Қыз сыны сценарий (Көктем аруы)
Жүргізуші: Құрметті жиналған қауым!
Бүгін біздің мектепте дүбірлі той,
Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.
Жырдан шашылсын, күй күмбірлеп,
Қош келдіңіз халайық, сергісін бой.
Бүгінгі «Көктем аруы -2015» атты арулар сайысына қош келдіңіздер.
«Көктем аруы- 2015» байқауын тамашалауға келіп отырған қонақтар, құрметті ақ жаулықты аналар, әжелер, қыз-қызғалдақтар,қадірлі ұстаздар сіздерді қар астынан қылтиып бой көтергенде, көктемнің алғашқы хабаршысы болған,8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз.
Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі,
Тал бойына жарасқан күлкі әлемі.
Бір көргенде болмай-ақ сахнада,
Өмірде сақталсыншы ұлт әдебі.
Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
Аруы деп мектептің жүрейікші.
Әділқазыларға тек әділдікті,
Ал аруларға сәттілік тілейікші
Енді ару қыздарымызды ортаға шақырайық.
1. 3-Б сыныбы:
2. 3-В сыныбы:
3. 3-Г сыныбы:
5. 4-Б сыныбы:
6. 4-В сыныбы:
7. 4-Г сыныбы:
Жүргізуші: Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдікпен шындықты арқа тұтқан,
Әділқазы алқасымен танысайық:
Сайысымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар.
1. Таныстыру
2. Білгенге маржан (сұрақ-жауап)
3. Өз өнерін көрсету
4. Сән үлгісі-2015
5. Үй жұмысы (бисерден бұйым жасау)
I кезең.Таныстыру
Гүл көңілің қуаныштан өрілді,
Жанарыңнан жалын нұры төгілді.
Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,
Көпшілікке таныстыршы өзіңді.
( әділқазылар алқасының бағаларын білу)
II кезең. Білгенге маржан (сұрақ-жауап)
Жас ару жас ғұмырдың талғамысың ,
Қуантқан әрбір үйдің арманысың.
Дәл бүгін қанат қомдап, сыналарда,
Сан сұрақтан сүрінбей, самғап ұшқын.
( әділқазылар алқасының бағаларын білу)
III кезең өз өнерін көрсету.
Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреулер ән салыпты.
Бүгінгі қыз сынынан бәйге алуға
Арулар аянбай-ақ жан салыпты.
( әділқазылар алқасының бағаларын білу)
IV кезең. Сән үлгісі
Ал,халайық ықыласпен демейік,
Арулардың сән үлгісін көрейік.
Сыры менен сымбатына қарап біз,
Әділдікпен бағаларын берейік.
V кезең. Үй тапсырмасы (бисерден бұйымдар)
Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,
Кілемге біреулері өрнек сапты.
Терме ұстап, енді бірі ши ораса,
Оюдан түйін түйіп тамсантыпты...- дей отыра сайысымыздың соңғы кезеңі қолөнерге кезек берейік. ( әділқазылар алқасының бағаларын білу)
Жүргізуші: «Қыз –ұлттың жаны» демекші,ата-аналардың аяулысы, құрбы-құрдастарыңыздың қадірлісі мен қымбаттысы , даламыздың гүлі, өміріміздің сәні бола беріңіздер.
Өнеріміз сайыста,
Жетелейді алысқа .
Бүгінгі күннің жеңісі,
Достық болып қалуда.
Сіздердің көктемдеріңіз ешқашан таусылмасын, ал жүректеріңіз жағымды еске алулардан әлсіресін! Сіздің араңызда, іскер әйел санайтын біреу болса, ол өзіне нағыз Көктемді – махаббатты сыйласын және оны алатын болсын. Бақыт, Денсаулық, Бейбітшілік, Үйлесімділік және Қайырымдылық тілейміз! Жыл бойы осы бір көктемгі мерекелік көңіл-күйден арылмағайсыз! Сіздің жүрегіңіз тек қана жылылық пен нәзіктікке толсын!
Баршаңызды наурыз мерекесімен құттықтай отырып, құт –береке тілей отырып, сайысымызды аяқтаймыз.