үшін» деген ұран тастады. Еңкейген кәрі, өрімдей жас, еңбектеген балаға дейін елі, жері, Отаны үшін арпалысты.
Отан ана жылағанда шерленіп,
Тапжылмастан шөгеді екен жерге бұлт.
«Қара бұлтты қақ жарайық !»-деді де,
Қолдарына қару алды ерленіп.
Ұлы Отан соғысы жылдары КСРО 27 млн азаматынан айырылды, оның шамамен 4101 мыңы қазақстандықтар. 1710 қала типтес мекен, 70 мыңдай ауыл-селолар қирады.Фашистердің жан түршігерлік әрекеттері «Ост» («Шығыс») жоспарына негізделді. Бұл жоспардың мақсаты «Оқтың күшімен, найзаның ұшымен дүние жүзін бас идіру болды
1-ші дүниежүзілік соғысқа – 1 млд. астам халқы бар 36 мемлекет қатынасса, 1939-1945 жылы соғысқа 1 млд. 700 млн. халқы бар 61 мемлекет қатысты. 40 мемлекет территориясы – ұрыс шайқасына айналды.
Ұлы Отан соғысы жылдары КСРО 27 млн азаматынан айырылды, оның шамамен 4101 мыңы қазақстандықтар. 1710 қала типтес мекен, 70 мыңдай ауыл-селолар қирады.
Ұлы Отан соғысының алғашқы күнінен Кеңес Одағы, оның ішінде қазақ халқы бір адамдай Отан қорғауға аттанып, соғысты жеңіспен аяқтау үшін барлық күш-жігерін жұмсады.
Қазақстанда соғыстың алдында 6,2 миллион халық тұратын еді. Осы жылдары республикамыздан 1 миллион 196 мың 164 адам қару асынып майданға аттанды. Республикадан еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді. Сонда Қазақстан соғыс жылдары әскери комиссариаттары арқылы 1 миллион 900 мыңдай адам сапқа тұрды.
Даңқты қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамында мл қазақстандықтар болғанСоғыстың алғашқы күндерінен-ақ бүкіл халық жан тәнімен өз Отанын қорғауға аттанды.
Ат ауыздығы мен су ішкен, ер етегімен су кешкен сұрпалы соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып, Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларымыз: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдулин, Талғат Бигелдинов, Қасым Қайсенов, Сағадат Нұрмағанбетов сынды ағаларымыз ел алдындағы борыштарын өтеп, еліміздің амандығын, жеріміздің тұтастығын қорғап қалды
Бұлт торлады аспанды,
Қара жер қанға ластанды.
Зеңбірек атып жан-жақтан,
Осылай соғыс басталды.
Соғыс деген қайдан шықты,
Авторы кім алғашқы?
Есіл адам, есі кетіп,
Оған несін жармасты?!
Бүкіл адам тарихының бетін неге қан басты?
Соғыс деген — аққан соры ақсүйектің, құлдың да,
Соғыс деген — төккен ары ұлдың және қыздыі да.
Соғыс деген — Сотқарлардың қолындағы найзасы,
Соғыс деген — соғыс деген — зұлымдықтың айнасы.
Қиылды,
Қанаты тәтті арманның.
Үзілді қайырмасы бақтарда әннің.
Әлемде еі сұмдық күн ана үшін —
Майданға азаматтар аттанған күн.
Бұлт басты,
Ашық сәні қашты аспанның.
Жоғалсын заты бұлай бас қосқанның.
Анаға ең ауыр күн тіршілікте —
Боздап кеп,
Боздағымен қоштасқан күн.
Қайғыдан кәрі таулар қап-қара боп,
Жеткізді жерге дейін қайың басын.
Көрініс:
«- Неміс басқыншылары Ленинградты қоршап алды. Сыртпен байланыс үзіліп, 90 тәулік қала қоршауда тұрды. Ладога көлінен өтетін бір ғана соқпақ арқылы кең байтақ Кеңестер Одағынан жиналған азық-түлік, киім-кешекті бораған оқтың астынан амалдап өткізіп, қала тұрғындарына жеткізілді.Содан бұл соқпақ-«өмір жолы» деп аталып кетті.
Қазақстан тез арада –осы- «өмір жолы» соқпағымен ленинградтықтарға ұзын саны 140 вагоннан тұратын, екі теміржол составын жасақтады. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті бұл сәлем-сауқатты оларға Жоғарғы Кеңестің Төрағасы Әбсемет Қазақбаевтың бастап баруын ұйғарды. Сыйлыққа қоса Қарағандының № 31 шахтасының кеншісі Түсіпов өз атынан хат жолдады. қоршауда қалған қала жұртшылығына моралдық күш беретін, рухын көтеретін бір сәлем сөз арнау кетпейқойды. Бұл ойымды Орталық Комитеттің отырысында айтып едім, көпшілік қолдады. «Сөз анасы –сәлем» демей ме қазақ, сол асыл сөзді кімге жаздыруды ойлаған кезде аузыма Жәкең-Жамбыл Жабаев түсті.
Содан Орталық Комитеттің тапсыруымен 1941 жылдың күзінде қасыма ақындар Әбділда Тәжібаев, Ғали Орманов, тағы да біраз адамдарды ертіп Жәкеңнің аулына келдік. Бір топ адам сау етіп ертемен келгенге ауыл адамдары елеңдесіп қалды. Онсыз да соғыстың суық хабары жүректерін шайлықтырып қойған ғой. Жәкең ауыл сыртында ат үстінде жүр екен. Бәріміз сол кісіге қарай жүрдік.Амандық, саулықтан соң келген мақсатымызды айттық, жеткіздік. Жәкең біздің сөзімізді ат үстінде отырып тыңдады да, үнсіз қалды. Бір мезетте еңсесін көтеріңкіреп, қызылға түсер қырандай қомданып, қапталда жатқан ақ басты Алатауға қарап қойды да, ишарамен «үйге жүріңдер» дегенді білдіріп, өзі жол бастады.
