Бой түзеу, ой түзеу

Автор публикации:

Дата публикации:

Краткое описание: ...








Бой түзеу – әуелі ой түзеу



Мұғалім:

Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Бүгін біз үшін ерекше сабақ болғалы тұр, өйткені сабағымызға көптеген конақтар келген екен. Мен бүгінгі сабақта сәттілік тілеймін.

Бүгінгі біздің өтейін деп отырған ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы – «Бой түзеу – әуелі ой түзеу»

Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын келген қонактармен таныс болайық:



Мақсаты:

Баларды сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу, үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, озық ойлы оқушы болуға тәрбиелеу, білімді, жан-жақты болуға үйрету; оқушылар білімін сынау, білуге, үйренуге, бойларыңда қандай қасиеттер болу керек, неге бейімделу керектігі жайлы ойларынды білу, ой бөлісу, қызығушылықтарынды арттыру, дарынды, мектептің мақтаны болуға тәрбиелеу.



Көрнекілігі: ДК, интерактивті тақта, слайд түрлері, бейнематериалдар



Барысы:

Жоспары:

  1. Таныстыру .

  2. Сұрақ-жауап

  3. Құрастыру

  4. Тіл өнері

  5. Көрініс

  6. Мағына тану

  7. «Жалғастырып көр»

  8. Қорытынды

Осы тәрбие сағатына орай сендерді алдын ала үш топқа бөлеміз, яғни бүгінгі тәрбие сағатында топ бойынша жұмыс жасаймыз. Топтық жұмысымызды бастамас бұрын тақырыпқа сай шағын кіріспе сөзге назар аударайық. (Бейнефильм)

Балалар, құстың балапаны жұмыртқадан шайқалып шығып, үсті-басы кеуіп өзіне-өзі келген сәтте серпіліп, қанатын қомдап, ұшуға талпыныс жасайды. Әлсіз қауырсыны талып, денесін тепе-теңдікке ұстай алмай бірнеше рет құлап та қалады.

Адамның өмірге келуі, оның алғашқы тәй-тәй қадамы да осыған ұқсас.

Сендер сәбилік, балалық шақты, алғашқы мүшелді артқа салып, жасөспірімдік шаққа келіп жеттіңдер. Күннен күнге бойларың да, ойларың да өсіп келеді. Айнаға қарап, бойларыңды түзеп, қыздар бойжеткен, ұлдар бозбала санатын құра бастадыңдар.

Алайда алдарыңа қойған басты мақсат – білім шыңына талпыну.

Осы мақсатпен тұңғыш рет үйден ұзап шығып, өз бетінше әрекет етуге бет бұрасыңндар. Әрине, алғашқыда түрлі қиындықтар кездесуі мүмкін, сендер ондай қиындықтарды мойымай жеке білулерің керек.

1 Таныстыру( өз тобын таныстыру)

2 бөлім: Сұрақ-жауап

«Кедергі жағдайлар мен шығармашылық тапсырмаларды шешу»

(ұяшықтардағы жасырын сұрақтарды таңдап, қойылған сұраққа жауап беру)

Сұрақтар

1.Сенің ойынша әдептілік деген не?????

2.Жолда келе жатырсың, жолдан өте алмай тұрған карт адамды көрдің не істейсің?

3.Досыңмен сөзге келіспей қалдын арада 3 күн өтті бұдан кеш қалсаң достығынды бұзуын мүмкін

4.Бес дұшпанды атаңыз??????

5.Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес,кімнің нақыл сөзі???

6.Жасөспірім бала неше жастан бастап қылмыстық іске тартылады????

7.Тәрбие мен білімнің ордасы ???

8.Екі адамның бір-біріне деген адалдығы??

9.Қазақстанда қандай білім алуға міндетті??

10.Бес асылды ата???

11.Мұсылманның бес парызын ата??

12.Үш қуаныш деген не???

13.Балаға кім сыншы??

14.Үйде кім, елде кім қадірлі??

15.18 жасқа толмаған бала ???

16.Бейнесұрақ.

3 бөлім: «Құрастыру»

(««ынтымақтастық»» сөзінен бірнеше сөз құрап шығу керек)

4 бөлім: «Тіл өнер»

(әр топ мақал-мәтелдерді жалғастырып, берілген сөзді үш тілде айту)

5 бөлім: «Үй тапсырмасы»

(көрініс «Мектептегі оқиғалар»)

Мағына тану

Абай сөздері

«Шен-шекпенге жасыңнан

Құмар болма» депті Абай.

«Милары жоқ масылға,

Сыңар болма» депті Абай.

«Бүкіл абзал адамның

Баласы бол» депті Абай.

«Атаң менен анаңның

Панасы бол» депті Абай.

Өсиетін Абайдың

Орындап жүр кім қалай?

А [pic] бай атамыздың қалдырып кеткен өсиеттерін кім қалай түсінеді? Сол бойынша пікір алмасып көрсек.

[pic] [pic]

[pic]

[pic] [pic]

[pic] [pic]

[pic]



Жауабы: шыдамдылық, қайырымдылық, білімділік, отансүйгіштік, сыйластық, еңбекқорлық, мәдениеттілік, адамгершілік.



  • Әрі қарай тәрбие сағатымызды «Жалғастырып көр» ойынымен жалғастырсақ.

  1. Әрбір адамға білім керек, өйткені ......

  2. Менің сыныптастарыма немесе досыма тілегім.....

Оқушылар дайындалып, әр топ өз ойларын ортаға салады.

8 бөлім: Қорытынды.

Талмасын қанат, сөнбесін үміт,

Армандар алға жалғансын.

Соқса да дауыл, өрт болып өмір,

Қанаттар балғын талмасын, - деп бүгінгі ашық тәрбие сабағымызды аяқтаймыз. Тыңдағандарыңызға рахмет!



Мұғалімнің қорытынды сөздері.