Баян Мурынбаева,
№187 М.Шоқай атындағы қазақ орта мектебінің мұғалімі,
Қызылорда қаласы.
Құрметте жеңістің ерлерін!
Мақсаты: Ұлы Отан соғысына қатысқан ерлердің,батырлардың ерлігін дәріптеу,
құрметтеу.Жеңіс күнін атап өту,батырлардың есімін есте сақтау.
Ардагерлерге ән,өлең арнау.
Көрнекілігі: іс-шара тақырыбы,слайдтар,шар.
Барысы:
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
1-жүргізуші:
Армысыздар,көрермен,асыл қауым!
Жеңістің 71 жылдығына бұл арнауым.
Ешкім де ешқашан да ұмытылмайды,
Даңқы бабалардың жеңген жауын.
Қол соғып,қошеметпен қарсы алыңдар,
Тілейік батыр ата аман-сауын.
2-жүргізуші:
Сұрапыл соғыс өртінің,
Сөнгеніне биыл жетпіс бір жыл.
Кеудесін оққа төсеген,
Жеңімпаз қарт атам жүр.
Соларға арнап мен бүгін,
Жеңіс жайлы айтам жыр.
1-жүргізуші:
Елестеп өткен алдымнан,
Жаралы жылдар бейнесі.
Аталарымды мақтан тұтамын,
Даңққа толы кеудесі.
Отанын қорғап қалды атам,
Сәттерде ауыр ерге сын!
2-жүргізуші:
«Қазақ биі» қыздар би билейді.
1-оқушы:
Май туса,шешек атып гүлдер өссе,
Ілескен біз қазақпыз ұлы көшке.
Отаным бейбіт күнге оранады,
Шарықта өмір сүріп ерте-кешке.
«Бейбітшілік жыры» әні орындалады.
Көрініс:
2-оқушы:
Сөйлеп тұрған Москва,
Сөйлеп тұрған Москва,
Сөйлеп тұрған Москва!
3-оқушы:
Бүгін жау жайсаң жатқан жерімізге,
Бейбітшіл бауырласқан елімізге.
Төтеннен,тұтқиылдан басып кірді,
Мақсаты ойрандамақ төрімізде.
4-оқушы:
Жас қазақ,аттанамыз елді қорғап,
Бұлтты біз серпеміз тұрған торлап.
Фашистті иттей қылып басқа теуіп,
Отанды жауыз жаудан қалам қорғап.
«Сарбаздар сазы» би
5-оқушы:
Басқарған Қазақстан дивизиясын,
Жинаған жасауылға ылғи жасын.
Пафилов қолбасшымыз әскер басы,
Ішінде Бауыржандай жас лашын.
6-оқушы:
Қол бастап Момышұлы Бауыржаны,
Қасында Қазақстандық бауырлары.
Мәскеуді кеудесімен оқтан қорғап,
Тоқтатып жауды жеңіп саурлады.
Бәрі: Ура! Ура! Ура!
7-оқушы:
Мен батыр әрі ғалым Мәлік едім,
Ғабдуллин есмімен мәлім едім.
Мейірімсіз жауды қуып Москвадан,
Фашистің түк қалдырмай бәрін жеңдім.
8-оқушы:
Шығыстың ұлы Тоқтаров Төлегенмін,
Қазақты ерлік жырға бөлегенмін.
Уралап мұрттай ұшып түскен кезде,
«Жас қазақ» әнін шырқап егелендім.
9-оқушы:
Батыр қазақ біл Қизатов Жәлелді,
Ерлігімен тәнті еткен әлемді.
Есімін лайықты есте сақтап,
Біз айтамыз ерлік жайлы өлеңді.
10-оқушы:
Халқының батыр ұлы Нағи Илиясов,
Көрген жауды кетеді құты қашып.
Берлинге ту қадаған Рақымжанмен,
Бір полкте соғысқан қолтықтасып.
11-оқушы:
Ерлігі аңыз болған бір басына,
Махамбетов Жақыпбек тұр осында.
Батырлар қаламызда тағы бар,
Бас иеді Жаппасбаев пен Журбасына.
12-оқушы:
Қазақтың батыр ұлы Қасым тағы,
Қайсеновпен жау кеудесі басылады.
Украина орманы туған үйі,
Фашистің берекесін қашырады.
13-оқушы:
Қазақтың батыр қызы – Әлиясы,
Ерліктің таусылмайтын дариясы.
Мәншүкпен екі батыр жауды жеңіп,
Жыр болды өмір жайлы ариясы.
«Әлия» әні орындалады.
14-оқушы:
Жауына таптатпаған төрімзді,
Әнге қостық батыр мен ерімізді.
Халқымның батыр туған ұл-қыздары,
Қорғады фашистерден жерімізді.
15-оқушы:
Халық едік бауырласқан орыс,қазақ,
Украин,беларус болды азат.
Өзбек,қырғыз,молдаван,татар,башқұрт,
Бірлікті бір кісідей көрсек те азап.
«Катюша» әні орындалады.
16-оқушы:
Қолбасшы жеңілмейтін Сталиндер,
Бір сөзді әділ басшы ұстанымды.
Халықтар достығының ұйтқысы боп,
Есінде тарихтың мәңгі қалды.
17-оқушы:
Бүкіл халық қарғады Гитлерді,
Қарғыспен қасиетсіз ит өледі.
Қарғысы халқымыздың оқ боп тиіп,
Белгілі шұңқырында үйітілгені.
18-оқушы:
Май келді,мамыр келді,Жеңіс келді,
Жеңіс,Жеңіс,Тыныштық тегіс келді.
Тыныштықты елге алып оралғандар,
Бақытты тойға ұласты ел үсті енді.
19-оқушы:
Не құрыса қанды соғыс құрысын,
Жаса мәңгі бейбітшілік ырысым.
Бәрі:
Жаса мәңгі бейбітшілік ырысым,
Не құрыса,қанды соғыс құрысын.
«Ақ көгершіндер» әні орындалады.
4