Дүниетану 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Отбасының берекесі
Сабақтың мақсаты: Білімділік:отбасын қоғамның бір бөлігі ретінде қабылдап, оның ерекшеліктерінен хабардар ету. Отбасы мүшелеріне деген құрмет пен сүйіспеншілікке баулу. Қ.Р. Конституциясының 27 – бабымен таныстыру.
Дамытушылық: оқушылардың ой – өрісінің дамуына жағдай жасау. Ойын, тілін, танымын дамыту.
Тәрбиелік: отбасын құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушыларға адамгершілік тәрбие беру.
Сабақтың типі: әңгімелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, әңгімелеу,өздігінен іздену.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, слайдтар.
Сабақтың барысы:
Психологиялық дайындық:
Әкем, анам – қамқорым,
Көздерінің нұры біз.
Ағатайым екеуміз
Өмірінің гүліміз
Біз де аянып қалмаймыз
Екі етпейміз айтқанын
Гүлдерді де баптаймыз
Тазалықты сақтаймыз.
-Үйге қандай тапсырма берілді ?
(Слайд)
«Жануарлар неліктен құрып кетеді»
Мәтіннің мазмұнын сұрау.
Мәтін бойынша сұрақтар қою
Қызыл кітап деген не?
Онда қандай жануарлар мен өсімдіктер жайлы жазылған?
Не үшін жануарлар жойылып кетеді?
-Жануарлар тарауын аяқтадық.
Жануарларға байланысты сұрақтар қойып, тарауды қорыту.
1.Жануарлар топтарын ата.
2.Өрмекшілер қандай болады?
3.Қарақұрт қайда болады,адамға несімен қауіпті?
4.Жауынқұрт қалай тіршілік етеді?
5.Ұлудың құрылысы қандай?
Дүниетану оқулығынан нені оқып үйренеміз?
-
Табиғат нешеге бөлінеді?
Тірі табиғатқа нелер жатады?
Неге бұларды тірі табиғат дейміз?
Жануарлар мен адамдардың айырмашылығы қандай?
Отбасы дегеніміз не?
Отбасы қалай пайда болады?
Отбасы мүшелерінің қарым – қатынасы қандай?
(слайд)
Біздің бүгінгі өтетін сабағымыз- Отбасының берекесі
1.мәтінді оқу;
2.іштей оқыту;
3.сөздік жұмысы;
4.тізбектеп оқыту;
5.азат жолдан.
-Мәтіннің ішінен мақалды тапқызып талдату.
Сергіту сәті: (отбасына байланысты мақалдар айтқызу)
Мәтін бойынша сұрақтар.
Дәптермен жұмыс: (слайд)
1 – қатар:Отбасылық міндеттер.
2 – қатар.Менің отбасым.
3 – қатар.Сенің отбасыңда қандай дәстүрлер сақталады
Мақалдардың мағынасын ашу
Жалқаудың ертеңі таусылмас
Қойдың семіз болуы қойшыдан
Қарға баласын «аппағым» дейді,
Кірпі баласын «жұмсағым» дейді.
Қорытынды: Жасаған альбомдармен жұмыс