Қашанда да қонаққа жаюлы тұратын Жәкеңнің мол дастарханы,оның айналасына бәріміз жайғастық. Жәкең төрде ілулі тұрған домбырасын алдыртып, шанағын қағып-қағып жіберді. Әдетте қарт жыраудың жырды нөсерлетіп төгіп-төгіп жіберетін, бір сөзін екінші рет қайталамайтын қасиетін білетін ақындарымыз қағаз бен қаламдарын алып, аңысын аңдып дайын отыр. Жәкең жырын бастады, ол қағазға түсіп мәңгілік дүниеге айналып жатты…
Келген мақсатымыз орындалып, кіші бесінде Алматыға олжалы оралдық. Қуанышымыз шексіз.
Тез арада Жамбыл ақынның «Ленинградтық өренім» өлеңін орыс ақындары аударды. Артынша қарағандылық кеншілер хатын, Жамбыл өлеңін, республика жұртшылығы жинаған сәлем-сауқатты алып Қазақстан өкілдері Ленинградқа жүріп кетті.
Жәкеңнің өлеңі көп кешікпей Бүкілодақтық радио арқылы оқылды, сан мәрте плакат болып басылып, қала көшелеріне ілінді. Сол кезді көзімен көрген көрнекті орыс жазушысы, публицист Всеволод Вишневский «Правда» газетіне былай деп жазды:
«…қалаға тез тараған плакаттан Жамбыл ақынның «Ленинградтықөренім» өлеңін оқығанда барлығымыз көзімізге жас алдық. Жылап тұрып қайта- қайта оқыдық. Қазақ халқының достығы мен сүйіспеншілігіне шексіз риза болдық. Алыста жатса да арқа сүйер тірегіміз барына қуандық.».
-Міне «Ақындар атасы» атанған Жәкең өлеңі тоңғандарды жылытты, қажығандарға әл берді, зұлым жауға қарсы бітіспес күреске шақырды. Соғыс түнегіне көмілген ұлы қаланың зеңгір аспанында найзағайдай ойнап, қыспаққа алған жауға сес көрсетті…».
Қаншама қиын- қыстау кезең болса да, совет жауынгерлерінің жігері мұқалмады. Олар осындай қиын кезеңдерде де, бір уақыт бір- біріне қолдау көрсетіп отырды. Мұның куәсі ретінде жауынгерлердің «Катюша» әні бәрімізге танымал.
«Катюша» биі
Білеміз сұм соғыстың кезеңдерін,
Сел болып аққан қанның өздерін.
Елімді, Отанымды олжалауға,
Жау оғы жан ұшырып кезенгенін.
Көтердік сол соғыстың зардаптарын,
Қайғылы, қатерлі кез салмақтарын.
Елімнің бақыты үшін шеит болған,
Аяулы ардагерлер, саңлақтарым.
Төрт жыл бойы жел соғып, дауыл келді
Қала көрді, қиындық ауыл көрді
Жеңіс! Жеңіс! Әке мен оның ұлын,
Кездестірмей қойғаның ауыр болды.
1945 жылдың 30 сәуірінің кешінде 6 сағат 30 минутта Жеңіс туы тігілді. Ту тіккен — Рақымжан Қошқарбаев. 4 жылға жуық созылған қан төгіс аяқталды. 9 мамыр — Жеңіс күні. Бірақ бұл жеңіс оңайлықпен келмеді. КСРО-ның 1710 қаласы күл талқан болды. 70 мыңнан астам село мен деревняны өрттеп жіберді. Қаншама ана баласыз, қаншама бала әкесіз қалды. Соғыс даласынан 20 миллионнан астам адам қайтқан жоқ, ал соның ішінде 350 мыңы қазақ болатын.
Иә, соғыс өзінің сұмдықтарын бүгінгі күнге дейін ұмыттырар емес. Ұлы Отан Соғысының жеңіспен аяқталғанына міне 71 жыл болды. Бірақ, сол жылдар жаңғырығы адамзат жүрегін әлі сыздатуда. Иә, уақыттың тарихы атты өз төрешісі бар.
Иә аспанымызда Жеңіс туы желбірегеніне — 71 жыл. Соғыс өрті өшіп, қайғы мұңнан арылып, бейбітшілік орнап, бақыт гүлін тергенде —71жыл.
Мұғалім: Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы құрамындағы халықтар үшін басына түскен сын кезең болды. Осы сыннан халқымыз мүдірмей өтіп, әлем алдында беделі асқақтап, биік шыңдардан көріне білді.
Жауынгерлеріміздің бірлігі, асқақ рухы арқасында Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталып, еліміз бейбіт өмірге көшті.
Хормен: «Ұлы Жеңіс жасасын!»
хор: «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген»
7- оқушы:
Сөзімізді Мұхтар Әуезов ағамыздың сөзімен түйіндейік: Біз күреспен алған бостандығымызды, еңбек сіңірген жерімізді, өзіміз орнатқан бақытты өмірімізді, озғын мәдениетімізді бүкіл езілген жанның көзін тіккен шаруашылығындай ұлы Отанымызды аянбай қорғаймыз. Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды. Келіп қатысқандарыңызға Рахмет