Ата –аналарға арналған кеңес сабақ
Пәні: ҚАЗАҚ ТІЛІ, МАТЕМАТИКА
Көрнекіліктері: слайд, қима суреттер.
Кеңестің ұзақтығы: 20 минут
Тақырыбы: 2-сынып бойынша оқушылардың жұмыс дәптерлеріне қойылатын талаптар
Мақсаты: Жұмыс дәптерлеріне қойылатын талаптармен таныстыру.
Жазаба жұмыстары арқылы оқушылардың сауаттылығын арттыру.
Жазба жұмыстарында жіберілген қателерімен жұмыстануға дағдыландыру.
Барысы:
«Өрмекші торы» тренинг.
Ата-аналар шеңбер жасап тұрады. Өрмекші торын құра отырып бір-біріне тілектер айтады.
Топпен жұмыс
2-сынып бойынша оқушылардың жұмыс дәптерлеріне қойылатын талаптарды талқылау.
1-топ (достық)
Математика пәні бойынша:
1.Күннің жады 11 торкөз тасталынып, 12 торкөзге «12-қазан» деп көрсетілуі керек.10 торкөз тасталынып, «Сынып жұмысы» деп жазылады. 8 торкөз тасталынып, тақырып мысалы: «Үлес» деп жазылады.
2.14 торкөз қалдырылып, 5-мысал деп нөмірленеді.
3. Әр баған арасына 4 торкөз, әр тапсырма арасы 2 торкөз тастап жазу керек.
4.Үй тапсырмасы мен сынып жұмысы арасында 4 торкөз тастап жазылады.
5. Бақылау жұмысы бір бағамен бағаланады.
2-топ (сыйластық)
Қазақ тілі пәні бойынша:
1.Күннің жады сөзбен үш саусақ тастай отырып «Он алтыншы қазан» деп жазылады.
2.Үй жұмысы мен сынып жұмысының арасында 2 жол тасталынады. Үүйге берілген тапсырма үй жұмысы деп көрсетіледі.
3.қазақ тіліндегі тапсырмалар, талдау жұмыстары қарындашпен толтырылады.
4. жазба жұмысында 2 баға түсіріледі.
Жұмыс дәптерлерінің сырты толық толтырылады. Ақ бетпен және дәптер қаппен қапталады.
Сынып оқушылары «Сүйікті іс» тақырыбында диктант жазады, ол диктантты кеңес сабақта ата-аналары тексеріп төмендегі бағалау мөлшері бойынша өз балаларын бағалайды, талдайды.
Диктант жұмысын бағалау мөлшері.
«5» - Қатесі жоқ. Жазуы көркем, таза, анық, каллеграфиялық нормаға сай. Түзету саны екіден артық емес.
«4» Емле қатесі -2, тыныс белгі қатесі – 2: жазу көлбеулігі сақталмаған, әріптер биіктігі әртүрлі.
«3» - 2-3 емле қатесі, 2-3 тыныс белгі қатесі бар. (|4 емле, 2 тыныс белгі не 5емле, 1 тыныс белгі) жазу көлбеулігі сақталмаған, әріптер дұрыс таңбаланбаған, әріптер биіктігі әртүрлі.
Кері байланыс: Не үйрендім?
Нені ескеруім тиіс?
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ: Жұмыс дәптерлеріне қойылатын талаптарды ескере отырып, тазалыққа, сауаттылыққа үйрену.